БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі > Жоба

 
 
Іле ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын
өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы шешімінің ЖОБАСЫ
15.11.2016

ЖОБА

 

Іле ауданында мүгедектер

қатарындағы кемтар балаларды

жеке оқыту жоспары бойынша

үйде оқытуға жұмсаған шығындарын

өндіріп алу мөлшерін және тәртібін

айқындау туралы

 

 

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты                ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.     Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға  жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

2.     Келесі тәртіп айқындалсын:

1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;

2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың        ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;

3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады:

өтініш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;

алушының жеке басын куәландыратын құжат;

тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);

психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысы;

«медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

банкте шоттың болуы туралы құжат;

Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы;

4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген кезеңге тоқсан сайын төленеді;

5) алғашқы тағайындалған жағдайда оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтiнiш берген күннен бастап төленеді.

3.Іле аудандық  мәслихатының 2014 жылғы 10 қарашадағы «Іле ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 39-185 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  2014 жылдың 27 қарашасындағы        № 2929 тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2014 жылдың 5 желтоқсанда  № 50 (4581) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. «Іле аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Ж. Айтенова) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін. 

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                                              Іле аудандық мәслихат                               Іле аудандық

                                                          сессиясының  төрағасы                              мәслихаттың  хатшысы

 

 

                                                          ___________С. Нұрғисаева                       ______________Р. Абилова