БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Іле ауданының ішкі саясат бөлімі > ҚҰЖАТ

 
Іле ауданындағы діни бірлестіктер
 
 

 

 Діни бірлестіктер туралы мәлімет

       Бүгінде Іле ауданында 45 діни бірлестік «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес жұмыс атқаруда. Оның ішінде: 23 – ислам бағытында (мешіттер), 8 – православиелік (шіркеулер) және 14 – протестанттық.
Аудан көлемінде Қазақстан Республикасы азаматтарының дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат, қоғамдағы дiни келiсiмдi және конфессияаралық қатынастар үндестiгi нығайту мақсатында құрылған Іле ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесінің құрамы және ережесі бекітіліп, жұмыс жоспары жасалған.
Аудан бойынша және елді мекендер бойынша діни карта жасалды.
Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес Іле ауданы әкімдігі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңес өз қызметiн мемлекеттiк органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
Жоспарға сәйкес 2013 жылы 4 кеңес отырысы өткізілді.
2013 жылы діни бірлестіктерді жою және қайта тіркеу жөніндегі іс-шаралар барысында көтерілген мәселелер бойынша Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешімімен Іле ауданы бойынша екі діни бірлестік: «Жұбаныш» христиан-баптистер қауымы» діни бірлестігі, «Поклонение живому Богу» евангель-христиан орталығы» діни бірлестігі жұмысын тоқтатты. Ол туралы аудандық «Іле таңы» газетіне хабарландыру берілді.
Діни бірлестік мүшелеріне сот шешімінің күшіне енгендігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құзіретті мемлекеттік органдармен бірлесе аталған діни бірлестіктер бұрын жұмыс атқарған орындарға барып, көрсетілген мекен жайларда діни бірлестіктер жұмысын жүргізбейтіндігі және жеке тұлғалар тұратындығы анықталды.
Аудан аумағында діни тұрақтылық пен толеранттылықты сақтау, жастардың діни сауаттылығын көтеру мақсатында жоспарлы іс-шаралар өткізілді. Атап өтсек,
3 – дөңгелек үстел, 1 – семинар, 3 – лекция, 22 – кездесу өткізіліп, 2 – сауалнама алынды. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде ақпараттық-насихат топтары өз жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараларды өткізу барысында қатысушыларға діни экстремистік және террористік іс-қимылдарды болдырмауға ат салысу, тұрғындар арасында діни көзқарастары бойынша қақтығыстар болмауын қадағалау және діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, толерантты қоғам қалыптастыру, дәстүрлі діндерді тану, имандылық тұрғысында және діни ағымдардың зардабы туралы түсіндіру, қазіргі уақытта белең алып отырған қатерлі ағымдар туралы анықтама жасалды.
Іс-шараларға қатысушылар құрамы да түрлі жас мөлшері, ұлты, әлеуметтік дәрежесі бойынша санаттармен қамтылды. Мысалы, аудандағы екі анрайы орта білім беру мекемелері – «Прогресс» политехникалық колледжі мен Экономика және құқық колледждерінің студенттері, аудандағы белсенді жастар, әскери бөлімдеріндегі әскери қызметшілер мен келісім-шарт бойынша әскери қызметкерлер, қарапайым ауыл тұрғындары қатысты.
Іс-шараларға спикер ретінде анықтама беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін шақырылғандар қатарында облыстық дін істері басқармасының, Талдықорған қаласындағы деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендер орталығының қызметкерлері, ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілі, корпоративтік Зекет қорының Алматы аймағы бойынша өкілі, аудандық прокуратуры, ҰҚК қызметкерлері, сонымен қатар, аудандағы дәстүрлі ислам және православ діни бірлестіктерінің жетекшілері, аудандық ішкі саясат бөлімі мен жергілікті округ әкімдері, мамандары болды.
Діни сауаттылықты жастардың бойына ерте кезден сіңіру үшін де жастармен өткізілетін іс-шараларға баса көңіл бөлінеді.
Аудандық білім беру мекемелерінде жастар арасында діни төзімділікті қалыптастыру әрі діндер тарихын таныту мақсатында факультативті түрде жүргізілетін «Дінтану» пәнінің 2013-2014 оқу жылына мұғалімдерінің базасы реттелді. Бүгінде «Дінтану» курсы бойынша жоғарғы білімді 58 мұғалім оқушыларға дәріс оқуда. Оның ішінде 28-і «Дінтану» пәні бойынша қайта даярлау курстарын бітірген. Мұғалімдердің орташа жұмыс өтілі 11,6 жылды құрайды.
Аудандық білім бөлімімен бірлесе аудан мектептерінде діни жоралғыларды ұстанып, Құдайға құлшылық жолындағы және ата-анасы дін жолындағы оқушылардың тізімі жасалды. 2013-2014 оқу жылының басында 45 оқушы анықталды. Аталған оқушылар үнемі білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің бақылауында жүреді.
Ішкі саясат бөлімімен 17-23 сәуір және 13-22 мамыр аралығында білім бөлімімен және аудан прокурорымен келісілген жоспар бойынша аудан 17 мектебінде «Имандылық деген не және Ислам тарихы» тақырыбында жастардың деструктивті діни ағымдар жетегінде кетіп қалмауының алдын алу мақсатында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесулер өткізілді. Кездесулерде ауданның барлық мектеп оқушылары қамтылды. Басты мақсат - аудандағы діни ахуалды анықтау, экстремизм, терроризмді болдырмау, алдын-алу, саяси тұрақтылықты қалыптастыру, дәстүрлі емес діндердің қоғамға қарсы әсерін жастар арасында насихаттау.
Кездесулерге ауданның бас имамы және құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп әкімшілігі, дінтану пәнінің мұғалімдері, мектеп психологтары қатысты. Кездесу соңында «Адасқандар» атты бейнефильм көрсетілді.
Аудан бойынша шетелде теологиялық оқу орындарында 3 азамат оқиды, ол тәлімгерлер туралы мәлімет топтастырылған.
Діни оқу орнын аяқтаған түлектен сауалнама алынып, қазіргі жұмыс орны және мемлекеттік саясатқа деген көзқарасы сұралды. Жауаптары қанағаттанарлық.
Аудандағы имамдардың (найб имамдар, азаншылар) теологиялық білімін растайтын құжаттары жаңаланып жинақталып, анықталғаны, аудан мешіттерінде арнаулы рухани білімі бар имамдар жұмыс жасайды.
Алматы қаласын толыққанды дамуы мен әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2011 жылы мамыр айында шыққан Елбасы Н. Назарбаевтың «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» №77 Жарлығына сәйкес, Іле ауданы аумағынан Алматы қаласының аумағына бөлінген жер телімдерінде 2 діни бірлестік орналасқан, олар: Первомай кенті, Центральная көшесі, № 86 мекенжай бойынша орналасқан «Астана және Алматы епархиясындағы Первомайский а. Успенский храмының приходы» жергілікті православиялық діни бірлестігі (жетекшісі Зырянов Александр Викторович) және Боралдай кенті, Азат көшесі, 20а орналасқан жаңадан құрылысы аяқталған Боралдай кенттік мешіті. Бүгінгі күні діни бірлестік заңды тұлға ретінде Әділет басқармасында тіркеуден өтуде.
Сонымен бірге, аудан көлемінде діни мерекелер жоғарғы деңгейде аталып өтеді. Ораза айт және Құрбан айт, Рождество, Масленица мерекелерінде ауданның жергілікті діни бірлестіктер жетекшілерімен және аудан активінің қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. Осындай үрдіс мереке күндері тек аудандық әкімдік тарапынан емес, жергілікті округ әкімдері мен белсенді аудан тұрғындарының ұйымдастырумен жалғасын тауып отырады.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығы дерлік аудандық қоғамдық-саяси, бұқаралық ақпарат құралы «Іле таңы» газетінде жарияланып отырады.
2013 жылы БАҚ-тарда 38 мақала жарық көрді.
Бүгінде көп конфессиялы, көп ұлтты болғанына қарамастан, қазіргі ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен бейбітшілік сақтап келе жатқан Іле ауданында ұлт мәселесі, ұлтаралық қатынастар, діни бірлестіктер арасында өзара татулық, ынтымақ-бірлік айрықша сипат алып отыр, аудандағы қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты.
2014 жылға Іле ауданы әкімдігі жанындағы дін бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің жұмыс жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес аудан мектептеріндегі оқитын діни жоралғыларды ұстанатын оқушылармен жұмыс, «Дінтану» факультативтік пәнінің оқытылуы, аудан округтеріндегі діни бірлестіктермен байланыс жасау жөніндегі Кеңестердің жұмысы, діни бірлестіктер жанындағы оқу курстары, дәрістер туралы сұрақтар қарастырылатын болады. Ағымдағы жылы дәстүрлі діни мерекелерден бөлек, қазан айында «Рухани келісім күніне» орай апталық өткізу жоспарланды.
Іле ауданында терроризм мен экстремизм идеяларының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында құрылған аудандық ақпараттық-насихат топтың 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл жұмыс төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Мектеп оқушылары және студенттермен жұмыс;
2. Жұмыссыз жастармен жұмыс;
3. Еңбек ұжымдарымен жұмыс;
4. Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерімен жұмыс;
5. Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жұмыс;
6. Діни сенімдегі тұрғындармен жұмыс;
7. Бас бостандығынан айырылғандар мен олардың жақындарымен жұмыс;
8. Ауыл тұрғындарымен жұмыс.
Сонымен қатар, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, өз мерзімінде келесідей жұмыстар жүргізу ҰСЫНЫЛАДЫ:
Округ әкімдеріне 21 наурызға дейін:
- Округ аумағы бойынша діни картаны жаңалау (округтағы сәулетшілермен бірлесе орындау үшін);
- Шетелде діни оқу орындарында оқитын тәлімгерлер мен оларды қайтару бойынша жұмыстар жүргізу;
- Діни экстремизмнің алдын алу және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету бойынша округте ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарын бекіту;
- Облыстық дін істері басқармасымен ұсынылған есептік формалар бойынша уақытында ақпарат жолдау тиіс.
Боралдай кенті әкімі Е. Сүлетаевқа:
- Боралдай кенттік мешітін
Междуреченск ауылдық округінің әкімі Қ. Базарбаевқа:
- Екпінді ауылында орналасқан мешітті
Чапаев ауылдық округінің әкімі Б. Жұмабаевқа:
- Чапаев ауылдық мешітін заңды тұлға ретінде тіркеуден өткізу бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылады.
«Іле таңы» газетіне - үнемі:
- Діни бірлестіктермен байланыс жасау жөніндегі Кеңестің жұмысын, діни тақырыптағы ақпараттық-танымдық, түсіндерме материалдарды және тұрғындар арасында экстремистік идеологияны қабылдамауды қалыптастыруда жариялауды ұйымдастыру;
Білім бөліміне:
- Діни экстремизмнің алдын алу саласында білім беру мекемелерінде жасалып жатқан жұмыстарға бақылау жасау;
- Діни жоралғыларды ұстанатын оқушылардың нақты санын анықтау (14 наурызға дейін);
- Діни жоралғыларды ұстанатын оқушылар және олардың отбасымен жүйелі жұмыстар жүргізу ұсынылады.
 

Іле ауданындағы қайта тіркеуден өткен діни бірлестіктердің ТІЗІМІ 

Діни бірлестіктің атауы

Мекен-жайы

Қайта тіркелген күні

Бірлестік жетекшісінің аты-жөні

Ескерту

 

Мұсылман (23)

1.            

«Хайр Ихсан» мешіті

Байсерке ауылы, Арқабай көшесі, №69

86-1907-ФЛ 26.09.2012ж.

БИН 961241028935

Сүтемген Ерқанат

 

2.            

Ынтымақ ауылды мешіті

Ынтымақ ауылы, Школьная көшесі, №43В

1005-1907-ФЛ 07.09.2012ж.

БИН 011041018517

Медеуов Болат Әбілқайырұлы

 

3.            

Айтақын ата мешіті

Жаңа дәуір ауылы, МТФ

1982-1907-ФЛ 12.09.2012ж.

БИН 100341011874

Шерімов Қалдыбай Өмірсейітұлы

 

4.            

«Д.Қонаев» мешіті

Байсерке ауылы, Д.Қонаев көшесі, №9

1010-1907-ФЛ 07.09.2012ж.

БИН 011141010545

Альменов Ғабит Сейітұлы

 

5.            

«Жаңаталап» ауылдық мешіті

Жаңаталап ауылы, Өмірзақов көшесі

2021-1907-ФЛ 26.09.2012ж.

БИН 101041015660

Батырғали Ерғали

 

6.            

Али ауылдық мешіті

Али ауылы, Беделбаев  көшесі, №36

1950-1907-ФЛ 14.09.2012ж.

БИН 091241014186

Мұхаметұлов Зейнелқабиден

 

7.            

«Әділхан» мешіті

КазЦИК ауылы, Асубеков көшесі, №35

821-1907-ФЛ 26.09.2012ж.

БИН 010441016453

Сәдуақасұлы Науаш

 

8.            

«Комсомол ауылдық» мешіті

Комсомол ауылы, Алтынбек Кулибаев көшесі

1400-1907-ФЛ 27.09.2012ж.

БИН 040441041390

Алимбетов Абдулазиз Музаппарханович

 

9.            

«Омарбек» мешіті

Қараой ауылы, Отарбаев көшесі, №8

122-1907-ФЛ 12.09.2012ж.

БИН 970241019727

Джумабеков Сүлеймен

 

10.        

«Сманқұл» мешіті

Н.Тлендиев ауылы, Уалиханов көшесі

1490-1907-ФЛ 07.09.2012ж.

БИН 041241030428

Жұманов Нұрлан

 

11.        

«Қосөзен» ауылдық мешіті

Қосөзен ауылы, Ленин көшесі

2032-0907-ФЛ 07.09.2012ж.

БИН 101241019630

Ыдырысов Жанат

 

12.        

«Ақши ауылдық» мешіті

Ақши ауылы, Жандосов көшесі, №16

161-1907-ФЛ 12.09.2012ж.

БИН 960541009848

Рақышев Данияр Қалмақбайұлы

 

13.        

«Междуреченск ауылдық» мешіті

Междуреченск ауылы, Школьная көшесі, №10

1004-1907-ФЛ 15.10.2012ж.

БИН 011041024303

Ермұқан

 

14.        

«Әбу Ханифа» мешіті

Покровка ауылы, Мичурин көшесі, №50

822-1907-ФЛ 05.11.2012ж.

БИН 010441016919

Сағымбайұлы Абдулла

 

15.        

«Ал-Ихсан» мешіті

Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, №24а

791-1907-ФЛ 31.08.2012ж.

БИН 010241016317

Абсаматов Мұхтар Сардарбекұлы

 

16.        

«Абахалис Кәрімұлы» мешіті

Қоянқұс ауылы, Абай көшесі, №152

1919-1907-ФЛ 12.09.2012ж.

БИН 091141015184

Мамедов Мұстафа Алшанұлы

 

17.        

«Арын Қажы» мешіті

 

Боралдай кенті, Водник ықш.ауд., Абылайхан көшесі, №10

1260-1900-ДБ 19.06.2012ж. БИН 011041024195

1001-1907-ФЛ 14.09.2012ж.

Сейітұлы Алдажар

 

18.        

«Маметалы» мешіті

Жапек батыр ауылы, Алтаев көшесі, №53а

1003-1907-ФЛ 27.08.2012ж.

БИН 011041008956

Қонақбаев Бақыт

 

19.        

«Исмайл ибн Ибраһим» мешіті

Түймебай ауылы, Клубная көшесі, №2

1971-1907-ФЛ 14.09.2012ж.

БИН 100241003710

Алиев Ариф Сулгаддин-оглы

 

20.        

«Қожа Ахмед Яссауй» мешіті

Жетіген ауылы, Киров көшесі, №26

179-1907-ФЛ 12.09.2012ж.

БИН 970341019621

Жаңабаев Бақытжан Нұрғалиұлы

 

21.        

«Нұрманбай» мешіті

Жаңа-Арна ауылы, Нұрманбай көшесі, №31

1806-1907-ФЛ 07.09.2012ж.

БИН 080341013284

Асанбаев Қайыржан Мұратұлы

 

22.        

«Қасымхан ата» мешіті

Еңбек ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, №44б

1705-1907-ФЛ 26.09.2012ж.

БИН 070241019372

Құрманбаев Талғат Тұрсынбайұлы

 

23.        

Чапай ауылдық мешіті

Чапаев ауылы, №3 ықш.ауд

14.03.1997

Мазмуд Абдул Кудус

№88 11.03.13

87013775939

87714109073

Доскеев ықш ауд. . 117 үй

 

Мешіт салынған жер теліміның мемлекеттік актісі банкте кепілдікте болғандықтан, тіркеуде қиындық болып отыр

Протестант (14)

24.   

«Алматы облысының Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауымы, Өтеген батыр» жергілікті діни бірлестігі

Өтеген батыр кенті, Гагарин көшесі, №8а

3360-1907 ДБ 17.10.2012ж

Риммер Станислав Леонович

 

25.   

«Преображение» Інжілдік Мәсіхші Баптистердің Қауымы» жергілікті діни бірлестігі

Покровка ауылы, Алматы көшесі, №48

874-1907 ДБ 27.09.2012ж.

и.о. Зубовский Алексей, 384-16-82, 8 705 776 27 00

(Ратушный Федор Александрович

умер 30.11.2013 г.)

частное

26.   

«Боралдай Мәсіхшілік Әдіскерлік Шіркеу» Жергілікті Діни Бірлестігі

Боралдай кенті, Водник-2 ы/а, №17

4551-1907 ДБ 24.10.2012 РНН 090400210947

 

Цай Мирон Дмитриевич

Частное прачка

 

Черемушки

27.   

«Алматы облысының Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауымы, Боралдай» жергілікті діни бірлестігі

Боралдай кенті, Заводская көшесі, №24

8461-1907 ДБ 19.10.2012

Дегтяров Петр Григорьевич

 

 

«Алматы облысының Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауымы, Боралдай» жергілікті діни бірлестігі

Қараой ауылы, Пржевальская көшесі, №48

 

Дегтяров Петр Григорьевич

жалға алынған

28.   

«Өтеген батыр кенті «Жаңа Өмір» Евангельдік сенімінің мәсіхшілерінің шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

Өтеген батыр кенті, Гагарин көшесі, №11

6540-1907-ДБ 24.10.2012ж.

РНН 090400017369

Емельянов Дмитрий Валерьевич

жеке

29.   

Алматы облысының Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы «Өмір бұлағы» Христиандық Інжілдік Елуліктер Шіркеуі жергілікті діни бірлестігі

Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, 37 үй, 54 пәтер

13852-1907-ДБ 06.11.2012

БИН 121140003430

Касенков Александр Александрович

жалға алынған

30.   

«Дом жизни» Христиандық  Пресвитериандық шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

Боралдай кенті, Арычная көшесі, №15

12021-1907-ДБ 24.10.2012

050640022932

600300532777

Цой Ольга Витальевна

жалға алынған

31.   

«Жетіген» Бірлескен Әдіскерлік Шіркеуі» Жергілікті діни бірлестігі

Жетіген ауылы, Дзержинский көшесі, №30

13791-1907-ДБ 23.10.2012

110440018841

090400227039

Қожамұратов Канат

жеке

32.   

Алматы облысының Іле ауданы Қараой ауылындағы «Өмір бұлағы» Христиандық-Інжілдік Елуліктердің Шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

Қараой ауылы, 9 Мая көшесі, 15 үй

 

13855-1907-ДБ  06.11.2012

090400229640

121140003400

 

Тен Любовь Андреевна

жеке

33.   

«Інжілдік Христиан-Баптистердің «Свет» Жетіген Шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

Жетіген ауылы, Дорожник ықшамауданы, 10 үй, 1 пәтер

9688-1907-ДБ 24.10.2012

021240007832

090400211142

Калиновский Николай Валерьевич

жеке

34.   

«Вифлеем» Мәсіхтік Пресвитериандық шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

Междуреченское ауылы, Речная көшесі, 53 үй

9042-1907-ДБ 22.10.2012

020440005365

600700500861

Сысоев Вячеслав Васильевич

жеке нысаны (наз ижс)

35.   

Алматы облысының Іле ауданы Боралдай ауылындағы «Өмір бұлағы» Христиандық-Інжілдік Елуліктердің Шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

Боралдай кенті, Сайполдаев көшесі, 14 үй

13856-1907-ДБ 06.11.2012

090400229640

121140003400

Казанцева Марина Ботыровна

жалға алынған

36.   

Алматы облысының «Арна» Пресвитериан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің филиалы

Өтеген батыр кенті, Су емдеу жері

1849-1907-ФЛ 24.12.2012

090241019069

Ким Лена Чаннеровна

жекелік

37.   

Жергілікті Інжілдік Мәсіхшілік – Елулік Шіркеуі «Хлеб Жизни»

Өтеген батыр кенті, Сейфуллин көшесі, 132

13891-1907-ДБ 10.06.2013

БСН 130640007094

Ким Вячеслав Арсентьевич

 

Православиялық (8)

38.  

«Астана және Алматы Епархиясының «Междуреченск ауылының Киелі Николай храмының приходы» жергілікті діни бірлестігі

Междуреченск ауылы, Школьная көшесі, №15

4411-1907-ДБ 26.09.2012

9812400015387

090400015571

Крауз Владимир Михайлович

 

39.  

Астана және Алматы Епархиясы «Чапай ауылының Киелі Серафим храмының приходы» жергілікті православиялық діни бірлестігі

Чапаево ауылы, Мира көшесі, №24

575-1907-ДБ 08.10.2012

960540001450

090400012269

Агеев Александр Генадьевич

 

40.  

«Астана және Алматы Епархиясы Әулие Ивер қауымы»

Боралдай кенті, Курчатов көшесі, №13

3187-1907-ФЛ 04.05.2009ж.

РНН 090400012274 Алматы облыстық Әділет Департаментімен Жарғысы 26.09.2012 жылы қайта тіркелді

Петроченко Иван Борисович

ЖДБ Жарғысына қайта тіркеуге жатпайтын өзгерістер енгізілді

41.  

«Астана және Алматы епархиясы «Ионна Кронштад қауымы» жергілікті православиялық діни бірлестігі

Жетіген ауылы, Құдайбергенов көшесі, №2а

 

 

1187-1907-ДБ 01.12.2005ж.

РНН 090400016041 Алматы облыстық Әділет Департаментімен Жарғысы 08.10.2012 жылы қайта тіркелді

Мельник Евгений Владимирович

ЖДБ Жарғысына қайта тіркеуге жатпайтын өзгерістер енгізілді

42.  

«Астана және Алматы епархиясы Пророк-Илья қауымы» Жергілікті православиялық діни бірлестігі

Қараой ауылы, Рахат көшесі, №7

2548-1907-РО 22.09.2005ж

РНН 090400018620

Алматы облыстық Әділет Департаментімен Жарғысы 14.09.2012 жылы қайта тіркелді

Лаговский Юрий Михайлович

ЖДБ Жарғысына қайта тіркеуге жатпайтын өзгерістер енгізілді

 

жеке епархия

43.  

«Астана және Алматы епархиясының Әулие Сергий қауымы» жергілікті православиялық діни бірлестігі

Түймебаев ауылы, Заречный көшесі, №41

2354-1907-ДБ 01.12.2005 ж.

Алматы облыстық Әділет Департаментімен Жарғысы 05.10.2012 жылы қайта тіркелді

Бобылев Евгений

ЖДБ Жарғысына қайта тіркеуге жатпайтын өзгерістер енгізілді

44.  

«Астана және Алматы епархиясы Байсерке а.» «Азап шекен ұлы Дмитрий Солунский храмының приходы» Жергілікті православиялық діни бірлестігі

Байсерке ауылы, Учительская көшесі, №1

1616-1907-ДБ 05.10.2012

920440001403

090400013641

Юркин Александр

 

45.  

«Астана және Алматы епархиясының Адриан-Наталья қауымы» жергілікті православиялық діни бірлестігі

Өтеген батыр кенті, Әжімұратов көшесі, №1

1615-1907-ДБ 03.08.2009ж.

БИН 941240002080 Алматы облыстық Әділет Департаментімен Жарғысы 26.09.2012 жылы қайта тіркелді

Коноплев Сергей Михайлович

ЖДБ Жарғысына қайта тіркеуге жатпайтын өзгерістер енгізілді