БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 

 
 
Еңбек жолы байқауы 13.10.2017

 

Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 шілдедегі №610 бұйрығын орындау мақсатында

«Еңбек жолы» байқауы аудандар мен қалаларда ағымдағы жылдың маусым айында басталып конкурс облыста орналасқан кәсіпорын жұмыскерлері еңбек әулеттері арасында өткізілді.

Еңбек жолы конкурсының негізгі мақсаты жастарды еңбекті қадірлеу рухында тәрбиелеу, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау және арттыру  ең үздік кәсіпорын жұмысшыларын анықтау.

Байқау үш номинациялары бойынша «Үздік еңбек әулеті», «Үздік жас қызметкер», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» бойынша өткізілді.

Бұл байқауға ауданымыздан экономикамызға елеулі үлес қосқан ірі мекемелердің бірі АлЭС ТЭЦ-3 АҚ мекемесінен 2 жұмысшы: «Жұмыс істейтің жастардың үздік тәлімгері»  номинациясы  Потуданский Иван Михайлович, ал «Үздік жас қызметкер» номинациясы бойынша Джанадилов Калибек Нагашбекович ұсынылды.

Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  ресми сайтында  онлайн дауыс беру науқаны өткізіліп аталған шараға көптеген  азаматтар белсенді қатысты.

Нәтижесінде Алматы облысы бойынша «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»  номинациясы бойынша біздің Іле ауданымыздан «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»  номинациясы  Потуданский Иван Михайлович жүлделі 2-ші орынды алып 300 мың теңге қаржылай сыйлық алды.

Ал «Үздік жас қызметкер» номинациясы бойынша Джанадилов Калибек Нагашбекович Алматы облысы әкімінің   мақтау қағаздарымен марапатталды.