БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Іле ауданының ішкі саясат бөлімі > ҚҰЖАТ

 
Іле ауданы әкімдігі жанындағы діни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестің 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарған жұмыстар туралы АНЫҚТАМА
 
 

 

    Бүгінде Іле ауданында 45 діни бірлестік «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес жұмыс атқаруда. Оның ішінде: 23 – ислам бағытында (мешіттер), 8 – православиелік (шіркеулер) және 14 – протестанттық.
Аудан көлемінде Қазақстан Республикасы азаматтарының дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат, қоғамдағы дiни келiсiмдi және конфессияаралық қатынастар үндестiгi нығайту мақсатында құрылған Іле ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесінің құрамы және ережесі бекітіліп, жұмыс жоспары жасалған.
Аудан бойынша және елді мекендер бойынша діни карта жасалды.
Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес Іле ауданы әкімдігі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңес өз қызметiн мемлекеттiк органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
Жоспарға сәйкес 2013 жылы 4 кеңес отырысы өткізілді.
2013 жылы діни бірлестіктерді жою және қайта тіркеу жөніндегі іс-шаралар барысында көтерілген мәселелер бойынша Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешімімен Іле ауданы бойынша екі діни бірлестік: «Жұбаныш» христиан-баптистер қауымы» діни бірлестігі, «Поклонение живому Богу» евангель-христиан орталығы» діни бірлестігі жұмысын тоқтатты. Ол туралы аудандық «Іле таңы» газетіне хабарландыру берілді.
Діни бірлестік мүшелеріне сот шешімінің күшіне енгендігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құзіретті мемлекеттік органдармен бірлесе аталған діни бірлестіктер бұрын жұмыс атқарған орындарға барып, көрсетілген мекен жайларда діни бірлестіктер жұмысын жүргізбейтіндігі және жеке тұлғалар тұратындығы анықталды.
Аудан аумағында діни тұрақтылық пен толеранттылықты сақтау, жастардың діни сауаттылығын көтеру мақсатында жоспарлы іс-шаралар өткізілді. Атап өтсек,
3 – дөңгелек үстел, 1 – семинар, 3 – лекция, 22 – кездесу өткізіліп, 2 – сауалнама алынды. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде ақпараттық-насихат топтары өз жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараларды өткізу барысында қатысушыларға діни экстремистік және террористік іс-қимылдарды болдырмауға ат салысу, тұрғындар арасында діни көзқарастары бойынша қақтығыстар болмауын қадағалау және діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, толерантты қоғам қалыптастыру, дәстүрлі діндерді тану, имандылық тұрғысында және діни ағымдардың зардабы туралы түсіндіру, қазіргі уақытта белең алып отырған қатерлі ағымдар туралы анықтама жасалды.
Іс-шараларға қатысушылар құрамы да түрлі жас мөлшері, ұлты, әлеуметтік дәрежесі бойынша санаттармен қамтылды. Мысалы, аудандағы екі анрайы орта білім беру мекемелері – «Прогресс» политехникалық колледжі мен Экономика және құқық колледждерінің студенттері, аудандағы белсенді жастар, әскери бөлімдеріндегі әскери қызметшілер мен келісім-шарт бойынша әскери қызметкерлер, қарапайым ауыл тұрғындары қатысты.
Іс-шараларға спикер ретінде анықтама беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін шақырылғандар қатарында облыстық дін істері басқармасының, Талдықорған қаласындағы деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендер орталығының қызметкерлері, ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілі, корпоративтік Зекет қорының Алматы аймағы бойынша өкілі, аудандық прокуратуры, ҰҚК қызметкерлері, сонымен қатар, аудандағы дәстүрлі ислам және православ діни бірлестіктерінің жетекшілері, аудандық ішкі саясат бөлімі мен жергілікті округ әкімдері, мамандары болды.
Діни сауаттылықты жастардың бойына ерте кезден сіңіру үшін де жастармен өткізілетін іс-шараларға баса көңіл бөлінеді.
Аудандық білім беру мекемелерінде жастар арасында діни төзімділікті қалыптастыру әрі діндер тарихын таныту мақсатында факультативті түрде жүргізілетін «Дінтану» пәнінің 2013-2014 оқу жылына мұғалімдерінің базасы реттелді. Бүгінде «Дінтану» курсы бойынша жоғарғы білімді 58 мұғалім оқушыларға дәріс оқуда. Оның ішінде 28-і «Дінтану» пәні бойынша қайта даярлау курстарын бітірген. Мұғалімдердің орташа жұмыс өтілі 11,6 жылды құрайды.
Аудандық білім бөлімімен бірлесе аудан мектептерінде діни жоралғыларды ұстанып, Құдайға құлшылық жолындағы және ата-анасы дін жолындағы оқушылардың тізімі жасалды. 2013-2014 оқу жылының басында 45 оқушы анықталды. Аталған оқушылар үнемі білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің бақылауында жүреді.
Ішкі саясат бөлімімен 17-23 сәуір және 13-22 мамыр аралығында білім бөлімімен және аудан прокурорымен келісілген жоспар бойынша аудан 17 мектебінде «Имандылық деген не және Ислам тарихы» тақырыбында жастардың деструктивті діни ағымдар жетегінде кетіп қалмауының алдын алу мақсатында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесулер өткізілді. Кездесулерде ауданның барлық мектеп оқушылары қамтылды. Басты мақсат - аудандағы діни ахуалды анықтау, экстремизм, терроризмді болдырмау, алдын-алу, саяси тұрақтылықты қалыптастыру, дәстүрлі емес діндердің қоғамға қарсы әсерін жастар арасында насихаттау.
Кездесулерге ауданның бас имамы және құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп әкімшілігі, дінтану пәнінің мұғалімдері, мектеп психологтары қатысты. Кездесу соңында «Адасқандар» атты бейнефильм көрсетілді.
Аудан бойынша шетелде теологиялық оқу орындарында 3 азамат оқиды, ол тәлімгерлер туралы мәлімет топтастырылған.
Діни оқу орнын аяқтаған түлектен сауалнама алынып, қазіргі жұмыс орны және мемлекеттік саясатқа деген көзқарасы сұралды. Жауаптары қанағаттанарлық.
Аудандағы имамдардың (найб имамдар, азаншылар) теологиялық білімін растайтын құжаттары жаңаланып жинақталып, анықталғаны, аудан мешіттерінде арнаулы рухани білімі бар имамдар жұмыс жасайды.
Алматы қаласын толыққанды дамуы мен әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2011 жылы мамыр айында шыққан Елбасы Н. Назарбаевтың «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» №77 Жарлығына сәйкес, Іле ауданы аумағынан Алматы қаласының аумағына бөлінген жер телімдерінде 2 діни бірлестік орналасқан, олар: Первомай кенті, Центральная көшесі, № 86 мекенжай бойынша орналасқан «Астана және Алматы епархиясындағы Первомайский а. Успенский храмының приходы» жергілікті православиялық діни бірлестігі (жетекшісі Зырянов Александр Викторович) және Боралдай кенті, Азат көшесі, 20а орналасқан жаңадан құрылысы аяқталған Боралдай кенттік мешіті. Бүгінгі күні діни бірлестік заңды тұлға ретінде Әділет басқармасында тіркеуден өтуде.
Сонымен бірге, аудан көлемінде діни мерекелер жоғарғы деңгейде аталып өтеді. Ораза айт және Құрбан айт, Рождество, Масленица мерекелерінде ауданның жергілікті діни бірлестіктер жетекшілерімен және аудан активінің қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. Осындай үрдіс мереке күндері тек аудандық әкімдік тарапынан емес, жергілікті округ әкімдері мен белсенді аудан тұрғындарының ұйымдастырумен жалғасын тауып отырады.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығы дерлік аудандық қоғамдық-саяси, бұқаралық ақпарат құралы «Іле таңы» газетінде жарияланып отырады.
2013 жылы БАҚ-тарда 38 мақала жарық көрді.
Бүгінде көп конфессиялы, көп ұлтты болғанына қарамастан, қазіргі ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен бейбітшілік сақтап келе жатқан Іле ауданында ұлт мәселесі, ұлтаралық қатынастар, діни бірлестіктер арасында өзара татулық, ынтымақ-бірлік айрықша сипат алып отыр, аудандағы қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты.
2014 жылға Іле ауданы әкімдігі жанындағы дін бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің жұмыс жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес аудан мектептеріндегі оқитын діни жоралғыларды ұстанатын оқушылармен жұмыс, «Дінтану» факультативтік пәнінің оқытылуы, аудан округтеріндегі діни бірлестіктермен байланыс жасау жөніндегі Кеңестердің жұмысы, діни бірлестіктер жанындағы оқу курстары, дәрістер туралы сұрақтар қарастырылатын болады. Ағымдағы жылы дәстүрлі діни мерекелерден бөлек, қазан айында «Рухани келісім күніне» орай апталық өткізу жоспарланды.
Іле ауданында терроризм мен экстремизм идеяларының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында құрылған аудандық ақпараттық-насихат топтың 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл жұмыс төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Мектеп оқушылары және студенттермен жұмыс;
2. Жұмыссыз жастармен жұмыс;
3. Еңбек ұжымдарымен жұмыс;
4. Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерімен жұмыс;
5. Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жұмыс;
6. Діни сенімдегі тұрғындармен жұмыс;
7. Бас бостандығынан айырылғандар мен олардың жақындарымен жұмыс;
8. Ауыл тұрғындарымен жұмыс.
Сонымен қатар, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, өз мерзімінде келесідей жұмыстар жүргізу ҰСЫНЫЛАДЫ:
Округ әкімдеріне 21 наурызға дейін:
- Округ аумағы бойынша діни картаны жаңалау (округтағы сәулетшілермен бірлесе орындау үшін);
- Шетелде діни оқу орындарында оқитын тәлімгерлер мен оларды қайтару бойынша жұмыстар жүргізу;
- Діни экстремизмнің алдын алу және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету бойынша округте ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарын бекіту;
- Облыстық дін істері басқармасымен ұсынылған есептік формалар бойынша уақытында ақпарат жолдау тиіс.
Боралдай кенті әкімі Е. Сүлетаевқа:
- Боралдай кенттік мешітін
Междуреченск ауылдық округінің әкімі Қ. Базарбаевқа:
- Екпінді ауылында орналасқан мешітті
Чапаев ауылдық округінің әкімі Б. Жұмабаевқа:
- Чапаев ауылдық мешітін заңды тұлға ретінде тіркеуден өткізу бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылады.
«Іле таңы» газетіне - үнемі:
- Діни бірлестіктермен байланыс жасау жөніндегі Кеңестің жұмысын, діни тақырыптағы ақпараттық-танымдық, түсіндерме материалдарды және тұрғындар арасында экстремистік идеологияны қабылдамауды қалыптастыруда жариялауды ұйымдастыру;
Білім бөліміне:
- Діни экстремизмнің алдын алу саласында білім беру мекемелерінде жасалып жатқан жұмыстарға бақылау жасау;
- Діни жоралғыларды ұстанатын оқушылардың нақты санын анықтау (14 наурызға дейін);
- Діни жоралғыларды ұстанатын оқушылар және олардың отбасымен жүйелі жұмыстар жүргізу ұсынылады.