БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 

 
 
Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ 10.10.2016

 

         Аудан бойынша  халық саны 191,5 мың. адамды  құрады, экономикалық тұрғыдан  белсендi халық саны  102,7 мың. адам, жұмыспен қамтылған халық саны  98,6 адам. Оның ішінде  өздігінші  жұмыспен қамтығандардың саны 23,7 мың. адам болды, халықтың жұмыспен қамтылған санында өздігінші жұмыс істейтіндердің үлесі 24 пайызды құрады. 2016 жылдың 1 қазанына жұмыссыз  халықтың саны 4000 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейi 3,9% пайызды құрады

         2016 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту бөліміне  3236 адам жұмыс іздеп тіркелдi, тiркелген жұмыссыздардың iшiнен  жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны -2683 адам немесе жұмысқа орналастыру деңгейi  82,0%   құрады.

           Жылда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға  қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі қаулысымен бекітіліп, мекемелермен келiсiм-шарттар жасалады. 2016 жылға жоспар -500 адамға бекітілді.  Жылдың басынан  қоғамдық жұмысқа 375 адам жіберілді, немесе орындалуы 75% құрады.   

         Ауданның барлық экономика салаларында  2016 жылдың 1 қазанына  1579 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды оның iшiнде:  саудада –170, өнеркәсiпте–361, ауыл шаруашылығында –34, білім және денсаулық сактау саласында-170, көлік және қоймалау саласында-40,  құрылыста-597, басќа салада-192. Одан басқа 536 уақытша  және маусымдық  жұмыс орындары ашылды.

          2016 жылы инфрақұрылымды және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге  30 жоба бойынша 723,3 млн.тенге қаржы бөлінді. Оның ішінде екі жоба бойынша КазЦИК ауылында № 6 және Ащибулақ ауылында  № 19 орта мектептер  күрделі жөндеуден өткізілді.  Күрделі жөндеу кезеңінде 124 уақытша бос  жұмыс орындарын ашып,  оның ішінде 64 адам  Жұмыспен қамту орталығы арқылы жіберілді.

       28 жоба бойынша ауылды елді мекендерде жолдарды ағымдағы жөндеу,  канализация жүйелерін, су құбырларын және жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Жұмыс барысында 136 жұмыс орны ашылып, оның ішінде 74 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа жіберіледі.

         2016 жылєа жоспар бойынша 3 млн.тенгені алуға 37 адам 111,0 млн. тенге ќаражат бөлінді, 6 млн.тенгені алуға  -40 адам 240,0 млн.тенге ќаражат бөлінді. 2016 жылға бөлінген қаржы республикалық бюджеттен үш траншпен беріледі. 1-ші траншпен 37 адамға 111,0 млн. тенге микрокредит «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы бөлінді.    

       Есептік кезеңге 40 адамға    111,0 млн.теңге несие беріліп, 60 жаңа жұмыс орындары ашылды.

      Ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін 6,0 млн.теңгеге дейінгі шағын несиелерді беретін Операторы айқындалды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» қаулысы қабылданып, комиссия отырысы өткізіліп жатыр.  Ниет білдіргендердің ішінен 14 тұлға несие алып, 70,9 млн.тенге игерілді.

1.  Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жұмыспен қамтуға 323 адам жоспарланған, оның ішінде 111 адамды қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын, әлеуметтік жұмыс орындарына 70 адам, жастар тәжіребиесіне 115 адам. Ағымдағы жылда әлеуметтiк жұмыс орындарына 80 адаммен әлеуметтік шарттар түзілді,  (ай  сайын 18200 теңге көлемінде еңбек ақымен субсидияланды) және жастар тәжрибесіне 122 адам жіберілді. Жұмыс жасайтын жастар арасынан   кәсіби оқуын ұйымдастыру 35 адам ниет білдіріп, ЖШС «Алатау Кус» және «АВЗ» кәсіпорындардан  газэлектрдәнекерлеушы мамандық  бойынша қажеттілігі ұсынылды. 35 адам 2016 жылдыѕ 15 қырқүйек айынан бастап оқуға жіберілді. Біліктілігін арттыруға 55 тен-64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздар арасынан 13 адам 2016 жылдың 15 қырқүйектен бастап оқуға жіберілді.  Жыл басынан   111 адам біліктігін арттыруєа келесі мамандыќтар бойынша: аспазшы, тігінші, электржабдыќтаушы, оператор ПВЭМ, механизатор, электрикке  жіберіліп, 110 адам кәсіби оқуды аяқтап, 100 пайыз жұмысқа орналастырылды. Барлығы жыл басынан  159 адам оқуға жіберілді.

         Іле ауданы бойынша қыркүйек айының соңында тұрмыс жағдайы кедейшілік шегінен төмен тұратын халық саны 136 адам немесе 0,07 пайыз болды.

         Жыл басынан бері жергілікті бюджеттен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 23 отбасына  (136 адамға) – 2758,348 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді. Былтырғы  жылдың есеп беру мезгілімен салыстырғанда 36- адамға азайды. 

          Ауылдық кенттік округтерде құрылған учаскелік комиссиялар жыл басынан бері 81 отырыс өткізді.

          Еңбекке қабілетті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үлесі 22,1 пайызды құрады. Тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің орташа  айлық мөлшері 2253,6 теңгені құрады. 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда отбасы кірістері 6334,7 теңгеден 6437,4 теңгеге артты.  Негізінде кедейшілік шегінен төмен тұратын халық санының азайуы отбасы табыстарының ұлғайуында.                                                       

    9 отбасы (53 адам) 2 жылдан астам мерзімде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан шыға алмай келеді, себебі тұрмыс жағдайы өте төмен, табысы аз,  көп балалы отбасы. Бұл отбасыларына қоғамдық жұмыс, кәсіптік оқу және әлеуметтік жұмыс, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша жұмыстарға жіберу сияқты мүмкіндіктер қолданылып келеді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы 2 адам қоғамдық жұмысқа тартылды және 12 адам жұмысқа тұрды.

    Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамы төмендегідей: 18 жасқа дейінгі балалар – 73,53%,  үш жасқа дейінгі бала күтумен үйде отырғандар – 11,76%, мүгедектер- 1,47%, жалданып жұмыс істейтіндер – 4,41%, студенттер – 2,94%, жұмыссыздар – 0,74%, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 4,41%, басқа санаттағылар – 0,74 пайызды құрайды.

         «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында,  әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетіндігі, кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетіндігі айқындалған. Шартты ақшалай көмек көрсету бойынша «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысу  үшін оның шарттары туралы халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  қызметкерлері, ауыл әкімдері, учаскелік комиссия мүшелері және жұмыспен қамту орталығының мамандары арасында оқу-семинар өткізілді,  «Іле таңы» газетінің №24 нөмірінде «Өрлеу» пилоттық жобасы туралы ақппарат 2 тілде жарияланды.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың маусым айынан «Өрлеу» жобасын енгізу бойынша  халықты ақпараттандыру мақсатында құрылған мобилді жұмыс тобы жұмыспен қамту орталықтарының қатысуымен 27 ауылдық елді мекендерді 6 жұмыс ұжымдарын аралап ақпаратты- түсіндіру жұмыстарына жалпы 627 адам қатысты.

«Өрлеу» пилоттық жобаны іске асырудағы отбасы  белсенділігін  арттыру мақсатына негізделген азқамтылған отбасыларына Шартты ақшалай көмек көрсету бідің ауданда 2016 жылдың 4-ші тоқсанына қалдырылды

   Сонымен қатар жергілікті бюджеттен жыл басынан бері:

   - 18 жасқа дейінгі балаларға төлентін жәрдемақы – 849 отбасына оның ішінде 3066  балаға  – 46386,376 мың тенге төленді;

   - тұрғын үй көмегі 507 отбасына 17007,0 мың теңге көлемінде;

   - мүгедек балаларды үйде оқыту үшін материалдық қамтамасыз етуге 125 балаға 3494,287 мың теңге көлемінде;

         - ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына  біржолғы әлеуметтік көмек 1532 адамға 15183,760  мың теңге көлемінде;

         Жергілікті өкілетті орнандардың шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға, оның ішінде:

      -Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне  материалдық –  тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту  үшін төлентін коммуналдық көмек  - 29 адамға – 1527,050 мың  тенге көлемінде;

   - Мерекелік және естелік күндерге, облыстық бюджеттен Ауған соғысының ардагерлеріне бөлінген біржолғы әлеуметтік көмек 222 адамға – 5430,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;

- Чернобыл апатының қатысушылары мен қайтыс болғандардың отбасына 62  адамға - 4340,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек; 

-Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 71 жыл мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 27 адамға – 3850,0 мың тенге көлемінде,  жергілікті бюджеттен біржолғы әлеуметтік көмек; 

         - Туберкулез індетіне шалдыққан 34 азаматқа – 2065,922 мың теңге көлеміндеәлеуметтік көмек тағайындалып төленді.

   Аудан бойынша 21 әлеуметтік дүкені, 6 сауда нүктелері және 4 әлеуметтік дәріханалар аз қамтамасыз етілген азаматтарға айсайын тағамдарды арзандатылған бағамен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп отыр.  Осы аталған әлеуметтік дүкендер, сауда нүктелері және әлеуметтік дәріханалар 138 аз қамтамасыз етілген азаматтарды арзандатылған тағамдармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп отыр.

Мемлекеттпен қатар көптеген қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кедейшілік проблемаларын шешуге, халықтың тұрмыс деңгейіне  ықпалын тигізіп, өз үлесін қосуда. Жыл басынан осы ұйымдар аз қамтылған  11740  адамдарға 14424,9 мың тенге оның ішінде тұрмыс жағдайы төмен отбасыларынан  233 адамға – 783,2 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

         Ағымындағы  2016 жылы  966 адам қамтылды, сонымен қатар         жалғыз басты карттарға және мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету – 206 адамға, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден әлеуметтік көмек көрсету -  137 мүмкіндігі шектеулі балаларға, жеке көмекші - 86 адамға, ымдау тілі маманы –70 адамға, санаторно-курорттық жолдама – 165 адамға, есту аппараты -18 адамға, арнаулы жүріп-тұру құралдары – 22 адамға,  міндетті гигиеналық құралдары – 168 адамға, протезге - 86 адамға қамтамасыз етілді.