БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 

 
 
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы қаулының ЖОБАСЫ
14.02.2019

 

ЖОБА

 

Мүгедектерді жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
 

         «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекс» 2014 жылғы 3 шiлдедегі 18- бабының 1 тармағының 2 тармақшасына және  «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына,  «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 тіркелген), Іле ауданының әкімдігі   ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

          1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға үшін жұмыс орындарына  қосымшасына квота белгіленсін.

2. «Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдык мемлекеттік мекемесі пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды белгілінген квота бойынша жұмысқа орналастыруын қамтамасыз етсін.

         3. Іле ауданы  әкімдігінің 2017 жылғы 12 қантардағы  №12 «Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды,  ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,  білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар атарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылы 1 ақпанда №4087 тіркелген және аудандық «Іле таңы» газетінде 2017 жылдың 10 ақпанында №7 (4698) жарияланған ) қаулысының күші  жойылды деп танылсын.  

          4. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік сала бойынша аудан әкімінің орынбасары  жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған  күнінен кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Іле ауданының  әкімі                                   Б. Қарасаев