
«Нұр Отан» Алматы облыстық филиалының желілік кестесіне сәйкес «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Іле ауданында мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұрғылықты мекен жайларына барып жұмыспен қамту мақсатында ақпараттық топ мүшелерімен түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Іле ауданында 5445 адам немесе жалпы халық санының 2,8% құраса, олардың ішінде жұмысқа қабілеттілер саны- 2430, І және ІІ топ мүгедектер саны-1355 адам, соңғы «Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ соңғы мониторингілеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 1310 мүмкіндігі шектеулі тұлғалар өзін – өзі, не болмаса жұмыспен қамтылған.
Бұндай көрсеткіштер Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту» туралы заңының 27 бабын басшылықа ала отырып, Аудан әкімі, партия филиалының төрағасы Қ. Медеуовтың қолдауымен аудан әкімдігінің « Мекемелердегі жұмысшыларының, қызметкерлерінің 2% - 4 % мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс орындарының квотасы» туралы 2017 жылдың 12 қаңтарындағы № 11 Қаулысының жұмыс беруші мекемелерге түсіндіру жұмыстарының жемісі.
Бүгінгі Алматы облысы бойынша өтіп жатқан іс-шараға жауапты мемлекеттік мекемелердің басшылары, БПҰ қызметкерлері, Облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, әлеуметтік қызметкерлер, қоғамдық бірлестік мүшелері, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері және жұмыс беруші мекемелерінің қызметкерлері қатысып ат салысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.


|