Іле ауданында Ішкі саясат бөлімінің 2011 жыл барысында Жастар саясаты
бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Аудан аумағында жастармен жұмыс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында, жастардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, патриоттық тәрбиелеу, жан – жақты білім беру, экономикалық - әлеуметтік тұрғыда қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыттары бойынша жүргізіледі.
Бүгінгі күнге аудан тұрғындарының саны – 187 500 мың адам. Оның ішінде 16 пен 29 жас аралығындағы жастар саны – 46053.
Бұл сандар біздің ауданымыздың теңдесі жоқ стратегиялық ресурстар, ұлттық байлығы мол, болашағы зор екендігін білдіреді. Себебі бүгінгі жастар, ертеңгі басшылар, саясатшылар, ғалымдар, еліміздің экономикасын ілгері жылжытатын өзге де сала мамандары.
Мемлекет жас азаматтың өмірлік жолын таңдауға, оның материалдық және әлеуметтік жағдайына қарамастан жеке жетістіктерге жетуіне жағдай жасауы тиіс.
Біздің ауданымыздың жастарына мұндай жағдайлар мүмкіндігінше жасалуда. Дәлірек айтсақ, Іле ауданы жастарын ауданның қоғамдық – саяси өміріне қатыстыруға бағытталған іс - шаралардың жұмыс жоспарлары жыл сайын қабылданып отырады.
Аудан жастарының денсаулығын нығайту негізінен спортты кеңінен дамыту арқылы жүзеге асыру көзделген. Салауатты өмір салтын насихаттауда бір шама жұмыстар атқарылды. Аудан көлеміндегі ауылдық кенттік округтерде спорт және дене шынықтыру мен шұғылдануға арналған 282 спорттық ғимараттар пайдаланылады.
Оның ішінде: 1 стадион, 42 спорт залы, оның 37-і мектептерде, 1 атыс орны, 4 жүзу бассейні (3 ашық), 220 спорттық құрылымдар, оның 146 әртүрлі спорт алаңдары, 3 синтетикалық қапталған, 1 спорттық ядро. Аудан бойынша 2009-2010 жылдар аралығында «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 36 спорт алаң салынды.
Аудан жастарының Аудан аумағынан шықпай – ақ арнайы орта білім алуға мүмкіндік жасалған. Аудан орталығында 2 колледж ашылған «Прогресс» политехникалық колледжі «Экономика және құқық» колледжі, нарықта сұранысқа ие жұмысшы және экономикалық мамандарды дайындайды. Бұл колледждердің түлектеріне өндірістік тәжірибеден өтумен оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру кепілденген.
Сол сияқты аудандағы қоғамдық –саяси ахуалға кері ықпалын тигізетін мәселенің бірі, ол халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Бұл мәселені шешуде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жергілікті әкімшіліктермен, мекеме, кәсіпорын, шаруа ќожалыќтарымен бірлесе отырып Ќазаќстан Республикасыныњ енбек және жұмыспен қамту заңдарына сәйкес Iле ауданының халқын жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында жұмыссыздықты азайту және жаңа жұмыс орындары ашу бағытында жұмыстар атқарылды.
2011 жылы аудан бойынша жұмысқа орналастыру үшін 1407 адам өтініш жасаған .Оның 1400 адамы экономиканың әртүрлі саласына жұмысқа ораналасты. 447 жұмыссыз адам қоғамдық жұмысқа тартылды, оларға 30,612 мың. теңге көлемде ақша төленді. Ал үстіміздегі 2012 жылы қоғамдық жұмысқа 400 адам жіберу жоспарлануда. Сол сияқты кәсіптік оқытуды ұйымдастыру мақсатында жұмыссыз жүрген азаматтарды 14 мамандық бойынша оқыту үшін «Альтарнатива» кәсіптік лицейімен келісім-шарт жасалды.
Барлығы кәсіби оқуға 50 азамат келесі мамандықтар бойынша жіберілді: ағаш ұстасы-10 адам, сылақшы-10 адам, электргазбен дәнекерлеуші-10 адам, арматуршы-10 адам, құрылыстың кебу әдісі бойынша маман – 10 адам.
Бағдарламаның үшінші бағыты өз қалауымен экономикалық жағдайы төмен аймақтардан экономикалық белсенді орталықтарға көшуге ықпал етуге бағытталған. Бағдарламаға қатысуға басымдылық мүмкіндігі ауыл жастарына беріледі. Осыған орай ауданда экономикалық өсу деңгейі жоғары ауылдар аңықталды. «Жетіген-Қорғас» темір жол желісі салынуына байланысты әлеуеті жоғары Жетіген ауылынан 25 тұрғын үй салынуда. Экономикалық әлеуеті төмен Күрті және Ақши аулдарынан 25 отбасы, жанұя саны 100 адам қоныс аударуға ықылас білдірушілер тізімі анықталды.
Аудан аумағында қылмыстық жағдайларды болдырмау жөнінде құқық бұзушылықтың алдын-алу және қылмыспен күреске бағытталып жүргізілген бірқатар ұйымдастыру және тәжірибелік шараларға қарамастан, 2011 жылы тіркелген қылмыстың 30,3 пайызға өсуі байқалады, 2010 жылмен салыстырғанда 712-ден 928-ге дейін қылмыс жасалған, аса ауыр қылмыс 189-дан 217-ге дейін өскен. Қылмысты ашу 1,4 пайызға төмендеді, ол 55,3 пайызды құрайды (2010 жылы 56,7 пайыз).
Ашылмаған қылмыстар негізінен Өтеген батыр кенті, Байсерке және Боралдай кентті, сондай-ақ ауданның саяжай аумағында кең орын алып отыр. Қылмыс санының өсуі себебі учаскелік полиция инспекторларының жетіспеуі және шұғыл-тергеу бөлімі қызметкерлерінің өз жұмыстарын жеткілікті деңгейде ұйымдастырмауынан болып отыр. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу мақсатында «Жеткіншек», «Дәрумендер» «Қамқорсыз», «Мейірім», «Есірткіге жол жоқ!», «Аула және балалар» т. б. 20 профилактикалық шаралар ұйымдастырылды.
Сондай – ақ аудандық мемлекеттік басылым «Іле таңы» газетінде жастар арасында патриоттық тәрбие беру, Қазақстандық елжандылық, отансүйгіштік, салауатты өмір салты бағыттарында 25 мақала жарияланды.
Қазіргі таңда аудан жастары интернет жүйесіне қосылған және ұлттық кітапхананың қорына шығатын жүйеге қосылған, аудандық кітапхананың қызметін пайдалана алады. Аудан көлемінде жастар жұмысын жандандыру мақсатында 16 ақпарат – насихаттық топ жұмыс атқарады. Олар 2011 жыл көлемінде 61 кездесулер, 4 кеңес отырыстарын өткізді «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының шеңберінде жастарды тұрақты түрде оқыту мақсатында ««Қазақстан – 2030», стратегиясын орындауда, қоғамды демократияландыру және жастардың қоғамдағы рөлі, имандылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарында семинарлар тренингтер ұйымдастырылды.
Жастар белсенділігін арттыру мақсатында 3 аудандық, 11 ауылдық, 1 облыстық жастар форумдары өткізілді. Өтеген батыр кентінде облыстық «Елбасы жолдауы. Онжылдыққа жаңа қадам» атты қорытынды жастар симфозиумы өтті. Бұл шараларға 8 мың адам қатысты.
Сонымен бірге аудан жастары арасында қоғамдық пікірді білуде 2 әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында аудан жастары Еліміздің болашағына сеніммен қарап, елдегі саясатты қолдайтындығы сараланды.
Еліміздің жастар саясатының негізгі бір бөлігі болып табылатын «Жасыл Ел» бағдарламасы. Біздің ауданда да үлкен қолдауға ие болуда. Бұл бағдарлама шеңберінде 2011 жылы Чапаев, Междуреченск, Қараой ауылдық округтерінде 29 жасқа дейінгі 15 жас тартылып, көгалдандыру, көріктендіру жұмыстары қолға алынды.
Аудандағы қоғамдық қатынастардың жаңа нысандарының қалыптасу кезеңіне байланысты бірқатар проблемалардың арасында аса мәндісі 14 -15 жас аралығындағы балалар қылмыстары мен панасыздығы болып табылады.
Осы іс-шаралар шеңберінде жастар жиналатын жерлерде есірткі қолдану мен шылым шегудің алдын алу, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге спирттік және темекі өнімдерін сатудың алдын алу мақсатында сауда орындары тексеріліп, рейдтер жүргізілді.
Кәмелетке толмағандардың арасында қадағалаусыздық, қаңғыбастық және қайыр сұрау проблемалары орынды шешімін әлі де таппауда. Жұмыстың жоқтығынан жастардың ауылдық жерлерден қалаға кетуі жалғасуда. Мұнадай ағым Боралдай, Өтеген батыр кенті, Первомай кенттерінде байқалады.
Аудан бойынша жастарға дәрігерлік-психологиялық, кеңестік көмек, анонимді кабинеттер, сенім қызметі жүйелері жеткіліксіз. Бүгінгі күні көптеген жастарымыз қажетті өндірістік тәжірибесінің немесе білімінің жоқтығынан өздеріне лайықты жұмыс таба алмау фактілері кездесуде. Сонымен бірге, жастарға ұсынылатын жұмыс орындарының көпшілігі төмен жалақымен және әлеуметтік келешегінің жоқтығымен сипатталады.
|