БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 

 
 
Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қарашадағы «Алматы облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға іс шаралар жоспарының бекіту туралы» № 198 қаулысының орындалу барысы туралы анықтама 10.01.2017

 

        

Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 19 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, оның ішінде 7 мемлекеттік қызмет мүгедектерге көмек көрсетуге арналған. Бүгінгі күнде 1 330 азаматтан өтініш қабылданып қызмет көрсетілді.

Ауданда мүгедектер саны 5 332 адам, немесе жалпы халық санының 2,4 пайызын құрайды, оның ішінде I және II-ші топ мүгедегі 2 906 адам, III-ші топ мүгедегі 1 700 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны - 726.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің құқығы және тіршілік сапасын жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарының кезеңін бекіту туралы» №64 қаулысына сәйкес Іле ауданының әкімдігімен 2012 жылдың 28 маусымында «Іле ауданындағы мүгедектердің құқығы мен өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 6-584 қаулы қабылданған.    

Аталған қаулыға сәйкес мүгедектер үшін қол жетімділік ортаны сақтауға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын түгендеу өткізу және оны ұйымдастыру жөнінде ведомствоаралық комиссия және жұмысшы тобы құрылып, оның құрамына Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдері, әлеуметтік және сәулет бөлімі қызметкерлері енгізілді.

Комиссия жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып ғимарат, тұрғын үй және көлік инфрақұрылымдарына құжаттандыру жүргізу әдістемесінің жобасын зерделеп, 1074 нысанға төлқұжаттандыру өткізді. Оның ішінде 93 мемлекеттік мекеме, 981 жекеменшік объектілері мүгедектердің қолжетімділігіне бейімделген. Ағымдағы жылы 21 нысан бейімделді, оның 12-і денсаулық сақтау нысандары, 6 мектеп, Чапаев ауылындағы Мәдениет үйі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жетіген ауылокруг әкімдігі. Онда пандус, пандустың үстіне шатыр, тактильдік төсеніш, шақыру қоңырауы және дыбыстық белгілер орнатылған. Мүгедектер көбірек баратын нысандарда санитарлық жағдайлар жасалған. Ал, «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Жәпек батыр, Қосөзен және Екпенді ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар мүгедектердің қол жетімділігін есепке ала отырып салынған.

Яғни, мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Алайда, өз шешімін таппай отырған мәселелер жеткіліті. Солардың бірі мүмкіндігі шектеулі арбаға тағылған жандардың аудан бойынша барлық әлеуметтік инфроқұрылым объектілеріне кіріп-шығуын (пандустарын) реттеу.

2016 жылы кезекте тұрған 2 132  мүгедектердің 743-і қажетті кресло-арбамен, сурдо-тифлотехникамен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Дегенмен, бюджет қаражатының тапшылығына байланысты 1 389 адам қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілмеді.

Мысалы, жергілікті бюджет есебінен міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілетін 377 адамның 168-і ғана қанағаттандырылып, оған 21 586,0 мың тенге жұмсалды. Оңалту бағдарламасы бойынша жеке көмекшіге мұқтаж  I топтағы 119 мүгедектің 86-на ғана қызмет көрсетіп, оларға 27 364,0 мың тенге қаражат жұмсалды.  Бүгінгі күнде бұл азаматтардың алдындағы берешегіміз 4 468,0 мың тенгені құрайды, керісінше, 33 мүгедек жеке көмекшілермен мүлдем қамтамасыз етілмей қалды.

Ымдау тілі маманының қызметі «Ымдау тілі аудармашыларының қазақстандық ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі күнде есту қабілеті нашар 70 мүгедекке 1 187,0 мың тенгеге қызмет көрсетілді.

         Мүгедектерді тасымалдау үшін арнайы жабдықталған мамандандырылған автокөлік сатып алынған. 2016 жылы мемлекеттік тапсырыс шегінде мүгедектерді инватакси көлігімен тасымалдау бағдарламасына 2 864,0 мың тенге бөлініп 250 адам тасымалданды.

         2016 жылы үйде тәрбиелеп, оқытатын мүгедек-балалар үшін 125 отбасына 5 590,0 мың тенге әлеуметтік көмек көрсетілді. Бір балаға тоқсан сайын 14 816 тенге жәрдемақы төленеді.   

         Үстіміздегі жылдың тамыз айында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен аудан қала бөлімдері, Алматы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы мен Алматы облысының мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың бас қосуымен селекторлық кеңес өткізіліп қаржының жетіспеушілігі туралы өзекті мәселелер көтерілді. Нәтижесінде мүгедектердің мұқтаждықтары толығымен шешіліп, 2017 жылға 160 539,0 мың тенге қаражат бөлінді.

         Бөлімнің құрамында мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі қызметін лицензия және бекітілген стандарт негізінде жүзеге асыратын, мүмкіндігі шектеулі балалар және жалғыз басты қарттар мен мүгдектерге үйден әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелер жұмыс атқарады.

         Бүгінгі күнде жалғыз басты қарттар мен мүгдектерге үйден әлеуметтік көмек көрсететін бөлімше 184 жалғызбасты қарттар мен 29 мүгедек азаматтарға қызмет көрсетеді.

         Көрсетілген қызмет түрінің бірі тұлғаларды интернат-үйлеріне орналастырып, құжаттарын рәсімдеуге көмектесу болып табылады. 2016 жылы үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі қызметкерлерімен тексеру актсі жасалып 7 адам қарттарға арналған интернат-үйіне, 3 адам психоневрологиялық интернат үйіне орналастырылды.

         Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік медикопедагогикалық жағынан түзеу» Заңын іске асыру аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен  2016 жылы 112 мүмкіндігі шектеулі бала анықталып тіркелді, барлығы 726 бала есепте тұр. Соның ішінде 71 бала арнайы мектеп интернаты мен бала-бақшаға барады, 137 бала үйден оқытылып, 145 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетіледі, 242 бала ата-ананың қарамағында тәрбиеленіп, 116 бала орта білім мектебінде, 15 бала жоғары оқу орнында білім алады.

         Сонымен қатар, аталған бөлімшенің құрамында Боралдай, Өтеген батыр кентінде және Жетіген ауылында орналасқан арнайы оңалту кабинеттері жұмыс атқарады. Аталған бөлімшенің штат құрамында логопед, деффектолог, психолог мамандары арнайы қызмет көрсетеді. Атқарған жұмыс нәтижесінде 2016 жылы 3 бала жалпы білім беретін мектепке, 3 бала арнайы мектеп интернатқа, 10 бала қосымша бағдарламамен білім алып, 3 бала арнайы бала-бақшаға барды.

Мүгедек балаларды тәрбиелеуге жәрдемдесу үшін арнайы «Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін психологиялық көмек пен консультациялар беру онлайн қолдау қызметі» қызмет атқарады. Осыған орай, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2016 жылдың бірінші жартысында, атап өткен онлайн қызметінің көмегіне, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған 60 ата-ана жүгінді. Оларға тиісті психологиялық көмек пен арнайы консультация берілді.

    Әлеуметтік қызметкерлер біліктілігін жоғарлату мақсатында республикалық және халықаралық әлеуметтік жобалар қауымдастығының ұйымдастыруымен семинарларға қатысып, сертификат алады.

         Аталған бөлімшемен Балаларды қорғау күніне,  Отбасы күніне, Мүгедектер күніне,  Жаңа жылға орай әр түрлі іс-шаралар өткізілді. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық жұмыс», «Ерекше бала», «Оңалту кабинетінің жұмысының мазмұны және нәтижесі», «Отбасы-адамның ең басты құндылығы» тақырыптарына мүгедек балаларға, олардың ата-аналарына арнап баяндамалар оқылып, психологиялық семинар-тренингтер өткізілді.

        

         2016 жылы Кешенді жоспарды іске асыру аясында жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың қатарынан 3 277 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, нақты 3 545 адам жұмысқа тартылды. Оның ішінде, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына 582 адам жұмылдырылды.   

         Бүгінгі күнде өзекті мәселердің бірі мүгедек азаматтарды жұмыспен қамту болып табылады. Жыл басынан бері Жұмыспен қамту Орталығына 63 мүгедек азамат жүгіп, оның 27-сі тұрақты жұмыспен қамтылды, 5-і кәсіби даярлау курсына, 7-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 21-і қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 1 адам жастар тәжірибесіне жұмылдырылды, 2 адам шағын несие алды.

         «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде,  Жұмыспен қамту Орталығы мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ауданда  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бос жұмыс орындардың   жәрмеңкесі  өткізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылдың 13 маусымында «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №498 бұйрығы шықты. Аталған бұйрықты орындау мақсатында жұмыс берушілер белгілінген квота еңгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.

Жұмыспен қамту бөлімі  мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады. Осыған байланысты «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы тіркелген соң, жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:

1) 50-ден 100 адамға дейін –жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

2) 100-ден 250 адамға дейін –жұмыскерлердің тізімдік санының 3 пайызы мөлшерінде;

3) 250-ден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының 4  пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Бірақ көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар мүгедектер үшін, олардың арнайы білімі мен тәжірибесі болса да лайықты бос орындар ұсынбай отыр.

Сұхбат кезінде мүгедектер көбінесе жеңіл-желпі жұмыс (мысалы қол өнері, шеберлік және т.б ) болса дейді, өздері сияқты жандармен топтасып жұмыс істегенді жөн көреді.   

        

 

Бөлім басшысы                                                    Ж.Айтенова

 

 

 

 

2016 жылы 33 адам кресло-арба алды, оның ішінде 22-і балалар, санаторлы-курортты ем алуға 246 адам, протездеуге 104 адам жолдама алды, 27 адам есту аппаратын, тифлоқұралдармен  9 адам эти технические средства выделены управлением  Алматинской области.

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамассыз ету үшін әлеуметтік экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру жағдайларын жасау көзделген.

 

 

 «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттырды рәсімдеу», «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және кемістігі бар мүгедектерге құжатттарды рәсемдеу», «Мүгедектерге кресло-арбалар беру», «Мүгедектерді санаторий-курортық емдеумен қамтамасыз ету», «Мединициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу».

 

  

         Мүгедектердің әлеуметтік оңалтылуы - мүгедектердің әлеуметтік статусын, олардың әлеуметтік тұрмыстық және әлеуметтік  ортада бейімделуін қалпына келтіруге бағытталған, оған мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету, оларға қажетті әлеуметтік қызмет көрсету, оларды техникалық қосымша құралдармен, әлеуметтік, көлік және рекреационды инфрақұралым нысандарына қол жетімділікті қамтамасыз ету, ақпаратты ортада тең мүмкіншілікті пайдалануды құру, материалдық және әлеуметтік- психологиялық қолдану көрсету кіреді.