БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 

 
 
Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жылғы атқарған жұмыстары және 2017 жылға жоспарлары 10.01.2017

        

          Аудан бойынша  халық саны 191,6 мың. адамды  құрады, экономикалық тұрғыдан  белсендi халық саны  96,7 мың. адам, жұмыспен қамтылған халық саны  92,6 адам. Оның ішінде  өздігінші  жұмыспен қамтығандардың саны 19,4 мың. адам болды, халықтың жұмыспен қамтылған санында өздігінші жұмыс істейтіндердің үлесі 20,9 пайызды құрады. 2017 жылдың 1 қантарына жұмыссыз  халықтың саны 4100 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,2% пайызды құрады, 2017 жылға 4,2 пайыз жоспарланды.

         Ауданның барлық экономика салаларында 1825 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланған, нәтижесінде 1925 ашылды, 2017 жылға 1830 жаңа жұмыс орындары құрылатыны жоспарланған. (мемлекеттік бағдарламалар бойынша  оның ішінде  «Нұрлы жол»-450, «Агробизнес-2020»-130,  «Өңірлерді дамыту бағдарламасы»-432,  «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған» бағдарлама бойынша-153, және басқа жеке  ұсыныстар бойынша-665)

             «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 570 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланған, жыл басынан 583 адам қамтылды. Ауданда 30 жоба іске асырылды, жоба  кезеңінде 260 жұмыс орындарын ашылып,  оның ішінде 138 адам  Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа жіберілді. 88 адам 351,0 млн.теңге микрокредит алды.Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына  159 адам жіберілді, оның ішінде 110 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 35 жалдамалы жұмысшылары  қайта даярлау курстарын, зейнеткерлік жасқа дейінгі 13 азамат  оқыды, олар 2017 жылы жұмыспен қамтамасыз етіледі .

           Жыл басынан 80 адаммен әлеуметтік шарттар түзілді, тұрақты жұмысқа орналасты.  118 адам жастар практикасына жолдама алып, оның ішінде 110 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына 250 адам, қоғамдық жұмысқа 500 адам, әлеуметтiк жұмыс орындарына 70 адам және жастар тәжрибесіне 100 адам жоспарланған. 

2017 жылдың 1 қантарына  тұрмыс жағдайы кедейшілік шегінен төмен тұратын халық саны 137 адам немесе 0,07 пайызды құрады.

Жыл басынан  бері тағайындалып төленді: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 23 отбасына  (137 адамға) – 3 639 мың теңге; 18 жасқа дейінгі балаларға төлентін жәрдемақы  921 отбасына, (3342  балаға)  – 61 656 мың тенге;  тұрғын үй көмегі 525 отбасына 23 907 мың теңге;  мүгедек балаларды үйде оқыту үшін материалдық қамтамасыз етуге 137 балаға 5 590 мың теңге;  ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына  біржолғы әлеуметтік көмек 3884 адамға 41 187   мың теңге; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне  материалдық –  тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту  үшін төлентін коммуналдық көмек  - 29 адамға 2 004 мың  тенге; Мерекелік және естелік күндерге, облыстық бюджеттен Ауған соғысының ардагерлеріне бөлінген біржолғы әлеуметтік көмек 222 адамға  5 430  мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;  Чернобыл апатының қатысушылары мен қайтыс болғандардың отбасына 62  адамға - 4340,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;  Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 71 жыл мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 27 адамға – 3850,0 мың тенге көлемінде,  туберкулез індетіне шалдыққан 34 азаматқа – 2065,922 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек.

         «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында,  әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетіндігі, кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетіндігі айқындалған. Шартты ақшалай көмек көрсету бойынша «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысу  үшін оның шарттары туралы халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 «Өрлеу» пилоттық жобаны іске асырудағы отбасы  белсенділігін  арттыру мақсатына негізделген азқамтылған отбасыларына Шартты ақшалай көмек көрсету бідің ауданда 2017 жылдың наурыз айынан бастап 200 адамнан тұратын  40 отбасына 2 180 мың. теңге жоспарланған. 2017 жылы барлық әлеуметтік көмек түрлері бойынша 219,8 млн. тенге бөлініп, халықтың әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарына жататын 9194 адам қамтылады деп міндеттелді,

          Ағымдағы  2016 жылы  1077 мүгедек  оңалту бағдарламасымен қамтылды , сонымен қатар    жалғыз басты карттарға және мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсетуге 206 адам, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден әлеуметтік көмек көрсету -  137 мүмкіндігі шектеулі балалар, жеке көмекшінің қызметі 86 адамға, ымдау тілі маманы –70 адамға, санаторно-курорттық жолдама – 246 адамға, есту аппараты -27 адамға, арнаулы жүріп-тұру құралдары – 33 адамға,  міндетті гигиеналық құралдары – 104 адамға, протезге - 86 адамға қамтамасыз етілді.

   

                

                 Бөлім басшысы                                   Ж. Айтенова