БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Іле ауданының ішкі саясат бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА  

 

Іле ауданы бойынша қоғамдық бірлестіктердің  қызметі туралы

АНЫҚТАМА

  

         Бүгінгі таңда Азаматтық қоғамды өркендету үшін   мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықтың арқасында оларға толыққанды жағдай жасалынып,қоғамдағы оң өзгерістерден шет қалмауына жол ашылып отыр.    Қазақстан Республикасы Президентінің  2006 жылғы 25 шілде № 154-ші  2006-2011 жылғы «Азаматтық қоғам институттарын дамыту туралы тұжырмдамасы қабылданды. Соған байланысты 2006 жылғы 30 қыркүйек № 953 ҚР үкіметінің қаулысы негізінде  азаматтық қоғам институттарымен байланыс жөнінде іс-шара жоспары жасалып төмендегі жұмыстар атқарылды.  Қазір ауданымызда мемлекеттік органдар мен Үкіметтік емес ұйымдардың тиімді де сындарлы ынтымақтастығына бөгет болатын елеулі кедергілер жоқ. Бұл бағытта жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.

       Осы бағыттарды жүзеге асыру барысында аудан көлемінде көптеген жұмыстар атқарылды. Егер 5 жыл бұрын ауданымыздағы ҮЕҰ саны 7 болса, 2012 жылы 10 үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттік тіркеуден өтіп қызмет  атқаруда.

        Үкіметтік емес ұйымдардың өсуі демократияның тұрақтылығы мен дамуының бірден бір дәлелі болып отыр. Сонымен қатар қызмет атқаратын үкіметтік емес ұйымдар денсаулық сақтау,эколгия саласындағы әлеуметтік мәселелерді шешу,жастар мен балалар ұйымдарына көмек беру,әйелдер және гендерлік саясатты жүзеге асыру, мүгедектерді қолдау және құқықтық білім беру және де сол сияқты бірқатар маңызы бар жобаларға қатысуда. Аталған жобаларды іске асыру мақсатында ауданымызда төмендегі қоғамдық бірлестіктер жұмыс атқарады: Олар жыл басынан 25 кездесу, 5 дөңгелек үстел, 1 акция өткізіді.

         «Болашақ» балалар мен жасөспірімдер үкіметтік емес ұйымы, жетекшісі Абилова Роза Михайловна, бірлестіктегі адам саны – 15, 4200 баланы қамтитын 11 аулалық клубы бар.Үйірмелер мен секцияларда 2000 бала қамтылған.

           Қоғамдық ұйым «Бота» қоғамдық ұйымының қолдауымен «Шаг навстречу» атты әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыра бастады.          Аталған жобаның мақсаты қамқорлықсыз қалған,қиын жағдайдағы балаларға көмек қолын созып бос уақытын тиімді пайдалану. Жоба аясында  Өтеген батыр кенті  «Дидар» аулалық клубында, Жетіген ауылы «Үміт» аулалық клубында кеңес беретін орталықтар ашылды.

        «Болашақ» үкіметтік емес ұйымы 2011 жылы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен 820 000 мың теңге көлемінде облыс әкімінің грантын жеңіп алып «Әйелдердің жетекшілік іскерлігін» арттыру мақсатында іс-шаралар атқаруда.

         «Іле ауданының футбол федерациясы» қоғамдық бірлестігі, жетекшісі Омаров Берік Кеңесұлы, бірлестіктегі адам саны – 4,  42 ересектер командасы бар, 80 жасөспірімдер командасы. Барлығы 6, 000 мың адам футболмен шұғылданады. Аталған қоғамдық бірлестік спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында іс-шаралар атқаруда.  2011 жылғы футбол маусымының  қорытындысы бойынша «Іле Сәулет» футбол командасы I лига  құрамында өнер көрсетіп, 3 орынға ие болды.

         «Жас түлек» қоғамдық бірлестігі, жетекшісі Галимова София Бахтығалымқызы, бірлестіктегі адам саны – 20,   1100 жастар қамтылған. Аталған қоғамдық бірлестік жастар арасында патриоттық тәрбие беру  дөңгелек үстел өткізді. Қоғамдық бірлестік «Бірлігіміз жарасқан» атты басқа ұлт өкілдері арасында дөңгелек үстел өткізді. Сонымен қатар «Жастар саясатында қордаланған мәселелерді шешудің жолдары мен негізгі бағыттары» атты жастар арасында семинар кеңес өткізді.

         «Ауғанстан соғысы ардагерлері Одағы», жетекшісі Сүгірбаев Түгелбай Дабылұлы, бірлестіктегі адам саны – 7,  203  ардагер қамтылған. Ауған соғысы ардагерлеріне қолдау көрсетеді. Аталған қоғамдық бірлестік ауған соғысына қатысқан азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуде жұмыстар атқаруда. Аталған қоғамдық бірлестік Өтеген батыр кентінде ауған соғысының ардагері М.Лукиннің құрметіне жасөпірімдер арасында бокстан жарыс ұйымдастырды.

         «Мир» ауыл әйелдері қоғамдық бірлестігі, жетекшісі Арсмазы Пәтима Режетқызы, бірлестіктегі адам саны –7 құрамында  640 адам қамтылған. 10 мемлекеттік мекемелермен қарым-қатынаста жұмыс істейді. Аталған бірлестік округтағы жетім,жартылай жетім, қамқорлықсыз қалған балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалысын ұйымдастырып аталған шараға 88 бала қамтылды. Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты «День Великой страны» атты тақырыпта акция өткізді.

         «Жас толқын» жастар орталығы қоғамдық бірлестігі, жетекшісі Тельпекбаева Жанна Тілеубекқызы, бірлестіктегі адам саны – 3, 649 адам қамтылған.  Аталған бірлестік студент жастар арасында қоғамдық саяси әлеуметтік шараларды өткізуде. Сонымен қатар бірлестік аудандық кітапханамен бірлесіп жастардың «Қазақстан-2030», «21 Ғасыр Қазақстан ғасыры» атты оқушылар конференциясын өткізді. Сондай-ақ Алматы облысы АҚТЖ орталығымен бірлесіп ауданның 8-11 сыныптар арасында оның зияны туралы кездесу ұйымдастырды.

         «Альпийская Роза» қоғамдық бірлестігі, жетекшісі К. Сапронов,бірлестіктегі адам саны 6.  Қызметі жастарды туризмге баулиды.

 

        «Жігер» аудандық мүгедектер қоғамдық бірлестігі жетекшісі Мусин Дәлелхан Машханұлы, бірлестіктегі адам саны- 7. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетеді. Аталған қоғамдық бірлестік мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету мақсатында «Кнауф» компаниясында 10 адамды оқытып құрлыс маманы деген сертификатқа ие болды. Сондай-ақ бірлестік «Прогресс» политехникалық колледжінің базасында 30 мүмкіндігі шектеулі жандарды тігінші мамандығын меңгертіп сертификатқа қол жеткізді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандырдың бос уақытын спорттың тоғызқұмалақ,дойбы түрлерінен жарыстар өткізді.

        «Аудандық ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі жетекшісі Төрткен Кененқызы. бірлестіктегі адам саны 7, 13200 ардагер қамтылған. Аудан бойынша соғыс, еңбек ардагерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешуде  қолдау көрсетеді. Аталған ұйым Өтеген батыр кенті, Байсерке ауылдық округтарында «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» атты бағдарламаның аясында округтардағы ұлы отан соғысы ардагерлерінің ескерткіштерін аралап, жастармен кездесіп тәрбиелік мәні бар іс-шаралар атқаруда. 

        Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара ынтымақтастығы, қарым-қатынасы болып отыр. Оған барлық алғы шарттар жасалған. Бұл жұмысты одан әрі дамытуымыз қажет.

 

ІЛЕ АУДАНЫ БОЙЫНША ТІРКЕЛГЕН ҚОҒАМДЫҚ  ҰЙЫМДАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

 

Қоғамдық ұйымның атауы

Тіркеуден өткен уақыты

Қызметінің бағыты

Жетекшінің аты жөні

Мекен – жайы

(E – MaіI адресі)

1

«Болашақ»

22.08.2002ж

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мәдени шаралар өткізу.

Абилова Роза Михайлқызы

Өтеген батыр кенті Титова көшесі №16 а үй. Жұмыс тел: 2-35-11.

DPK- BOLASHAK @ MAIL . RU

2

«Футбол Федерациясы»

31.05.2000ж

Балалар мен жасөспірімдер арсында футболдың бұқаралылығын арттыру.

Омаров Берік         Кеңесұлы

Өтеген батыр кенті. Титова көшесі №16 а үй. Жұмыс тел: 2-35-92

3

«Жас Толқын»

21.09.2005ж

Студент жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында іс-шаралар өткізу.

Тельпекбаева Жанна Тілеубекқызы

Өтеген батыр кенті Батталханов көшесі № 22 үй. Жұмыс тел: 2-34-33 51-79-09

4

«МИР»

16.03.2005ж

Ауыл әйелдерін,қарттарды қолдау мақсатында жұмыстар атқару.

Арсмазы Патима Режетовна

Жетіген ауылы.Новая көшесі №18 үй. Жұмыс тел: 50-8-30

5

«Жас Түлек»

3.12.2007ж

«Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп жастарға патриоттық,елжандылық тәрбие беру.

Галимова София Бақтығалымқызы.

Өтеген батыр кенті Титова көшесі №16 а үй.

Жұмыс Тел: 2-15-42

6

«Жігер»

25.06.2010ж

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс істеуге,спортпен айналысуға.

Мусин Дәлелхан Машханұлы

Өтеген батыр кенті Әжімұратов көшесі №12 үй.

7

«Аудандық ардагерлер ұйымы»

6.12.2004ж

Аудандағы соғыс,еңбек,тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсету.

Төрткен Кененқызы

Өтеген батыр кенті. Әжімұратов көшесі №12 үй.

Жұмыс тел: 2-32-58

8

«Черный Айст»

28.03.2004ж

Ауған соғысы ардагерлеріне,мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету.

Тойбаев Дүйсен

Өтеген батыр кенті Абай көшесі № 24 үй.

9

«Ерназ»

12.03.2003ж

Аз қамтылған жетім,жартылай жетім ауыл балаларына көмек беру.

Қалиева Гүлназ

Байсерке ауылы

Набережная көшесі № 116

 үй.

10

«Альпийская Роза»

20.03.2009ж

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру,туризімді дамыту.

Сапронов Константин

Чапай ауылы.Іле көшесі №36 үй. Тел: 777-56