БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Іле ауданының ішкі саясат бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ  
 

                                   Саяси партиялар туралы мәлімет

Саяси партиялар атауы

Мүше саны

Туған жылы айы күні

Жетекшісі

1

«Нұр Отан» ХДП

10061

13.12.1954ж

Аудан әкімі Б.Абдулдаев

2

«Ауыл»

 1210

25.03. 1953 ж

Ауылшаруашылық

бөлімінің бас маманы М.Абдумажитов

 

ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ПАРТИЯЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАНДЫРУ 

 

       Қоғамдық-саяси партиялармен жұмыс ұйымдастыру барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қоғамдық бірлестіктер» туралы, «Саяси партиялар» туралы Заңдарын және т.б. нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып аудан, қала әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдері төмендегі міндеттерді жүзеге асыруы қажет.

1.1      Зерттеу және әдістемелік жұмыс:

  - саяси-әлеуметтік және мәдени салалардағы қоғамдық қатынастарды үйлестіру және реттеу үшін қоғамның даму жағдайын,болып жатқан өзгерістерді, аумақты саяси ахуалды үздіксіз зерттеп отыру, қоғамдық-саяси процестер динамикасын анықтау;

    -аумақтағы саяси субъектілердің пәрмендігін (партиялар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар),олардың қоғамдық-саяси жұмыстарға қатысуын және жергілікті тұрғындар арасында ықпал ету деңгейін анықтау;

қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, болуы мүмкін әлеуметтік шиеленістің алдын алу үшін өткізілетін шаралар, дөңгелек үстел отырыстарын, пікірсайыс клубын ұйымдастыруды сауатты жоспарлау;

    -қоғамдық-саяси партиялар, бірлестіктермен  тиімді әрі сындарлы қарым-қатынас жасаудың жолдарын, бағыттарын табу;

    -республика,облыс, ауданда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдау жолындағы ҚСП (Б) қызметін белсендіру;

ҚСП (Б)-дың қызметі және олардың жаңадан құрылған филиалдары туралы ақпарат жинау,оны өңдеу,болжау, келеңсіз шаралардың алдын алу жөнінде ұсыныс енгізу;

-                     облыстық ішкі саясат департаментіне аумақтағы қоғамдық-саяси ахуал туралы апталық,айлық, тоқсандық, және жарты жылдық сараптамалық есепті уақытылы жолдап тұру;сараптамалық есепте аудан, қала аумағындағы қоғамдық-саяси ахуалға қысқаша мінездеме мен наразылық акциялары (рұқсат етілгені немесе рұқсат етілмегендігі)  жайлы мәліметтерді қамту;

-                               ҚСП (Б) жұмысының түрлері мен әдістерін айқындау және жаңарту;

-                              Стратегиялық басымдылықтарды және реформаларды қолдау жұмысындағы ҚСП-дың жұмылдыру мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалану (баспа маиериалдары, бастауыш ұйымдардың жүйесі,тұрғындармен жұмыс жасауды белсендіру).

 

1.2 Ұйымдастыру – бақылау жұмысы

 - ҚСП(Б) қызметінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар туралы заңдарға, басқа да нормативтік актілер, бағдарламалық және ережелік құжаттарға сәйкестігін бақылау;

 -  жұмыста  саяси партиялардың басшыларын, белсенділерін, көпшілікке танымал ақсақалдар мен ардагерлерді, жас лидерлерді, ғалымдар,спортшыларды және т.б.пайдалану, осы құрамнан шұғыл қимылдаауға қабілетті тұрақты актив жасақтаау;

 - тіркеуден өтпеген  бейресми ұйымдардың қызметін бақылау және бұлтартпау;

тиісті мемлекеттік органдармен үнемі байланыс жасау, ҚСП-дың қызметі туралы ақпараттар алмасу;

- оппозициялық көзқараста жарияланған БАҚ материалдарына шолу жасап, мерзімінде тиісті шаралар қабылдау жолын қарастыру қажет.

ҚҰЖАТТАНДЫРУ

1.  ҚСП (Б)  жарғысы, РНН,  Куәлік көшірмелері

2. ҚСП (Б)жетекшісінің сапалық құрамы

3. ҚСП (Б) мүшелерінің сапалық құрамы

4. ҚСП (Б) белсенділерінің сапалық құрамы

5. ҚСП (Б)   жұмыс жоспары

6. Атқарған жұмыстары туралы анықтама

7. Өткізген шаралардан суретті альбом

8. Партиякарта

9. БАҚ-қа шыққан материалдар

10.Талдаулар, мониторингтер