БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі > Жоба

 
 
«Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата – аналар үшін психологиялық көмек көрсету және консультация беру онлайн қолдау қызметі» 15.06.2017

 

Іле ауданында 750-ден аса мүгедек бала тұрады. Негізінен олар психологиялық көмек пен оңалту жұмыстарына мұқтаж. Бұл балаларға аранайы Боралдай, Өтеген батыр кенттері және Жетіген ауылында психолог, дефектолог, логопед, сурдопедагог білікті мамандары жұмыс жасайтын сауықтыру кабинеті бар. Осы мамандардың жұмысының арқасында көптеген балалар жалпы білім беретін мектептерге, балабақшаларға және басқа да үйірмелерге баратын болды. Сондай – ақ, біздің мамандар әр баланың өзіндік дербес өзгешеліктерін ескере отырып жұмыс жасайды.

         Қазіргі таңда мүгедек балаларды тәрбиелеуге жәрдемдесу үшін арнайы «Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата – аналар үшін психологиялық көмек көрсету және консультация беру онлайн қолдау қызметі» қызмет атқаруда.

         Қызметтің басты мақсаты мүгедек балалар тәрбиелеп отырған тұлғалардың психологиялық тұрғыдан денсаулығын сақтау, отбасында әлеуметтік-психологиялық жағынан қолайлы жағдай орнату және психологиялық көмек көрсету болып табылады.

         Аталған қызметтің жұмысын ЗТЖМО мен МЕББМ «Қазақстан –Ресей медициналық университетінің» қолдауымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі ұйымдастырды.

         Қызметтің жұмысы «SKYPE» бағдарламалық жасақтама көмегімен, интернет желісің қолдана отырып атқарылады. Онлайн қолдау қызметінің жұмыс уақыты арнайы бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жасалып, мүгедек бала тәрбиелеп отырған әрбір ата – ана үшін ашық, қол жетімді.

         Онлайн қолдау көрсету қызметі ОПМПК қасындағы «Қуат» ықшам ауданы, Облыстық балалар ауруханасының ғимаратында Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде орналасқан. Ақпарат алу үшін 8-727-52-2-30-90 нөмеріне хабарласуға болады.   

 

     

 

 

 

 Бөлімше меңгерушісі

Сафарова Мақсат Муктарханқызы