БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі > Жоба

 
 
Бос жұмыс орындар жәрменкесі 19.07.2017

     

       2017 жылы 11 шілдесінде Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ, Іле ауданы жұмыспен қамту орталығы СҚО және Қостанай облысы өкілдерінің қатысуымен бос жұмыс орындар жәрменкесін өткізді.

         Бұл өңірлерге қоныс аудару  мақсатында Облыс өкілдері ауданымыздың  жастарына және жұмыссыз азаматтарға, өзін жұмыспен қамтыған азаматтарына 200 ден астам  бос жұмыс орындары ұсынылды.

         Жәрменкеге Ақсу, Алакөл, Балхаш, Ескельді, Қаратал,  Кербұлақ, Сарқанд және Талдықорған қаласы жұмыспен қамту орталығының директорлары мен мамандары барлығы 23 адам,  ауылдық округтерден 320  жуық жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған, жастар қатысты.

         Жәрменке нәтижесінде 10 отбасы қоныс аударуға ниет білдіріп, олармен  аталған облыстардың өкілдері түсіндірме жұмыстары жүргізілді.