БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Іле ауданының ішкі саясат бөлімі > ҚҰЖАТ

 
Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
 
 

   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңының 28 бабы, 6 тармағына сәйкес, Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі орындар анықталды:
1. Энергетик ауылдық округі бойынша:
1) Өтеген батыр кенті, «Арман» ықшам ауданы, Центральная көшесі, ү.№22а, «Арман» дүкенінің жанындағы стенд;
2) Өтеген батыр кенті, І. Жансүгіров көшесі, ү.№80, «Ольга» дүкенінің жанындағы стенд;
3) Покровка ауылы, І. Жансүгіров көшесі, ү.№72, «Аспан» дүкенінің жанындағы стенд.
2. Байсерке ауылдық округі бойынша:
1) Байсерке ауылы, Арқабай және Школьная көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Байсерке ауылы, Д. Қонаев көшесі, ү.№92, «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд;
3) Байсерке ауылы, Мира көшесі, ү.№2, №28 гимназия ғимаратының жанындағы стенд;
4) Көктерек ауылы, Б. Римова көшесі, ү.№23, «Көктерек» дүкенінің жанындағы стенд;
5) Көктерек ауылы, Б. Римова көшесі, ү.№42, «Битанов» дүкенінің жанындағы стенд;
6) Жаңаталап ауылы, Колхозная көшесі, ү.№15, «Қарасай» кафесінің жанындағы стенд;
7) Жаңадәуір ауылы, Болысбаев көшесі, ү.№12, «Дана» дүкенінің жанындағы стенд;
8) Ынтымақ ауылы, Центральная көшесі, ү.№72, «Қазпошта» акционерлік коғамының филиалы ғимаратының жанындағы стенд;
9) Әли ауылы, Беделбаев көшесіндегі аялдама жанындағы стенд.
3. Жетіген ауылдық округі бойынша:
1) Жетіген ауылы, Құдайбергенов көшесі, ү.№27, «Наурыз» әмбебап базарына қарама-қарсы орналасқан стенд;
2) Жетіген ауылы, Ш. Уәлиханов және Заводская көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Құйған ауылы, Космонавтов көшесі, ү.№17, «Айжан» дүкенінің жанындағы стенд.
4. Қараой ауылдық округі бойынша:
1) Қараой ауылы, Отарбаев және Тың дала көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Н. Тілендиев ауылы, Арман және Исаев көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Қосөзен ауылы, Жильников көшесі, ү.№89, «Кошалко» дүкенінің жанындағы стенд.
5. Чапаев ауылдық округі бойынша:
1) Чапаев ауылы, Ю. Гагарин көшесі, ү.№2, «Рахатгүл» дүкеніне қарама-қарсы орналасқан стенд.
6. Междуреченск ауылдық округі бойынша:
1) Междуреченск ауылы, Ленин көшесі, ү.№10, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Екпінді ауылы, Алғазиев көшесі, ү.№29, «Заман» дүкенінің жанындағы стенд;
3) Жауғашты ауылы, Центральная көшесі, ү.№15, «Алишер» дүкенінің жанындағы стенд.
7. КазЦИК ауылдық округі бойынша:
1) КазЦИК ауылы, Сейдалиев және Қисанов көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Комсомол ауылы, Күшелеков көшесі, ү.№57, «Мұхамеджанов» дүкенінің жанындағы стенд.
8. Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша:
1) Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Аптечная көшесі, ү.№11а, «Диана» дүкенінің жанындағы стенд;
2) Көкқайнар ауылы, Астана көшесі, ү.№17, «Уашпаев» дүкенінің жанындағы стенд;
3) Төле би ауылы, Мәметова көшесі, ү.№36, ауылдық фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
4) Жәпек батыр ауылы, Алтаев көшесі, ү.№42, ауылдық фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд.
9. Күрті ауылдық округі бойынша:
1) Ақши ауылы, Белағаш Ақұлы көшесі, ү.№12, «Қазпошта» акционерлік коғамының филиалы ғимаратының жанындағы стенд.
10. Боралдай кенті бойынша:
1) Боралдай кенті, «Водник-1» ықшам ауданы, Алатау және Абылай хан көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Боралдай кенті, Космонавтов көшесі, ү.№96, «Әсем» дүкенінің жанындағы стенд;
3) Боралдай кенті, Аэродромная көшесі, ү.№96, «Удобный» дүкенінің жанындағы стенд.