БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі > Жоба

 
 
Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар  және кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған
немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру
ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру
үшін квота белгілеу туралы Қаулысының жобасы
17.10.2016

ЖОБА 

 

 

 

 

 

Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған

адамдар үшін, сондай-ақ бас

бостандығынан айыру орындарынан

босатылған адамдар  және кәмелеттік жасқа

толғанға дейін ата-анасынан айырылған

немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз

қалған жастар қатарындағы білім беру

ұйымдарының түлектері болып табылатын

азаматтарды жұмысқа орналастыру

үшін квота белгілеу туралы

 

          «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына  сәйкес, Іле  ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

          1. Іле  ауданы бойынша пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2. Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айтенова Жумакул Смаиловнаға осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

          3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары    Құматаев Нурлан Орынбасарұлына  жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш  ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

  Аудан әкімі                                                        К.Медеуов