БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі > Хабарландыру
 

 
 
Іле ауданы бойынша 1 қазан 2017 жылғы қарттар мен мүгедектер күніне
өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
13.10.2017

 

Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  жалғыз басты қарттарға және мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңына, ҚР Денсаулық сақтау және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурызындағы 165 бұйрығының 3-қосымшасы Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы  әлеуметтік  қызмет көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік медициналық, әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік экономикалық, әлеуметтік психологиялық, қызметтерді жүргізуде.

Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Халықаралық қарттар күнінде  өткізілген іс-шаралар туралы төмендегідей мәлімет береді:

Қарттар мен мүгедектер күнін мерекелеу туралы жұмыстар жоспар  бойынша құрылып қыркүйек айында жиын өткізіліп, әр ауыл кенттік округтерде комиссия құрылды.

Жыл сайын өткізілетін бұл шараға ауданымыздағы барлық қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жеке кәсіпкерлер осы қарттар мен мүгедектер күніне арнап бұл жылда  әлеуметтік тұрмыстық материалдық көмек көрсетуден шет қалмады.

18 қыркүйектен бастап қарттар күніне мектеп оқушылары қарттарға аулаларды тазалауға, көкөніс жинауға, қысқа отын дайындауға және тағы басқа да әлеуметтік көмектерге қол ұшын берді. «Жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» және Аудандық аурухананың медециналық әлеуметтік қызметкерінің қатысуымен,  ҰОС және тыл ардагерлеріне, жалғыз басты  жандар және мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулықтарымен, хәл ахуалдарына медициналық  және тұрмыстық жағдайына рейд жүргізді.

Сонымен қатар, бекітілген жоспарға сәйкес, әр округте қайырымдылық акция өтіп дастархан жайылды.

1 - қазан күні  10 ауылдық кенттік округ әкімшіліктері тарапынан мерекелік концерттік бағдарламасымен қайырымдылық түскі ас берілді. Атап айтқанда, Өтеген батыр кенті бойынша 60 қарт адамдарға азық түлік пакеті таратылды және ЖШС «Ева» және Ару медицина мекемелер көмегімен бір қарт әжеміздің үйіне 100 000 теңге  көлемінде есік терезе салынды. Казцик ауылдық округінде «Аққу» мейрамханасында 120 қарияға дастархан жайылып 2000 теңгелік сомасында сыйлықтар таратылды. Жетіген ауылдық округі «Іле» кафесінде  60 адамға мерекелік дастархан жайылдып, концерт койылды және ЖШС «Геокен» мекемесі, жалғыз басты 20 қартқа, 10 000 теңге көлемінде қаржылай көмек берді. Чапай ауылындағы  №10 мектепте 60 адамға  дастархан жайылды және де 3000 теңге көлемінде азық түлік пакеті таратылды, Междуреченск ауылдық округі бойынша  «Тамара» кафесінде 70 адамға дастархан жайылып 4 адамға  5500 теңге сомасында азық түлік пакет берілді, Боралдай ауылдық округінде 200  адамға «Таң шолпан» кафесінде дастархан жайылып 4000 теңге сомасында азық түлік пакеттері берілді, 1 қазан күні аудан әкімі аппаратынын басшысы және округ әкімі округтегі  ҰОС ардагерінің үйлеріне барып, құттықтап, сыйлықтар табыстап қайтты. Ащыбұлақ  округі «Нур әлі» мейрамханасында  200 адамға дастархан жайылып 3000 теңге сомасында азық түлік пакеті таратылды, Қараой  ауылдық округінің мәдениет үйінде концерт қойылып артынша «Мария» кафесінде 25 адамға дастархан жайылды және де  3500 сомасында азық түлік пакеті таратылды, Байсерке – «Дарын» кафесінде 120 адамға, 32 қарт адамдарға  3500 теңге сомасында  азық түлік пакеті берілді. Ақши ауылдық округінде «Ақши тойханасында» 20 қарттарға мерекелік дастархан жайылды және де  2500 теңге көлемінде 14 қартқа азық түлік пакеті беріліп, 4 жалғыз басты қарияға 1 қап пияз өнімі таратылды.

Бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  қарттар күнін өткізуге «Энергосбыт» 3000 теңге көлемінде 12 қарт адамға азық түлік пакетін таратты, ЖШС «Геокен» мекемесі жалғыз басты 20 қартқа 10 000 теңге көлемінде қаржылай көмек берді, ЖШС «Первый пивзавод» мекемесі 10 қарт адамға          9 000 тенге көлемінде азық түлік пакетін тараты  , ЖШС «Саяхат» мекемесі 2 қарт адамға 2500 теңге көлемінде азық түлік пакетін берді, УПТОК «Волковгеология» мекемесі 5 қарт адамға 3000 теңге көлемінде азық түлік пакеті берілді және де «Алель Агро» мекемесі 32 қарт адамдарға 32 тал тауық берді. «Ремстройтехника» мекемесі 6 қарт адамға 10 000 теңге көлемінде азық түлік пакетін таратты және де «Дольче фарм» компаниясы 10 қарт адамға 5 000 теңге көлемінде азық түлік пакеті берілді. Жеке кәсіпкер «Мақсат» кафесі 5 қарт адамға 2000 теңге сомасында азық түлік пакетін тараты. Ару медицина орталығы және ЖШС «Ева» мекемесінің көмегімен бір қарт әжеміздің үйіне 100 000 теңге сомасына есік терезе салынды. 

Кәзіргі таңда бөлімше бойынша 216 жалғызбасты бөгде адамның көмегіне мұқтаж қарттар есепте тұрады, оның   30-ы мүгедек санатында, жүріп тұруы қиын  80 жастан асқан 34 қарт бар. Осы қарттарға үйге зейнетақы төлемін үйіне жеткізу бойынша құжаттарын рәсімдеді. 216 қарттың ескі зейнетақы кітапшалары жаңартылды.