БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Іле ауданының ішкі саясат бөлімі > ҚҰЖАТ

 
БӨЛІМНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ
 
 

 

«Іле ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

І.Жалпы ережелер

 

1.1.«Іле ауданының ішкі саясат бөлімінің» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «бөлім» ) аудандық бюджеттен қаржыландыратын, мемлекеттік саясатты және ішкі саясат саласында мемлекеттік басқару уәзипасын жүзеге асыруға өкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

1.2.Бөлімінің құрылтайшысы – Іле ауданы әкімінің аппараты болып табылады.

1.3.Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқару органы – Іле ауданы әкімдігі болып табылады.

1.4.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актлеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.5. Бөлім заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкіде есепшоты, дербес балансы және сметасы бар. Құрылтайшысы берген мүлікке басқару құқығы бар.

1.6. Бөлімнің атауы мемлекеттік тілде – «Іле ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел внутренней политики Илийского района».

1.7.Бөлім құрылымын және қызметкерлері штаттық мөлшерінің шегін аудан әкімдігі бекітеді.

1.8.Бөлімнің мекен-жайы:

индекс: 040700. Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген Батыр кенті, Батталханов көшесі,8.

 

ІІ.Бөлімнің негізгі міндеттері және құқықтары.

 

2.1.Қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау жөнінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік егемендікті, қоғамдық процестерді демократияландыруды және қоғамды топтастыруды нығайту:

2.2.Аймақта мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын, сондай-ақ бөлім құзырына қатысты Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан Әкімінің актлері мен тапсырмаларын жүзеге асыру барысын бақылау;

2.3.Қоғамда демократиялық институттардың нығаюына қатысу және Қазақстанның 2030 жылғыа дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдылықтарын насихаттау;

2.4.Мемлекеттік ішкі саясатты, қоғамдық саяси салалар мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру;

2.5.Ішкі саясат аумағында концептуальды негіздер мен практикалық ұсыныстарынды, сондай-ақ азаматтық бірізділікті қалыптастыру негізінде қоғамды біріктіру, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдылықтары жөнінде ұсыныстарды жасау;

2.6.Аймақта жүріп жатқан қоғамдық-саяси  процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты және нақты зерттеу, зерделеу және талдау;

2.7.Аймақтық деңгейден мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру, оны өткізу жөнінде аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;

2.8.Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағыттылған социологиялық және саясаттану зерттеулерін жүргізу;

2.9.Қоғамдақ бірлестіктермен, саяси партиялармен және діни ұйымдармен, кәсіподақтармен, БАҚ-тармен, жұртшылық өкілдерімен қарым-қатынас жасау;

2.10.Жастар туралы Заңды жүзеге асыру мақсатында жастар саясаты қызметін үйлестіреді;

 

ІІІ.Бөлім Қазақстан Республикасы Заңдарында белгіленген міндеттерге сәйкес төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады

 

3.1.Ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысу, ішкі саясат саласында жергілікті мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалға, саяси партиялар мен басқа қоғамдық  бірлестіктердің қызметіне мониторинг ұйымдастыру және болжау, ұсыныстар әзірлеу және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды біріктіру, Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқа да міндеттерді жүзеге асыру;

3.2.Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, Президент әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері және тапсырмаларын орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді;

3.3.Консептуальды құжаттарды жасауға қатысу, бөлімнің құзырына жататын мәселелері бойынша әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобасын дайындау және саралау,

3.4.Аймақ туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық саладағы өкімет органдары қызметі жайындағы ақпаратты тарату жүйесін жетілдіру жөнінде әкімдіктің жұмысына қатысу;

3.5.Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша  Облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімшелерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;

3.6.Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша кенттік және ауылдық өкілетті органдар қызметін бақылау және үйлестіруді қамтамасыз ету;

3.7.Әкім аппараты қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету;

3.8.Жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени шараларды өткізуді қамтамасыз ету;

3.9.Аудан әкімдері ақпараттық-насихат жұмыстары мен мемлекеттік ішкі саясат мәселері жөніндегі аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру және барысын бақылау;

3.10.Аймақтың ішкі-саяси өмірінің маңызды мәселелері бойынша әкімдік мәжілісіне материалдар дайындауға қатысу;

3.11.Этно мәдени бірлестіктерге ұйымдық, кеңес-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

3.12.Мемлекеттік саясатты айқындайтын, ішкі саяси салада, этносаралық қатынастар ауқымында тұжырымдама, бағдарлама жасауға қатысу және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында адамдардың құқығы мен бостандығын сақталуын қамтамасыз ету;

3.13.Ақпараттық мәліметтер жиынтығын қалыптастыру, жинақтау, жалпылау және сыныптау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру (компьютерлік, мәтіндік );

3.14.Саяси партиялармен, этно мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыс жүргізу;

3.15.Аймақта ішкі саяси тұрақтылық пен саяси процестерді демократияландыруды нығайтуға бағытталған республикалық және аймақтық-ғылыми практикалық шараларды дайындауға қатысу;

3.16.Әкім аппаратының басқа да бөлімшелерімен бірлесіп бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша ұйымдық-әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау;

 

 

ІV.Бөлім Қазақстан Республикасы бекітілген заңдылықтарына сәйкес негізгі міндеттері мен өз міндеттерін жүзеге асыру үшін

 

4.1.Бекітілген тәртіпке сәйкес мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, басқа да ұйымдардан және азаматтардан міндеттерін орындауға қажетті ақпарат сұрауға, бөлімнің құзырына қатысты мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдардың басқа да ұйымдардың қызметкерлерін қатыстыруға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы тобын құруға;

4.2.Ішкі саясат саласында мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру жөнінде әкімге ұсыныс беруге, бөлімге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және басқа да материалдар дайындауға қатысуға;

4.3.Бөлімнің қызмет саласына қатысты тиісті мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға тапсырма беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқару органдары өтізген шараларға қатысуға;

4.4.Жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі аймақтық бағдарламаларды қаржыландыру және аймақтық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізу үшін мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға;

4.5.Ішкі саясат саласы мәселелері қарамағына кіретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге, адам құқығын сақтауға, бөлімнің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер құқылы;

 

V. Бөлім мүлкі

 

5.1.Бөлім дербес мүлкін жедел басқаруға құқылы;

5.2.Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүліктер есебінен, ол негізгі қор және айналымдағы құралдардан, сондай-ақ бөлімнің балансында көрсетілетін басқа да мүліктерден құралады.

5.3.Бөлімді қайта құру және тарату жағдайында бөлімнің мүлкі мемлекетке қайтарылады немесе мұрагерге өтеді.

 

VІ. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

6.1. Бөлімнің құрылымына бөлім бастығы және бөлімнің басқа қызметкерлері кіреді, оның штаттық мөлшерін аудан әкімдігі белгілейді.

Бөлім бастығы:

6.2. Бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді.

6.3.Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін айқындайды. 

6.4.Заңға сәйкес тәртіп бойынша бөлім қызметкерлерін мадақтауға ұсыныс енгізеді.

6.5. Заңға сәйкес тәртіп бойынша бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза салуға ұсыныс жасайды.

6.6.Аудан Әкімі жанындағы конкурстық комиссия ұсынысымен бөлім қызметкерлерін тағайындайды және жұмыстан босатады.

6.7. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес басқа өкілеттікті жүзеге асырады.

6.8. Бөлім бастығы өз қызметінде:

1)Бөлім қызметін басқарады;

2)Өз өкілеті шеңберінде бұйрық шығарады, нұсқау береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

 

VІІ. Бөлімді қайта құру және тарату

 

Бөлімді қайта құру және тарату Заң шығару тәртібіне сәйкес құрылтайшы шешімімен жүзеге асырылады.