БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі > Жоба

 
 
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы Қаулысының жобасы
17.10.2016

ЖОБА

 

 

 

 

 

Мүгедектерді жұмысқа 

орналастыру үшін

жұмыс орындарына квота

белгілеу туралы

 

          «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына   сәйкес, Іле ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

          1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.

2. Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айтенова Жумакул Смаиловнаға осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

          3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары    Құматаев Нурлан Орынбасарұлына  жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш  ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

  Аудан әкімі                                                        К.Медеуов