Бөлім аудан әкімінің қолдауымен ҚР Президентінің Жолдауын, аудан экономикасының дамуының негізгі бағыттарын, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудың өзекті мәселелерін түсіндіру, діни терроризм мен экстремизмнің алдын – алу жастарға елжандылық тәрбие беру жұмыстарын жүргізеді. .
Стратегиялық мақсат - қоғамдық бірлік пен біртұтас Қазақстандық, бәсекеге қабілетті жастар мен ұлтты қалыптастырып, міндеттерді жүзеге асыруда аудан бойынша мақсатты бағытты айқындап, төмендегі міндеттер жүзеге асырылды:
Біріншіден, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Екіншіден азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысын нығайту.
Азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттестік келесі бөлімдерге бөлінеді:
1.Саяси партиялар, саяси қозғалыстармен өзара әрекеттестік
2.Діни ұйымдармен өзара әрекеттестік
3.Кәсіподақ ұйымдарымен өзара әрекеттестік
4.БАҚ-пен өзара әрекеттестік
5.Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік
6.Этномәдени бірлестікмен жұмыс
7.Жастармен жұмыс жүргізу
8.Ауылдық,кенттік, мекемелік құрылымдармен әрекеттестік
Төртінші, ұлтаралық қатынастың қазақстандық моделін насихаттау жұмысын жалғастыру.
Бөлім өз міндетін аудандағы мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін талапқа сай келісілген жоспары бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы және «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын жалпықоғамдық, аймақтық міндеттерді, ескере отырып жүзеге асырды.
ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ
Бүгінгі таңда облыс бойынша Іле ауданы экономикалық жағынан өсуде, көшбасшы ретінде танылған аудандардың бірі. Ауданда 20 ақпарат- насихат тобы жасақталған. Атаулы топтың 220 мүшесі - этно мәдени бірлестіктер, мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардан құрылған.
Ақпарат - насихат топтарының жұмыс тәжірибелерінде мәслихаттар, кездесулер, дөңгелек үстөлдер өткізу және баспасөз ақпарат құралдарына мақалалар беру, әдістемелік құралдар шығару жақсы жолға қойылған. Барлық елді-мекендерде «Нұрлы жол – Қазақстан даму жолы», «Мәңгілік Ел», «Біз Елбасы саясатын қолдаймыз» тақырыптарында шаралар өткізіліп, Елбасы Жолдауымен таныстырылды.
Аудан бойынша Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты акция өтті. Атаулы акция аясында аудан округтерінде «Ер есімі-ел есінде», «Өткен күндер тарихы», «Ұлы Жеңіс жасасын!», «Бәрі есімде...», «Отан оттан да ыстық», «Ешкімде ұмытылмайды, ешнерседе ұмыт қалмайды», «Жойылсын жалгыз сөз соғыс деген», «Ұлы Жеңіске тағзым!» атты жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, ардагерелер еңбегін насихаттау мақсатында кездесулер ұйымдастырылды.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған
акция аясында өткізілетін іс-шаралар
ЕРЕЖЕСІ
Тақырыбы: «Ұлы Жеңіске тағзым!»
Өзектілігі:
Биыл - Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл: қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды. Қазіргі таңда Іле ауданында 38 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады, оның 13 мүгедек жандар.
Мақсаты:
Ұлы Жеңіс ардагерлерін, еңбек, тыл ардагерлерінің еңбектерін, өмір жолын, ерліктерін жас ұрпаққа насихаттау, қайырымдылық көмектер ұйымдастыру, марапаттау.
Міндеті:
1. Атаулы шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек, тыл ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар ұйымдары және т.б шақырылады.
2. Іс-шара аясында аудан тұрғындар және жастармен кездесулер, семинарлар, мерекелік концерттер өткізіледі.
Ұйымдастырушылар:
Аудандық Ішкі саясат бөлімі, жергілікті әкімдік, аудандық үкіметтік емес ұйымдар, т.б
Іс шара бағдарламасы:
1. Мерекелік шараның ашылуы
2. Гимн
3. Соғыс ардагерлерімен тыл, еңбек ардагерлерін таныстыру
4. Соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлерінің естеліктерін тыңдау
5. Аудан уәкілінің құттықтауы
6. Жергілікті әкімдік құттықтауы
7. Жастар қанатының құттықтауы
8. Марапаттау
9. Мерекелік концерт
Аудандық АНТ-ы аудан тұрғындары, шалғай ауылдағы мал отарларымен кездесулер ұйымдастырды. Атаулы кездесулер барысында Елбасы Жолдауына байланысты әдістемелік материалдар, газет-журналдар, сонымен бірге медициналық дәрі-дәрмектер таратылды, туындаған түйінді мәселелерін шешуге атсалысты.
· Іле ауданы бойынша 34 ұлт өкілдері тұрады. 4 этно-мәдени орталықтар, 13 үкіметтік емес ұйымдар, 3 бұқаралық ақпарат құралдары мен 2 саяси партиялардың филиалдары қызмет атқаруда.
· Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 Стратегиясы – Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары бойынша бірқатар саяси-ұйымдастырушылық жұмыстар атқарылды.
· Аудан бойынша Елбасы Жолдауын тұрғындар арасында насихаттау мақсатында аудан әкімінің бекітуімен құрамында 220 адамы бар 20 аудандық насихат тобы жұмыс істейді.
· Бүгінгі күні аудан аймағында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттауға байланысты, құқық бұзушылық пен салауатты өмір салтын насихаттауға, мемлекеттік рәміздерді қолдауға, тарихи құндылықтарды зерделеуге және т.б әлеуметтік салада қамтылған тақырыптар негізінде барлығы 25 билборд, панно, аспалы қондырғылар, стендтер мен ұран сөздер орнатылған.
· Саяси партиялардың ішінде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының аудандық филиалы белсендік танытуда.
· Аудан көлемінде оппозициялық көзқарастағы саяси ұйымдардың қызметтеріне тұрақты мониторинг жүргізілді. Заңсыз митинг, шерулер мен демонстрациялардың алдын алуға байланысты нақты іс-шаралар қабылданып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
· Өзге этнос өкілдері көп шоғырланған Өтеген батыр а/о, Ащыбулақ а/о, Жетіген а/о, Жетіген а/о, Боралдай ауылдық округтерінде ерекше бақылауға алынып, мониторинг жүргізілуде.
·Аудан бойынша діни бірлестіктер саны - 46, оның ішінде мұсылмандық діни бірлестік – 24 , проваславты діни бірлестік -8, протестантық діни бірлестік 14.
· Этносаралық қатынастардың жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін үрдістерді анықтау мақсатында аудандағы этносаралық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіледі.
· Жыл басынан 5 әлеуметтік сауалнама өткізіліп, оған 1500 респонденттер қатысты.
Сонымен қатар елді мекендердегі әлеуметтік экономикалық түйінді мәселелерді шешуде жоспарлы жұмыс жүргізеді. Ауданда саяси партиялар арасында түсінбеушілік немесе заңсыз әрекеттер, саяси шаралар өткізу фактілер тіркелінбеді.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОПТАРЫ ТУРАЛЫ
МӘЛІМЕТ
АНТ саны
|
АНТ мүщелерінің саны (адам)
|
20
|
220
|
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ
ЖАЛПЫ САНЫ
|
3
|
Атауы
|
«Іле таңы» саны - 5750
|
|
«Без проблем» саны 95 000
|
|
«Жер жахан» саны - 3700
|
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
№
|
БАҚ аты
|
Редакторы
|
Меншік иесі
|
1
|
«Іле таңы»
|
Айдарбекова Роза Маратқызы
|
Мемлекеттік
|
2
|
Без пороблем
|
Сайфутдинов. Э.Р
|
Жеке меншік
|
3
|
«Жер жаһан» журнал
|
Айдарбекова Роза Маратқызы
|
Жеке меншік
|
Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс

Ауданда 3 баспасөз - ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде: мемлекеттік-1(Іле таңы) және 1 тәуелсіз газет- (Без проблем) , 1 тәуелсіз журнал (Жер жахан), Атаулы басылымдардың ішінде аудандық «Іле таңы» газетінің тиражы 2015 жылы 5750 дана. «Без проблем» - 95000 дана, «Жер жахан - 3700 дана.
Аудан бойынша БАҚ жұмыстың жұмыс жоспары жасалынып біршама жұмыстар атқарылды. Аудан туралы БАҚ-н телеарналарда жарияланған кемшіліктермен сыни мақалаларға талдау жасау үшін аудан бойынша әр апта сайын БАҚ-н аудан жайында шыққан сыни мақалаларға ішкі саясат бөлімі талдау жасап, оның шешу жолдарын қарастырады.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша «Қазақстан – 2050» мемлекеттік стратегиялық бағдарламасының орындалуы, Елбасы жолдауы, жастар саясаты, тіл мен мәдениет, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің жұмыстары баспасөз құралында жоспарға сәйкес толығымен жүзеге асырылуда.
ІЛЕ АУДАНЫ БОЙЫНША ҮЕҰ САНЫ
ІЛЕ АУДАНЫНДА ҮЕҰ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ
МӘЛІМЕТ
«Қазақстан - 2050» Стратегиясында, Қазақстан Републикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында, басқа да стратегиялық құжаттарда белгіленген мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестік қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру, өзара ынтымақтастықты жалғастыру мақсатындағы іс-шараларды ұйымдастыруға 9,5 млн.теңге бөлінді.
Бөлінген қаражатқа төмендегідей тақырыпта электронды мемлекеттік сатып алу веб-порталына лоттар қойылды:
1. «Алматы облысы, Іле ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2015 жылға Іле ауданында Ұлы Жеңістің 70- жылдығына орай соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған іс-шаралар өткізу
2. «Алматы облысы, Іле ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2015 жылға Іле ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Дәстүрлі діннің қоғамдағы алатын орны» атты өткізілетін іс-шаралар өткізу
3. «Алматы облысы, Іле ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2015 жылға Іле ауданында жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ» - атты іс шаралар іс-шаралар ұйымдастыру
4. «Алматы облысы, Іле ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2015 жылға Іле ауданында Халықтар ассамблеясының 20 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тәуелсіздік жолы – тарих жолы» атты өткізілетін іс-шаралар ұйымдастыру
5. «Алматы облысы, Іле ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2015 жылға Іле ауданында Мемлекеттік рәміздерді нсихаттау және қолдану мақсатында «Рәміздерім айбатым, Рәміздерім мақтанышым» атты іс-шаралар ұйымдастыру
Бөлінген қаражат негізінде 2015 жылы іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараларда жалпы саны 10000 адам қамтылды.
Өткізілген іс-шаралардың ішінен Алматы қаласы «Адам және қоғам» үкіметтік емес ұйыммен ұйымдастырылған «Ұлы Жеңіске тағзым» аудандағы ардагерлердің қатысумен өткізілген акцияны, «Алматы облысы, Жамбыл ауданы ерікті мүгедек балалар қоғамының бірлестігі» мемлекеттік емес ұйымы өткізілген «Дәстүрлі діннің қоғамдағы алатын орны» тақырыбындағы өткізіліп келе жатқан семинарларды, кездесулерді жоғарғы деңгейде өтті деп баға беруге болады.
Сонымен қатар, белгіленген тақырыптар бойынша үкіметтік ұйымдар көрнекі үгіт-насихаттық құралдарын шығарды, атап өтсем, конфессияаралық келісім, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, мүлдем төзбеушілік қағидатына байланысты, ауған соғысы ардаргерлеріне құрмет, т.б. тақырыптарды бибордтар шығарды.
Қоғамдық бірлестіктер жұмысын насихаттауда аудандық «Іле Таңы» газетінің алатын орны ерекше, 2015 жылы «Гендерлік саясатты жүзеге асыру- өмір талабы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Бірлік пен береке мейрамы» , «Қазақстандық патриотизм және дін», «В мире дружбы и стабильности», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Қайырымдылық», «Отбасы – шағын мемлекет» атты тақырыптарында 49 мақала жарық көрді.
2015 жылы да Іле ауданына мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге 9 млн. 500 мың теңге бөлінді. Конкурс электронды мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады. Қаражатты игеруде жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың қатысып, жұмыстарының алға жылжуы үшін ауданда тіркелген қоғамдық бірлестік жетекшілерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар туралы, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтердің тақырыптары туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ҮЕҰ арасынан аудандық ардагерлер қоғамдық ұйымы, Әлеуметтік азаматтық базис «Болашақ» қоғамдық бірлестігі, МИР қоғамдық ұйымы, «Жігер», «Аудандық ардагерлер ұйымы», «Альпийская роза» аудандық ауған соғысының ардагерлерінің ұйымы жоспарлы жұмыс жүргізіп, халықтар арасында жүйелі қызмет атқарады.
АУДАН БОЙЫНША ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР БОЙЫНША
МӘЛІМЕТ
№
|
діни бірлестік
|
діни бірлестіктер САНЫ
|
Барлығы
|
46
|
1
|
мұсылмандық
|
24
|
2
|
Православтық
|
8
|
3
|
Протестанттық
|
14
|
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ДІНИ БIРЛЕСТIКТЕРМЕН БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНIНДЕГI КЕҢЕСТІҢ АТҚАРҒАН
ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ
МӘЛІМЕТ
Іле ауданында 46 діни бірлестік «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес жұмыс атқаруда. Оның ішінде: 24 – ислам бағытында (мешіттер), 8 – православты (шіркеулер) және 14 – протестанттық.
Аудан көлемінде Қазақстан Республикасы азаматтарының дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат, қоғамдағы дiни келiсiмдi және конфессияаралық қатынастар үндестiгi нығайту мақсатында құрылған Іле ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесінің құрамы және ережесі бекітіліп, жұмыс жоспары жасалған.
Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес Іле ауданы әкімдігі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңес өз қызметiн мемлекеттiк органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
Жоспарға сәйкес 2015 жылы 4 кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырыстарында дінітану пәнінің оқытылуы, БАҚ –да мақалалар жарық көруі және округтердегі діни ахуалдарға талдаулар жасалынды.
2015 жылдың 7 қаңтарда Өтеген батыр кентінің «Мақсат» кафесінде «Рождество» діни мерекесіне орай Іле ауданың тұрғындарына арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы іс-шараға аудан әкімінің орынбасары В.Файль, Адриано-Натальенский шіркеуінің жетекшісі, протойерей - Сергий Коноплев,бөлім басшылары, округтерден жиналған қауымды «Рождество» мерекесімен құтықтады.
Мерекелеу барысында аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен Өтеген батыр кентінің №7 орта мектеп оқушыларынан құрылған көркем өнерпаз ұжымының концерттік бағдарламасын тамашалады. Іс-шараға 200 адам қамтылды.
Жергілікті жерлерде проваславты шіркеулерде «Рождество» мерекесіне байланысты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жыдарға арналған мелекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында аудан тұрғындары арасында ҚР-ның діни бірлестіктер туралы Заңын насихаттау және діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша Іле ауданы Чапай ауылы мәдениет үйінде «Мәуліт» діни мерекесіне байланысты 13.01.2015ж. конференция ұйымдастырылды. Конференция мақсаты:
1. Мәуліт мерекесінің тәрбиелік мәнін түсіндіру;
2. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу;
3. Қазақ ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау;
Атаулы іс-шараға «Нұр - Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің деканы-доктор Рамадан Хайтими, «Нұр - Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, философия магистрі Данияр Абдуссамад, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің докторанты, дінтанушы-Самед Октам, ауданның құқық қорғау органдарының қызметкерлері, облыстық дін істері басқармасынан, ауылдық, кенттік округ әкімдері, ішкі саясат мамандары, бөлім басшылары, мектеп директорлары тәрбие ісінің меңгерушілері, дін тану пәнінің мұғалімдері, мешіт имамдары, қоғамдық ұйым төрағалары, аудан тұрғындары, БАҚ өкілдері «Асыл Арна» және «СТВ» өкілдерінің қатысуымен 210 адамға қамтылып өткізілді.
16.01.2015ж Ащыбұлақ ауылдық округінің жастарына аудандық АНТ мүшелерімен №20 орта мектеп акт залында «Дін және терроризм: әртүрлі түсініктер» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.Кездесудің мақсаты: Жастармен дәстүрлі діндерді тану, имандылық тұрғысында және басты мақсат-экстремизм, терроризмді болдырмау, алдын-алу, саяси тұрақтылықты қалыптастыру, дәстүрлі емес діндердің қоғамға қарсы әсерін жастар арасында түсіндіру. Іс-шараға 200 жоғарғы сынып оқушылары қамтылды.
2015 жылдың 3 ақпанында Идеалогия жұмыстары бойынша 25750 әскери бөлімнің аға офицері майор Б.Кулпендиев пен ұйымдастыруларымен 25750 әскери бөлімінің офицерлер мен келісім шарт арқылы қызмет етіп жүрген әскери қызметілердің арасында, діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу, жастарға патриоттық тәрбие беру, жат ағымның әсерінен қорғау мақсатында жергілікті құқық қорғау органдарының, аудандық ішкі саясат бөлімінің, аудандық жастардың қатысуы мен «Радикализм – біздің жол емес» атты семинар өтті.
27.02.2015ж Байсерке ауылдық округі №12 орта мектептің акт залында
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жыдарға арналған мелекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында аудан әкімімен бекітілген Іле аудандық ақпараттық насихаттау тобының «Қазақстандық патриотизм және дін» тақырыбында «Ішкі саясат бөлімі» ММ және Жамбыл ауданы ерікті мүгедек балалар қоғамы ҮЕҰ ұйымдастыруымен семинар өтті.
10.03.2015ж Өтеген батыр кенті №7 орта мектеп акт залында Іле ауданы «Ішкі саясат бөлімі» ММ ұйымдаструымен «Дәстүрлі емес діни ағым» кездесуі ұйымдасытырылды. Кездесудің мақсаты:
1. Дәстүрлі емес діни ағымдардың зардабын түсіндіру.
2. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.
3. Отанға деген патриотизм сезімін арттыру.
Атаулы кездесуде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің дінданушы магистрі, дінтану және мәдениеттанушы кафедрасының докторанты Еркін Танкулов және Алматы епархиясының Адриано Наталинскии приходының - Евгении әкейі.Аудандық АНТ тобы мүшесі дінтанушы, аудан бас имамы –Алдажар Сейітұлы.Ауданымыздың протестантты және проваславты діни бірлестік өкілдері, ауылдық округі әкімдігінің мамандары, ішкі саясат мамандары, Прогресс колледжінің студенттері, №7, №38 және М.Мақатаев ат. №13 орта мектеп жоғарғы сынып оқушылары, ауыл тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.
12.03.2015ж Күрті ауылдық округі Ақши ауылының №41 орта мектеп акт залында Облыстық АНТ мүшелерінің қатысумен «Ұлт болашағы - иманды әйел» атты семинар ұйымдастырылды. Атауылы іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің дінданушы магистрі, дінтану және мәдениеттанушы кафедрасының докторанты, Іле ауданы «Жастар орталығы» қызметкері, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлеуметтанушы магистрі, аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, мекеме басшылары, округ әкімдіктеріндегі ішкі саясат бөлім мамандары, ауылдық округтерінің имамдары, арнаулы орта оқу орындары мен жалпы білім беру мекемелерінің жас мамандары, дінтану пән оқытушысы, ауыл ақсақалдары және қоғамдық кеңес жетекшілері, БАҚ өкілдері шақырылып ҰҚК қызметкерлері, Прокуратура қызметкерлері жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері, округ әкімдерінің орынбасарлары, №8 және №41 орта мектеп директорлары, тәрбие ісінің меңгерушілері, имамдар, қоғамдық ұйым төрағалары , «Жас Отан» жастар қанаты , арнаулы орта оқу орындары мен жалпы білім беру мекемелерінің жас мамандары, дінтану пән оқытушысы, ауыл ақсақалдары және қоғамдық кеңес жетекшілері қатыстырылды.
Семинар барысында жиналған қауымға күндеікті тұрмыстағы ананың балаға деген тәрбиесін бейнелеуге байланысты сал-дәстүрлер , бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүрлер,ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық ,қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері,сөйлеу әдебі мен киім кию тәрбиесі, балаға тәрбие берудегі ананың рөлін
Қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымыз иманды әйелдің алақынына шығатынын атап өтіліп, «Хабар» телеарнасының «ДРЕСС КОД» атты телехабары көрсетілді. Үзіндіні талқылау барысында қазіргі интеграциялық ғаламдану қоғамында ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпау,өзгн дінге еліктемеу секілді тақырыптар көтеріліп талқыланды.
07.04.2015 жылы Білім бөлімінің мәжіліс залында аудандық ІІБ ұйымдастырумен «Өзіңді бағала,өмірді сүй» атты суйцидтің алдын алу бойынша Талғар, Есік және Іле ауданы полиция қызметкерлерінің арасында «Әл-Ихсан» мешітінің бас имамы Мухаметуллов Зейнен Қабиденнің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
22.04.2015 жылы Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жыдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында аудан әкімімен бекітілген Іле аудандық ақпараттық насихаттау тобының 2015 жылға арналған іс - шаралар жоспарына сәйкесінше 22.04.2015ж сағат «Жастар тәрбиесі және Дін» тақырыбында «Ішкі саясат бөлімі» ММ және Жамбыл ауданы ерікті мүгедек балалар қоғамы ҮЕҰ ұйымдастыруымен семинар өткізілуінің іс-шаралары ұйымдастырлуда.
6.05.2015 жылы Аудандық Прокуратураның тапсырысымен орта мектеп оқушыларына және аудан тұрғындарының назарына «Шырмауық» спектальін көрсету мақсатында ауданы мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына синхронды көрсетілім ұйымдастырылып 3000 жуық жас жеткіншектерге көрсетілді.
Іс шара барысында АНТ мүшелері жас жеткіншектерге спектакльдің бас кейіпкерлердің өзге дінге бет бұрып, туған отбасыларынан бас тартып жапа шеккендер туралы айтты.
15.05.2015 жылы Қараой ауылдық округінің №18 орта мектеп оқушыларымен Аудандық АНТ «Ислам дінінің асыл құндылықтары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
22.05.2015 жылы Аудандық АНТ мүшелерінің қатысуымен Боралдай кенті «Өзін өзіне қолжұмсау жағдайларының алдын алу» тақырыбында №55065 әскери бөлімінің жеке құрамымен дөңгелек үстел ұйымдастырылуда.
28.05.2015 жылы Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жыдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында аудан әкімімен бекітілген Іле аудандық ақпараттық насихаттау тобының 2015 жылға арналған іс - шаралар жоспарына сәйкесінше «Ислам дінінің асыл құндылықтары» тақырыбында «Ішкі саясат бөлімі» ММ және Жамбыл ауданы ерікті мүгедек балалар қоғамы ҮЕҰ ұйымдастыруымен семинар өткізілуінің іс-шаралары ұйымдастырылды.
Іс-шараларды өткізу барысында қатысушыларға діни экстремистік және террористік іс-қимылдарды болдырмауға ат салысу, тұрғындар арасында діни көзқарастары бойынша қақтығыстар болмауын қадағалау және діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, толерантты қоғам қалыптастыру, дәстүрлі діндерді тану, имандылық тұрғысында және діни ағымдардың зардабы туралы түсіндіру, қазіргі уақытта белең алып отырған қатерлі ағымдар туралы анықтама жасалады.
Аудандық білім беру мекемелерінде жастар арасында діни төзімділікті қалыптастыру әрі діндер тарихын таныту мақсатында факультативті түрде жүргізілетін «Дінтану» пәнінің 2014-2015 оқу жылына мұғалімдерінің базасы реттелді. Бүгінде «Дінтану» курсы бойынша жоғарғы білімді 58 мұғалім оқушыларға дәріс оқуда. Оның ішінде 28-і «Дінтану» пәні бойынша қайта даярлау курстарын бітірген. Мұғалімдердің орташа жұмыс өтілі 11,6 жылды құрайды.
Аудан бойынша шетелде теологиялық оқу орындарында 1 азамат оқиды, ол тәлімгерлер туралы мәлімет топтастырылған.
2015 жылы аудандық «Іле таңы» газетінде : «Дін және дәстүр», «Дін және мемлекет», «Таблиғи жамағат» және т.б тақырыптарда 35 мақала жарық көрді. Сол сияқты, аудан тұрғындарына «Адасқандар», «Құрбандар» атты деректі фильмдер көрсетіліп, мектептерге таратылды.
ІЛЕ АУДАНЫ БОЙЫНША ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Ауданда этномәдени бірлестіктер және конфессиялар арасында тиімді әрі сындарлы қарым-қатынас жасау, этномәдени бірлестіктермен жұмыс ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының Конституциясын, нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып міндеттерді жүзеге асыруда.
Іле ауданында қазіргі кезде төрт этно-мәдени бірлестіктер жұмыстарын атқаруда, атап айтқанда:
1. Қазақстан Республикасы кәрістері ассоциациясының Іле аудандық өкілеттілігі,
2. Славян этно-мәдени бірлестігі,
3. «Т.Шевченко атындағы Просвита Жетісу» украин этно-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің Іле аудандық филиалы,
4. «Қазақстандағы ұйғырлардың Республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Іле аудандық филиалы.
Сонымен бірге аудан көлемінде 2 диаспора белсенді жұмыс атқарады.
1. Түрік ұлты диаспорасы, төрағасы - Сваилов Алипаша Маликшеевич.
2. Күрд ұлты диаспорасы, төрағасы – Чатуев Зорге Фарзандаевич.
Этно-мәдени бірлестіктермен жұмыс жасау барысында ұлттық мерекелік шаралар өткізу тәртібі келісіліп дайындалады. Аудандағы этно-мәдени бірлестіктер аудан көлемінде өткізілетін барлық қоғамдық -саяси іс шараларға белсенді қатысады.
Ауданда этно-мәдени бірлестіктермен және де аудан тұрғындарымен 2015 жылы «Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастың үздік үлгісі», «Қазақстан – достық пен жасампаздықтың белгісі», « Халықтар бірлігі – достықтың, ынтымақтастықтың үлгісі» атты тақырыптарда 15 кездесу 2-дөңгелек үстел, 3-пікір сайыс өткізілді. Елді мекендерде 10 билборд, 12 ұран халықтар достығына арналған. Аудандық «Іле таңы» газетінде ЭМБ және диаспоралар туралы «Ұлт ұлысқа ортақ шаңырақ», «Қазақстандық патриотизм және дін», «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты тақырыптарда 42 мақала жарық көрді.
Аудан бойынша этномәдени бірлестіктермен диаспоралардың барлық қоғамдық-саяси, мәдени бастамалары әкімдік тарапынан қолдауға ие болуда. Атаулы ЭМБ-ң әртүрлі деңгейде өткізілетін халықаралық, республикалық, облыстық фестивальдарға қатысуына қолдау көрсетілуде.
«Наурыз», «Бірлік күні», «Жеңіс күні», «Рәміздер күні» мерекелеріне және облыстық форумдарда ұлттық қолөнер көрмелерін ұйымдастырып, ұлттық өнерлерін көрсетіп, осымен аймақта жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты қолдайтындықтарын білдіреді.
2015 жылы ұлттар арасында түсініспеушілік және халықтар арасында қақтығыстар тіркелінген жок.
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРМЕН ЖҰМЫС
Мемлекеттік Рәміздер жөнінде аудандық комиссия 2 кеңес отырысын өткізді. Аудандық комиссияның ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік Рәміздерді насихаттау мен қолдану,мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыру және еліміздің азаматтарына патриоттық тәрбие беру жөнінде жұмыс жүйеге келтірілді. Аталған кеңесте мемлекеттік Рәміздерге байланысты атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, қорытындылары шығарылып отырды. Бекітілген жоспардың жүзеге асырылуы бойынша маниторинг тұрақты түрде жүргізілді, оның қорытындысы бойынша жергілікті жерлердегі жағдайлар жөннде материалдар жинақталды.
Аудандық 20 ақпараттық-насихат топтары мемлекеттік Рәміздердің түсі,мен мағынасы, атрибуттарының белгілерін түсіндіру туралы дәрістер өткізді. Тұрғындарға түсіндіру және насихат жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында ішкі және сыртқы көрнекі үгіт насихат құралдары пайдалануда. Ауыл,кент округтардың орталық көшелерінде барлық заңды тұлғалардың мемлекеттік Рәміздер бейнеленген түрлі-түсті билборд, плакаттар, басқа да көрнекілік құралдар жасалынды.
Cонымен қатар барлық ауыл,кент округтарда білім беру ұйымдарында мемлекеттік Рәміздерді бағалау мен қастерлеу,оқушылар бойына патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында «Елдігімізді асқақтатқан – мемлкеттік рәміздер», «Менің елім – Қазақстан», «Ата Заң – мемлекеттік негізі», «ҚР мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – ұлттық патриоттық сезімді қалыптастыруының негізгі кепілі» атты тақырыптарда 30 кездесу, 18 дөңгелек үстел, 3 семинар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай «Рәмізім мақтанышым, Рәмізім айбатым» атты салтанатты жиын өткізілді.
Аудандық «Іле Таңы» газетінде «Менің Елім Қазақстан», «Жастарға патриоттық тәрбие беру - басты парызымыз», «Государственные символы-атрибуты независимости», «Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеу», «Герб, Флаг и Гимн» тақырыптарында 4 мақала жарық көрді.
  
ІЛЕ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖАСТАРМЕН АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ
Аудан бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар туралы
мәлімет
№
|
Округтер атауы
|
14-29 жастағы жастардың жалпы саны
|
Жастардың
жынысы
|
14-29 жастағы жастардың ұлттық
құрамы
|
Әлеуметтік жағдайы төмен жастар
|
Ер
|
Әйел
|
Қазақ
|
Орыс
|
Ұйғыр
|
Неміс
|
Кәріс
|
өзге ұлттар
|
Мүгедек
|
Жетім
|
1
|
Қараой
|
2373
|
1142
|
1231
|
1560
|
670
|
32
|
28
|
15
|
68
|
25
|
18
|
2
|
Ащыбұлақ
|
6099
|
3037
|
3062
|
4521
|
510
|
258
|
19
|
22
|
769
|
72
|
48
|
3
|
Жетіген
|
5506
|
2348
|
3158
|
2255
|
1191
|
254
|
29
|
232
|
1545
|
56
|
64
|
4
|
Энергетик
|
7713
|
3751
|
3962
|
3012
|
2433
|
455
|
189
|
144
|
1480
|
96
|
63
|
5
|
Байсерке
|
6619
|
3106
|
3513
|
3289
|
1456
|
93
|
168
|
39
|
1474
|
83
|
52
|
6
|
Междуреченск
|
3621
|
1673
|
1948
|
2456
|
467
|
11
|
29
|
9
|
649
|
42
|
31
|
7
|
Первомай
|
4307
|
1986
|
2271
|
1358
|
1680
|
125
|
43
|
21
|
1030
|
68
|
47
|
8
|
Боралдай
|
7805
|
3661
|
4144
|
3521
|
2186
|
106
|
84
|
121
|
1738
|
83
|
59
|
9
|
Күрті
|
2645
|
1213
|
1432
|
2609
|
31
|
3
|
2
|
-
|
-
|
34
|
42
|
10
|
Казцик
|
3766
|
1692
|
2074
|
3019
|
40
|
37
|
3
|
67
|
600
|
67
|
59
|
11
|
Чапай
|
2846
|
1302
|
1544
|
1564
|
651
|
17
|
23
|
29
|
562
|
59
|
62
|
Барлығы
|
53300
|
24911
|
28338
|
29146
|
11315
|
1391
|
617
|
699
|
9915
|
679
|
545
|
|