БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Іле ауданының ішкі саясат бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу тәртібі  

  Жоба

  
Іле аудандық мәслихатының 
« » 2016 жыл   
№ шешіміне  
 

Іле ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу тәртібі

1. Шаралар өткізу туралы өтініш Іле ауданның жергілікті атқарушы органына беріледі.
2. Шараларды өткізу туралы өтініштерді еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.
3. Шараларды өткізу туралы өтініш оны өткізудің белгіленген күнінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараны өткізудің:
- мақсаты;
- нысаны;
- өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары;
- басталатын және аяқталатын уақыты;
- қатысушылардың ықтимал саны;
- уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері;
- өтініш берілген күні,айы, жылы толық көрсетіледі.
Өтініштің берілген мерзімі Іле ауданның жергілікті атқарушы органында тіркелген күннен бастап есептеледі.
4. Іле ауданның жергілікті атқарушы органы өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын ұйымдастырушыларға қабылданған шешім туралы хабарлайды.
5. Осы ережедегі 3 тармақтағы талаптар орындалмаған жағдайда Іле ауданның жергілікті атқарушы органы орын алған құқық бұзушылықты жоюды ұсына отырып ұйымдастырушыларға ресми жауап береді.
6. Іле аудандық жергiлiктi атқарушы орган басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерiн ұсынады.
7. Арнайы орындар:
1) Аудан орталығы Өтеген батыр кенті Батталханов көшесінің бойында аудан орталық алаңы,
2) Аудан орталығы Өтеген батыр кенті Батталханов көшесінің бойындағы «Үш ұрпаққа» арналған ескерткіш алаңы белгіленеді.
8. Арнайы маршруттар:
1) Аудан орталығындағы Батталханов көшесінің бойы, Қолдасов көшесімен Ауезов көшелерінің арасындағы маршрут белгіленеді.
2) Батталханов көшесінің бойымен Титов және Жансүгіров көшелерінің аралығы.
9. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.
10. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.
11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
- көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;
- елді мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;
- ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
- жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;
- өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
- шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
- кәмелет жасқа толмаған балалардың қатысуына;
- алкогольді және мас күйінде қатысуына тыйым салынады.
12. Бейбіт жиналыс, митингі, шеру, пикет не демонстрациялар өткізілетін орындарда спирттік ішімдіктерді ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларын пайдалануға; баннерлер, ұрандар мен өзге де материалдарды пайдалануға (көрнекі, аудио / бейне); сонымен қатар, қоғамдық тәртіптің бұзылуына, қылмыстың жасалуына, әлде-кімді қорлауға әкеп соғатын көпшілік алдындағы қойылымдарға тыйым салынады.
13. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізілуі тиіс.
14. Пикет қоюда:
1) пикет қоятын объектіде отыруға, тұруға;
2) көрнекі үгіт-насихат құралдарын қолдануға;
3) пикеттің тақырыбына сәйкес қысқаша лозунгтарды айқайлап айтуға рұқсат беріледі.
Заңға сәйкес шараның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына жасыл желектер мен сәулет нысандарына залал келтіруіне тыйым салынады.
15. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң басқа да талаптары болса, бұл жағдайда Іле аудандық жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты болу керек.
16. Егер Іле аудандық жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты берілмесе, ұйымдастырушылар барлық шараға қатысушыларын хабардар етіп, шараны тоқтату үшін тиісті шаралар қолдану қажет.
17. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Іле ауданның жергiлiктi атқарушы органы бұларды өткiзуге тыйым салады.
18. Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
19. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Іле аудандық жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс.
20. Іле аудандық жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.
21.Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына, осы саладағы нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жауап бередi.
22.Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс.
23.Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.