Мақсаты мен міндеттері:
Аумақта жүріп жатқан қоғамдық саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты зерттеу, зерделеу, талдау;
Қоғамдық – саяси тұрақтылықты сақтау жөнінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, қоғамдық процестерді демократияландыруды және қоғамды топтастыруды нығайту;
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын мемлекеттік саяси бағдарламаларды насихаттау;
Аумақта мемлекеттік органдармен лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің облыс, Әкімінің актілері мен тапсырмаларын жүзеге асыру барысын бақылау;
Аумақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру, оны өткізу жөнінде аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;
Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саясаттану зерттеулерін жүргізу;
Азаматтық қоғам институттарына әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;
Аумақта ішкі саяси тұрақтылық пен саяси процестерді демократияландыруды нығайтуға бағытталған аймақтық ғылыми – тәжірибелік, саяси-қоғамдық, мәдени шараларды дайындауға қатысу;
Аумақ туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық саладағы өкімет органдары қызметі жанындағы ақпаратты тарату жүйесін жетілдіру жөнінде Әкімдіктің жұмысына қатысу;
Концептуалдық құжаттарды жасауға қатысу, Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобасын дайындау және саралау;
Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша жоғарғы органдарға ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;
Бөлімге байланысты ақпарат қорын ұйымдастыру.
Алматы облысы, Іле ауданы ішкі саясат бөлімінің
жергілікті ауыл, кент әкідіктерімен өзара әрекеттестікте
жұмыс атқару
ТӘРТІБІ
Ауданда қоғамдық саяси ахуалдың өзгеріп отыруы, оның күннен – күнге күрделенуі мен дамуы ішкі саясат бағытында жұмыс атқаратын мемлекеттік органдардың қызметін жаңа деңгейге көтеру, сапалы және жоспарлы түрде жүргізуін қажет етуде.
Осы орайда, жергілкті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, ішкі саясат саласына қатысты жұмыстарды кешенді түрде жүргізу жолында төмендегі бағыттар тәртібі ұсынылады.
1. Кадр мәселелері жөнінде
Ауыл, кент әкімдіктері ішкі саясат мәселесімен айналысатын мамандарды қызметке тағайындау, іріктеу кезінде міндетті түрде аудандық Ішкі саясат бөлімінің келісімімен жүргізілуі тиіс.
Штаттық кестеге сәйкес кадрлардың толық болуын қамтамасыз етілу жолдары қарастырылады. Ауыл, кент әкімдіктерінде қызметкерлердің және қосалқы жұмыскерлердің (резерв) сандық және сапалық мәліметтері болуы тиіс.
2. Ауыл, кент әкімдіктеріндегі мамандардың есептерін тыңдауы
Жергілікті жерлерде атқарылатын іс – шаралардың ауқымын кеңейту жұмыстың жаңа әдістерін тиімді пайдалану және ішкі саясат саласындағы қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру мақсатында ауыл, кент әкімдіктерндегі мамандардың саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, ақпараттық – насихаттық топтармен өзара әрекеттестікте атқарған және қоғамдық – саяси тұрақтылықты сақтау бағытында жүргізілген жұмыстары туралы есептері тыңдалады. Есеп беру кестеге сәйкес жүргізіледі. (Қосымша 1).
3. Ішкі саясат бөлімдері қызметкерлерін оқыту
Іле аудандық ішкі саясат саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің білім деңгейін көтеру, жаңа әдістерге үйрету, тәжірибе алмасу мақсатында тоқсан сайын семинар тренинг ұйымдастырады. Жыл сайын ішкі саясат мамандарын оқыту жоспарланады.
Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бірнеше тренингтер өкізіледі.
Сондай – ақ, облыс көлемінде өтетін іс – шараларға да мамандар жіберілетін болады.
Тәжірибе алмасу және жергілікті жерлердегі бөлімдерге көмек ретінде әр ішкі саясат саласында қатысты әдістемелік құжаттар дайындалып, таратылып беріледі.
Бүгінгі күні бұл салаға қатысты жаднамалар, көрнекі – үгіт құралдарының мәтіндері дайындалады.
2. Ішкі саясат бөлімдері қызметінің басты бағыттары және тексеру кезінде қаралатын мәселелер
топтамасы:
Іішкі саясат бөлімдері қызметінің басты жолдары және олардың жұмысын тексеру төмендегі бағыттарды қамтиды:
1. «Қазақстан – 2030» даму Стратегиясының, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының орындалу барысын насихаттау, түсіндіру жұмыстары:
- Ақпараттық – насихат топтарының жұмыс жоспары, ауыл, кент округтеріне іссапарға шығу кестесі. Аудандық ақпараттық – насихат тобының ауылдық жер тұрғындарын қамтуы туралы мәліметтер;
- Ақпараттық – насихаттық жұмысына бөлінген қаржы көлемі;
- Ақпараттық – насихаттық қызметтің басты жұмыс формалары, жаңа инновациялық әдістерді қолдануы;
- Ақпараттық – насихат топтарының әдістемелік оқу құралдарымен жабдықталуы, олармен өткізілген семинар – тренингтер топтамасы, көрнекі үгіт құралдарының жағдайы;
- Ақпараттық – насихаттық топтары жұмысының сараптамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының тұрғындарға әсері туралы сауалнамалар, зерттеулер мен сараптамалар.
- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындарға түсіндіру мен насихаттауда өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына контент – сараптама жүргізу қорытындысы.
2. Мемлекеттік органдардың қызметіндегі саяси жоспарлар, осы бағыттағы арнайы жобаларды әзірлеу мен іске асыру:
- Саяси жоспарлаудың тиімділігі;
- Маңызы бар арнайы жобаларды әзірлеу мен іске асыру, олардың сапалылығы.
3. Қоғамдық – саяси ахуалды зерттеу және мониторинг жүргізу:
- Қоғамдық – саяси ахуалдың тұрақтылығына кері әсер беретін іс – шараларға қарсы іс - әрекеттер, дау – жанжалдарды, әлеуметтік шинелістерді болдырмаудың алдын алуда тәжірибелік жұмыстар топтамасы;
- Саяси париялар, қоғамдық, діни бірлестіктер, кәсіподақ, үкіметтік емес, жастар ұйымдарының ұйымдастыруымен өткізілетін қоғамдық – саяси ахуалға әсері бар іс – шараларға тұрақты түрде мониторинг жүргізу жолдары және зерттеу жұмыстары;
- Әлеуметтік зерттеулер өткізу (Зерттеудің мерзімділігі, тақырыбы, бағыты, тұрғындарды мәселелер бойынша қоғамдық пікірлер, халықтың саяси белсенділігі, жергілікті әкімдердің рейтингін анықтау жолдары т.б.)
4. Ақпараттық саясат:
- Бұқаралық ақпарат құралдары жөнінде мәліметтер (мемлекеттік, тәуелсіз, тиражы, шығарылым тілі, халық арасындағы танымалық деңгейі, басқа азаматтық қоғам ұйымдарымен қарым – қатынасы (аффилированность), таратылу аясы);
- Өңірлік деңгейде ақпараттық саясат жүйесінің жағдайы;
- Ақпараттық саясат мәселелері жөнінде мемлекеттік тапсырыс беру (мемлекеттік және тәуелсіз БАҚ- тарға берілген тапсырыс көлемі);
- Мемлекеттік тапсырыстың орындалу сапасына мониторинг жүргізу жолдары, өңірлік деңгейде БАҚ-тарда мемлекеттік реформалар жүйесінің насихатталуы;
- Қоғамдық – саяси маңызы бар мәселелерге медиа – жоспар құру және олардың орындалуы;
- Елеулі әсері бар насихат жұмысын тиімді пайдалану, жаңа технологияларды қолдану жолдары;
- Өңірлік деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының бірлестіктерімен өз – ара әрекеттестік (Журналистер одағы, журналистердің кәсіподақ ұйымдары т.с.с);
- Жергілікті атқарушы органдардың тәуелсіз, оның ішінде оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларымен жұмыс жүргізу тәсілдері;
- Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне мониторинг, контент – талдау жүргізу, оның қорытындысын күнделікті жұмыста пайдалану.
5. Азаматтық қоғам институттарымен өз – ара әріптестік:
5.1. Саяси партиялармен жұмыс:
- Саяси партиялар туралы мәліметтер жинағы (филиалдар саны, олардың орналасу картасы, жетекшілері, жастар қанаттары туралы анықтамалар, материалдық және ақпараттық ресурстары туралы мәліметтер);
- Саяси партиялардың жұмысына мониторинг жүргізу (саяси партиялардың рейтингі, олардың қоғамдық – саяси ахуалға әсері, партия мүшелерінің белсенділігі, басқа саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен қарым - қатынасы);
- Саяси партиялармен жұмыс істеу формалары (тұрақты түрде өтетін «дөңгелек үстелдер» саяси клубтар т.с.с).
5.2. Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс:
- Ақпараттық базасын жинақтау (саны, мекен жайы, жұмыс істеу бағыты, материалдық – техникалық базасы);
- Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу жолдары;
- Үкіметтік емес ұйымдарға арасында өткізілетін әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауының қорытындысы, тәжірибелер жинағы;
- Жергілікті жерлерде құрылған үйлестіру кеңестерінің жұмысы.
5.3. Діни бірлестіктермен жұмыс:
- Ақпараттық базасын жинақтау (саны, мекен – жайы, бағыты, діни ғимараттары, намазханалары туралы мәліметтер, материалдық – техникалық базалары, миссионерлер туралы ақпарат, жетекшілері туралы хабарламалар, бұқаралық ақпарат құралдары туралы деректер);
- Діни бірлестіктермен жұмыс істеу жолдары;
- Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестердің жұмысы (жұмыс жоспары, атқарылған іс – шаралар топтамасы, кеңестің сапалық құрамы, тиімді жұмыс формалары);
- Дін саласы қызметіне мониторинг жүргізу (діни бірлестіктердің тұрғындармен жұмыс жүргізу бағытын анықтау, конфессияаралық қарым – қатынастар, шетел діни ұйымдарымен байланысы, дінаралық түсініспеушілік, шиленістер мен қақтығыстарды болдырмау шаралары, ұсыныстар, пікірлер, зерттеулер және сараптамалар).
5.4. Кәсіподақ ұйымдарымен жұмыс:
- Ақпараттық базасын жинақтау (саны, мекен – жайы, бағыты, жетекшілері туралы деректер);
- Кәсіподақ ұйымдарымен жұмыс жүргізу жолдары;
- Кәсіподақ ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу (Үш жақты келісім шартқа отыру туралы мәліметтер, кәсіподақ ұйымдарының саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен және бірлестіктермен қарым – қатынасы, еңбек дау – жанжалдары және оның алдын – алу жолдары)
6. Жастар саясаты:
- Ақпараттық базасын жинақтау (саны, мекен – жайы, бағыты, жастар лидерлері туралы деректер);
- Өңірлік жастар ұйымдарының төлқұжаттары;
- Ауыл, кент Әкімдіктері жанындағы жастар ісі – жөніндегі кеңестердің жұмысы (жұмыс жоспары, атқарылған іс – шаралар топтамасы, кеңестің сапалық құрамы, тиімді жұмыс формалары);
- Жастармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары;
- Жастар құрылымдарымен жұмыс (Жастар Конгресі, «Жасыл ел» және студенттік құрылыс отрядтарының штабтары, студенттер Алянсы т.с.с.)
7. Ішкі саясат саласы қызметінде саяси технологияларды қолдану, жаңа үлгілері мен әдістерін пайдалану;
- Ішкі саясат саласы қызметінде саяси технологияларды қолдану, жаңа үлгілері мен әдістерін пайдалану, инновациялық жобалар әзірлеу, және оны жүзеге асыру.
8. Іс – қағаздар айналымы:
- Аудан әкімдігі мен ішкі саясат бөлімінің тапсырмаларының орындалуын қадағалау;
-Аудандық құрылымдардың ішкі саясат саласына қатысты хаттамалық тапсырмаларын, жоспарларының оры ндалуын жүзеге асыру;
- Құжаттарды мұрағатқа дайындау, тапсыру.
9. Әдістемелік және ақпараттық – техникалық материалдармен қамтамасыз етілуі туралы:
- Ғылыми – тәжірибелік, әдістемелік құралдардың және мерзімді баспасөз тігінділерінің болуы;
- Ақпараттық – техникалық материалдармен қамтамасыз етілуі (оргтехника саны, шыққан жылы, қолдану мерзімі, олардың бағдарламалық қоры, телекоммуникациялық заттар тізбесі, ақпараттардың құпиялылығын сақтау жолдарына қатысты қажетті құралдар, Интернетті қолдану аясы, ақпараттар айналымында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану т.с.с).
|