БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 

 
 
Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек түрлері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді 07.11.2017

 

2017 жылдың қараша айының 07 күні Алматы облысы  Іле ауданында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін атаулы әлеуметтік көмектің  жаңа форматы туралы жиын өткізілді.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргі әлеуметтік төлемдерден басты  айырмашылығы, ол тұрмысы төмен азаматтарға немесе отбасыларға көрсетілетін қолдаудың үш түрін бір пакетпен ұсыну болып табылады.

Бұл дегеніміз, бүгінгі таңдағыдай тек атаулы әлеуметтік көмек төлеп қана қоймай, мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдесуді білдіреді, яғни жұмыссыз жүрген отбасы мүшелері мемлекет есебінен оқуға жіберіледі, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға орналастырылады, сондай-ақ жеке ісін ашуға немесе бизнесін кеңейтуге микрокредит беріледі.

Егер отбасындағы адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болса, үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік қызметкерлер және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік ұйымдар тарапынан мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Осылайша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларды немесе азаматтарды кедейліктен шығаруға бағытталған кешенді қолдау тәсілдерінен тұрады.

Жиынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, ауылдық округ әкімдері, мамандары және консультант пен ассистенттер және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Н.О. Құматаев,  облыстық жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Н.К.Молбосынова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.С. Айтенова және аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры А.А. Рахимбаев  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргі әлеуметтік төлем түрлерінен өзгешелігі – аз қамтамасыз етілген азаматтарға немесе отбасыларға берілетін атаулы  әлеуметтік көмек кешенді болып, өз ішіне 3 түрлі  мемлекеттік қолдау болатындығын және атаулы әлеуметтік көмектің енгізілу тәсілдері туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, күн тәртібіне сәйкес, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, ауылдық округ әкімдері, мамандары және консультант пен ассистенттерг оқыту семинары өткізіліп, семинардың қорытындысы бойынша тест алынды