Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғырту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсанындағы № 919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» әзірленіп, үш бағыт аясында жұмыстар жүргізуге бағытталды.
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында 2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастады.
Бағдарламаның басты мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті, дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Кешенді жоспармен мемлекеттік бағдарламалар бойынша 3051 өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жоспарланған.
Оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасымен - 165, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасымен 687, «Өңірлерді дамыту-2020» -43, «Аумақты дамыту бағдарламасы» -1116 және жеке ұсыныстар бойынша – 909 адам жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жоспарланған.
Жыл басынан жұмыспен қамтуға 1690 адамға қолдау көрсетіліп оның ішінде 1035 адам тұрақты жұмысқа орналасты, жұмысқа орналасу 61,2 пайызыды құрады.
Бағдарлама үш бағыт аясында жұмыс жасауға бағытталған.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 490 адамды қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға қайта даярлау курстарына оқыту жоспарланған.
Бағдарлама аясында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес дуалды оқытуды қолдана отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтуге мүмкіндік беріледі.
Тегін кәсіптік оқытумен мектептердің түлектері, ҰБТ тапсыра алмаған, оқу орындарына түспегендер, орта жастағы адамдар қамтылатын болады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың қатысушылары 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады.
Бағдарламаға қатысушылар өкімет тарапынан тегін оқытылады, сонымен қатар 16759 тенге айына степендия, 11345 жатақханаға, 9076 тенге жолына проездге төленеді.
Есептік кезеңге 170 адам оқуға жіберілді.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасалатын болады.
Несиенің ең жоғарғы сомасы 18 млн.теңгеге дейін ұлғайтылып, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6%-дан аспайды. Несие берудің жалпы мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін мерзімді құрайды.
Кәсіпкерлік дағдыларын алу үшін "Бастау Бизнес" жобасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жүзеге асырылады.
2017 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 85 адам кәсіптік негіздеріне оқытылды.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 2017 жылға 106,8 млн.теңге бөлінді. Аталған бағыт шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 70 адамды, жастар практикасына – 95 түлекті, сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға – 500 жұмыссыз азаматтарды жіберу жоспарланып отыр.
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.
Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құрады.
Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі, мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжрибісін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.
Бағдарлама қатысушысына 56725 теңге қарастырылған.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағыттылығы бар. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады. Қоғамдық жұмысқа қатысу үш айға дейін ай сайын 40322 теңге қарастырлған.
|