БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Іле ауданының ішкі саясат бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
2012 жылдың 7 айында атқарған іс-шаралар туралы ақпарат  

 

Аудан әкімдігінің отырысы

26 қаңтар күні аудандық әкімшіліктің акт залында Аудан әкімдігінің 28.02.2011 жылғы «Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал туралы» №2-249 қаулысының орындалу барысы туралы әкімдік отырысы өтті. Атаулы отырыста аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси ахуал талқыланып, 2011 жыл бойынша атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалды. Отырыс барысында 2012 жылда атқарылатын іс-шаралар айқындалып, міндеттер қойылды.   

 

Дөңгелек үстел

20 қаңтар күні сағат 11 00-де аудандық әкмішіліктің акт залында «ҚР мемлекеттік рәміздерін пайдалану, қолдану мен насихатталуы барысы жайлы» атты тақырыпта семинар-кеңес өтті. Атаулы кеңесте ҚР мемлекеттік рәміздерін қолдану барысын аудан бойынша заңнамаларға сәйкес жүргізілуін түсіндіру, насихаттау жұмыстары атқарылды.

 

Әкімдік отырысы

27 қаңтар күні сағат 11 00-де аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің отырысы өтті. Атаула отырысқа ауыл, кент округтардың әкімдері,  ішкі саясат мамандары, заң қызметкерлері, барлығы 40 адам қатысты. Отырыс барысында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын талқылау және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, діни бірлестіктерді тіркеу жұмыстарына сараптама жасалды.

Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша Е.Тұрымбетов  сөз алды. Мамандарға аудан көлемінде аталған заңның орындалуын сақтап, қолданылуын қадағалауды қолға алуды айтып өтті. Сонымен қатар, діни бірлестіктердің ғимараттарын тіркеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді табыстады. Діннің тек ізгілік жолына қызмет етіп, заңға қайшы әрекеттер болмауын ескертіп өтті. Діни бірлестіктермен жұмыс жүргізудегі проблемалардың бірі тіркеу мәселесі болғандықтан да жергілікті атқарушы органдар тарапынан діни ұйымдардың тіркеуден өтуіне ықпалды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

Аудан бойынша 10 ақпарат-насихат тобы құрылып, 26 желтоқсан, 12 қаңтар, 19 қаңтар, 21 ақпан күндері атаулы Заңды  11 округ, 10 мекемені қамтып таныстырды. Заңды талқылауға қамтылған тұрғындар саны 8000 адам.

Мамандарға барлық діни бірлестік жетекшілерімен заң шеңберінде жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар алыс және көршілес мемлекеттердегі болып жатқан оқиғаларды ескере отырып, өз жерімізде діни экстремизімнің таралуына қатаң тосқауыл қоюға жан-жақты жәрдемдесу біздің басты міндетіміз. Мемлекетіміздің тұрақтылығын нығайтуға барлық күш-жігерді салу керектігін және құжаттандыру, тіркеу мәселелері туралы айтты.

 

Жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру Кеңесінің 1-ші отырысы

2012 жылдың 27 қаңтар күні аудан әкімінің орынбасары  Е.Тұрымбетовта аудандық Жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру Кеңесінің отырысы өтті. Атаулы отырыста  аудан көлемінде 2011 жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы есебі,  жастар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы, Ащыбұлақ ауылдық округіндегі жастар кеңесінің 2011 жылы атқарған есебі қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ішкі саясат бөлімінің бастығы С.Жарқынбеков баяндама жасады. Баяндамада 2011 жыл бойында Іле ауданында жастар саясатының орындалуы барысы жайлы қысқаша айтылды.

Аудан аумағында жастармен жұмыс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында, жастардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, патриоттық тәрбиелеу, жан – жақты білім беру, экономикалық - әлеуметтік тұрғыда қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыттары бойынша жүргізіледі.

Екінші мәселе бойынша Ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Ж.Төребеков Жастармен жұмыстың 2012 жылға арналған жоспарымен таныстырып, алға қойған міндеттерді айқындады.

Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жеттекші маманы А.Чалимбаев округтегі Жастар Кеңесінің атқарған жұмыстарымен таныстырды.

 

Аудан активін өткізу туралы

8 ақпан күні аудандық әкімшіліктің акт залында сағат: 11 00-де ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 27 қаңтар күні жариялаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазықстан дамуының басты бағыты» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын аудан қызметкерлері арасында насихаттау, түсіндіру мақсатында аудан активінің отырысы өтті. Атаулы отырысқа барлық ауыл, кент округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Актив барысында аудан әкімі Абдулдаев Бердәулет  Ешенұлы кіріспе сөз сөйлеп Елбасы Жолдауымен таныстырды. Сонымен бірге № 18 орта мектебінің директоры Байдәулетов Әлібек  Әубәкірұлы, Алматы облыстық маслихаттың депутаты, «Прогресс» политехникалық колледжінің директоры Тельпекбаева Жанна Тілеубекқызы, аудандық маслихат депутаты, Байсерке ауылдық амбулаторияның бас дәрігері Сүлейменова Бақыт  Әлжаппарқызы, аудандық жастар ұйымының мүшесі Тұяқбай Үміт Елбасы Жолдауын талқылап, баяндама жасады.

 

 

Кеңес армиясының Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 23 жыл толуына орай өткен «Өткен күндер белгісі» атты аудандық салтанатты митинг туралы

ақпарат

15 ақпан күні сағат: 11 00-де аудан орталығы Өтеген батыр кентіндегі ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш алаңында Совет армиясының Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 23 жыл толуына орай аудан әкімінің қатысуымен салтанатты митинг өтті. Митинг ҚР Мемлекеттік гимнімен ашылып, жауынгерлер рухына арналып 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Салтанатты митинг барысында аудан әкімі Абдулдаев Бердәулет Ешенұлы сөз сөйлеп, соғыста құрбан болған жауынгерлердің ата-аналарына, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті. Сондай-ақ митинг барысында аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сүгірбаев Түгелбай Дабылұлы, Ауған соғысында қайтыс болған интернационалист жауынгер Михаил Лукиннің анасы Лукина Галина Сергеевна, М.Мақатаев атындағы №13 ОМ 10 сынып оқушысы  Адабай Абылай ауған соғысы құрбандарын еске алып, баяндама жасап, ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

 

Аудан бойынша «Жас Отау» байқауының өтуі туралы ақпарат

3 наурыз күні Первомай кенттік округінің мәдениет үйінде сағ: 10 00-де ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас Отау» байқауы өтті.  Атаулы байқауға ауыл, кент округтерден 8 үміткер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсетіп, таланттарымен  танылған отбасылар келесі орындарды жеңіп алды.

1. «Бас жүлде» - Құрманғалиев Руслан Нұрланұлы,

Әділбек Бұлбұл Мырзаханқызы. (Боралдай кенттік округі).

Бас жүлдеге ие болған Боралдай кенттік округінен қатысқан Құрманғалиев Руслан Нұрланұлы мен Әділбек Бұлбұл Мырзаханқызы 27 наурыз күні Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өтетін облыстық байқауға Іле ауданы атынан қатысады.

 

Аудан бойынша «Жас маман» жас дизайнерлер байқауының өтуі туралы ақпарат

Аудан көлемінде сән өнерінде талабы бар жас дизайнерлерді анықтау, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына ықпал ету. Сән әлемінде жас дизайнерлердің көзімен жаңа бағыттар мен идеяларға жол ашу мақсатында 6 сәуір күні Энергетик кенттік округі №7 орта мектеп акт залында сағ: 14 00-де ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас маман» жас дизайнерлер байқауы өтті.  Атаулы байқауға ауыл, кент округтерден 9 үміткер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсетіп, таланттарымен  танылған жас дизайнерлер келесі орындарды жеңіп алды.

1. «Бас жүлде» - Қожанова Ақмарал Рамазановна. (Байсерке ауылдық округі

Бас жүлдеге ие болған Байсерке ауылдық округінен қатысқан Қожанова Ақмарал Рамазановна, І-орын алған Энергетик кенттік округінен қатысқан Саяқбаев Берік Тұрсынұлы 26 сәуір күні Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өтетін облыстық байқауға Іле ауданы атынан қатысады.

 

 

Жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру Кеңесінің 2-ші отырысы

2012 жылдың 23 сәуір күні  аудан әкімінің орынбасары  Е.Тұрымбетовта аудандық Жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру Кеңесінің отырысы өтті. Атаулы отырыста   Первомай кенттік округіндегі жастардың салауаттық өмір салтын жақсартудағы жергілікті әкімшілікпен байланысы, Жастар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Первомай кенттік округі әкімі аппаратының бас маманы Л.Рахимбаева баяндама жасады. Баяндамада 2012 жылдың 4 айы бойынша жастар арасында салауаттық өмір салтын жақсартудағы атқарылған іс-шараларға тоқталды.

Аудан аумағындағы жастар арасынан алынған сауалнама қорытындысы бойынша Ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Ж.Төребеков қорытынды жасады. Сауалнама қорытындысы бойынша аудан жастары арасындағы қоғамдық саяси ахуал тұрақты екеніне тоқталды.

 

Жастардың бүгінгі діни тәрбиеге көзқарасы

        Сәуір айында өткізілетін негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 23 сәуір күні Боралдай кенттік округі №15 орта мектептің базасында «Жастардың бүгінгі діни тәрбиеге көзқарасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Аудандағы  діни ахуалды анықтау, экстремизм, терроризмді болдырмау, саяси тұрақтылықты қалыптастыру, дәстүрлі емес діндердің қоғамға қарсы әсерін жастар арсында насихаттау. Атаулы жиынға Ауыл әкімдері, мектеп директорлары, тәрбие ісі меңгерушілері, ауыл имамдары,жастар қатысты. Аталған дөңгелек үстелде ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының орындалу барысы туралы, және атқарылып жатқан істер туралы әңгіме қозғалды. Бүгінгі таңда дін мәселесі көкейкесті мәселе болғандықтан, және адам баласы өркениетке қарыштап қадам басқан сайын бұл мәселе арта түспесе кемімек емес жайлы пікірлер айтылды. Сонымен қатар терроризм секілді дүниені дүр сілкіндірген оқиғалардың болуы, және жастарды одан алдын-алу шаралры туралы мәселелер сөз болды. Аталған дөңгелек үстелдің хаттамасы негізінде төмендегі ұсынымдар ұсынылды:

1.ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын  жастар ұйымдары арасында талқылау,насихаттау.

2.Діни ағымдарды мәдениеттің дамуына,білім мен ғылым,салт-дәстүр,өнер мен тіл сияқты рухани құндылықтардың өркендеуіне қарай бейімдеу.

3. Жастардың нашақорлыққа,маскүнемдікке,қылмыс жасау сияқты жағымсыз істерге жол бермеуге бағытталған саналы,білімді,ұрпақ өсріп,тәрбие жұмыстарын жүргізу.

4. Ұлттық-мәдени орталықтар,діни бірлестіктер және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп,әлеуметтік шиеленісті төмендетуге бағытталған іс-шаралар өткізу.

5.  Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді насихаттайтын ақпараттық-насихат топтарының жұмысын жандандыру.

6.  Этникалық және конфессияаралық төзімділік қағидаттарын тәрбиелеу мәселелері бойынша жерглікті БАҚ-та мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тұрақты айдарлар ашу.

Қорыта айтқанда жастарымызыдың діни тәрбиге байланысты дұрыс көзқарасын қалыптасытру, олардың басқа діни ағымның жетегінде кетпеуіне ықпал жасап, жұмысты одан ары жалғастыру қажеттігі айтылды.

 

«Дипломмен ауылға» атты жас мамандар байқауы туралы мәлімет

  28 сәуір күні Байсерке ауылдық округінде орналасқан №12 орта мектеп акт залында ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дипломмен ауылға» атты жас мамандар байқауы өтті. Аталмыш оқу орнының басшысы Кәкенова Гүлсім Несіпбайқызы осындай айтулы іс-шараға ат салысып, алғысқа бөленіп келеді. Бұл мектепті Байсерке ауылындағы кішігірім өнер ордасы десек артық кеткеніміз емес. Атаулы байқауға ауыл, кент округтерден 15 үміткер бақ сынасты. Ал жиылған жанкүйер қауымның қатарына ауданымызға 2009-2012 жылдары «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласына келген 173 жас мамандар қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша алдағы уақытта, ақ халатты абзал жандар арасында да аталмыш жас мамандарға арналған байқау өтілмек. Сондықтан бүгінгі күнгі мазмұнды жарыс олар үшін де үлкен сабақ болары сөзсіз. Талай дүлдүлдердің жарысында болып едік. Мына байқау солардың шоқтығы болды. Бойындағы ізгілік пен білімді, сыпайылықты ту еткен ұстаздар қауымы таң қалдырып, тамсандырды. Байқау барысында қойылған 5 шарт бойынша бақ сынасты. Соның бірнешеуін атай кетейік №13 орта мектептен келген  талай жарысты сыннан өткізген жас ұстазының Қорлан Игембаева осы жолы не бағы немесе бабы келіспеді ме өзін-өзі біз танып жүргендей көрсете алмады. Қорланның соңғы орынға жайғасуының өзі өз алдына бір жаңалық десе де болар. Аталмыш ұстаз бен соңғы орынды бөліскен Гүлден Сатиева ханымның дайындығының аздығы көрініп тұрды. Дегенмен бойындағы жалындаған жастықтықтың күші, алдағы алар асудың шыңынан көрінетінін отты жанарынан-ақ байқатты. Қараойлық Айнұр Бақытбекқызы мен ақшилік Айнұр Ілясқызы өздері көреткен өнерлерінен асып түсуге болатындай мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Барлық үміткерлер алғашқы «Менің түйіндемем» бөлімінде сүрінбей өтті. Ең қиын кезеңдері «Білім қоры» бөлімінде айқындалды. Албырт жастықтың нәзік тұстары, осы жерде сынға алынды. Еліміздің айтулы күндерін нақты айта алмай қалғандар болды. Ұстаз үшін бұл олқылық, кешірілмес қателік екені айтпаса да түсінікті. Алғашқы орынның бірін қанжығасына байлағанның бірі Сағыныш Данаш өзіне лайықты орынды алды деген сенім ұялатты көңілге. Сөзімді нақтылай кетсем «Шеберлік шыңы» бөлімінде әріптесі Жанекет ханыммен дуэт болып орындаған «Сағынамын мен сені» әні болды. Қазақтың бұлбұл қызы Мақпал Жүнісованың орындауындағы бұл әннің екінші қырынан көрдік. Бас жүлденің иесі №15 мектептің тарих пәнінің ұстазы Жанат туралы айтатынымыз аз. Біз үшін жаңа есім. Алдағы уақытта алғыр ұстаз туралы мәліметті толықтырып жазамыз. Жанат Қаныбекқызындай қос бұрымдай өрілген өнері мен білімі қатар жүретін адамдардың елеусіз қалуы мүмкін емес.                                                                                                               

Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсетіп, таланттарымен танылған жас мамандар мынандай болды. Бас жүлде Идрисова Жанат Қаныбекқызы Боралдай кенттік округі, №15 орта мектеп мұғалімі, І-орын Сағыныш Данаш Первомай кенттік округі №1 орта мектеп мұғалімі, ІІ-орын Бақытбек Айнұр Бақытбекқызы  Қараой ауылдық округі, №26 орталық мектебінің мұғалімі, ІІ-орын Аблаева Жадыра Ілиясқызы  Күрті ауылдық округі, №8 орта мектеп мұғалімі ІІІ-орын Игембаева  Қорлан Жанатбекқызы Энергетик кенттік округі, №13 орта мектеп мұғалімі ІІІ-орын Гүлден Сатиева Байсерке ауылдық округі, №12 орта мектебінің мұғалімі иеленді. Аталмыш байқаудың өтілуіне ұйытқы болған бірден-бір мекеме аудандық «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі, әділқазы мүшесі Аубакирова Ардақ Ахметжанқызы, Гүлден Сатиеваға аудандық «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының атынан арнайы жастарды қолдау мақсатында құрмет мадақтамасын берді.

Алдағы уақытта «Дипломмен ауылға» байқауы басқада саладағы мамандар арасында өтеді. Сын мен жырдың, бақ пен баптың қатар келетін жарқын күндері алыс емес.

 

1 мамыр «Бірлік күні» мерекесінің өтуі туралы мәлімет

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні, рауандаған достық таңы, қазақ еліне шырайын шаша, жанға жылу беріп атты. Бір шаңырақтың астына жиылған 130 ұлттың баласы, қол ұстасып, көше бойына шеруге шығып бірлікті бекіте түсті. Жаны жазиралы қазақ елінде тұрып жатқан өзге ұлттардың татулығын дәріптеуде біздің аудан да қарап қалған жоқ. Өтеген батыр кентінің орталық Титов көшесінің бойынан бастау алған Қазақстан Халықтар достығы күніне арналған шеру орталық алаңға бет алды. Мамыражай мамырдың алғашқы күні алаңға шығып хал сұрасқан халықтың санында есеп жоқ. Мейрамды бір атаның балаларындай жұмыла қарсы алған. Ал шеруге кімдер қатысты деген сұраққа келсек. Бірінші қатарда салтанатты шеруді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы бастап келеді, одан кейін аудан әкімінің басшылары және «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Іле аудандық филиалы, «Болашақ» үкіметтік емес ұйымы, «Іле ауданының футбол федерациясы», «Қазақстан жолы: тұрақтылық, бірлік, жаңғырту!» атты композициямен №13 орта мектеп ұжымы, «Менің рәміздерім, бір шаңырақ астындағы халықпыз» композициясымен №7 орта мектеп ұжымы, «Ұлттар достығы - татулық кепілі» композициясымен №38 орта мектеп-гимназия ұжымы, «Біздің мақсатымыз - бейбіт өмір, жарқын болашақ!» атты ұранымен аудандық салық басқармасы, «Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады» ұранымен аудандық кітапхана мен Тіл орталығы ұжымы. «Әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру - ел жағдайын жақсартудың нышаны» атты ұранымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Ұлтын сүймеген халқын сүйіп жарытпас» атты ұранымен жұмыспен қамту орталығы, «Ұлт болашағы - білімді ұрпақ қолында» атты ұранымен аудандық қаржы бөлімінің, білім саласының қызметкерлері, «Халықтың өмір сапасын арттыру - мемлекеттің алға қойған міндеті» ұранымен аудандық орталық аурухана, «Ел игілігі - бірлікте» ұранымен «Халық», «ЦентрКредит», «Каспий», «Темір», «Альянс», «БТА» банктері, «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс» атты ұранымен аудандық телеком, «Бірлік пен ынтымақ  елдіктің белгісі» ұранымен аудандық ұйымдастыру-кадр бөлімі, жалпы бөлім, заң және мемлекеттік құқық бөлімі, аудандық мәслихат депутаттары, қаржы-шаруашылық бөлімі, «Агроөнеркәсіптік кешеннің міндеті - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты ұранымен ауылшаруашылық бөлімі, «Президент Жолдауы - әр жылдың басты құжаты» ұранымен Іле ауданының әділет басқармасы, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, «Қазақ халқының тарихы - Ұлы тарих!» атты ұранымен аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің ұжымы, «Елде тыныштықпен келісімді сақтау - маңызды міндет» атты ұранымен аудандық қазынашылық бөлімі, «Тәуелсіздік! Даму! Бәсекеге қабілеттілік!» атты ұранымен аудандық пошта мекемесі, «Ұлтын сүймеген халқын сүйіп жарытпас» ұранымен «Прогресс» колледжі, «Жастарға қолдау - болашаққа қолдау» атты ұранымен Экономика және Құқық колледжі, «Біз бейбітшілікті қолдаймыз» атты ұранымен аудандық тұрғын үй және автомобиль жолдары бөлімі, тұрғын үй инспекциясы, Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, сәулет және қалақұрылыс бөлімі, құрылыс бөлімі, «Халықтың өмір сапасын арттыру-мемлекеттің алға қойған міндеті» атты ұранымен аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станция, «Жігер берген Жолдау - ел игілігіне» атты ұранымен аудандық зейнетақы төлеу орталығы, ТЭЦ-3 мекемесі, «Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады!» атты ұранымен алдарыңызда Меркургрим мекемесі, «Әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру - ел жағдайын жақсартудың нышаны» атты ұранымен Су құбыры мекемесінің ұжымы жалғастырды.  

1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімі Абдулдаев Бердәулет Ешенұлына берілді. Барша ілелік тұрғындарды Қазақстан бірлігі күнімен құттықтаған аудан әкімі өз сөзінде  Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің мән-мағынасына тоқталып, аудандағы ұлттық мәдениетті, дәстүрді сақтап дамытуға, туған тілін үйренуге жағдай жасалғандығын айтты. Келесі құттықтау сөздер кезегі Ақши ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі, құрметті ардагері В.Кузовлев, Украин этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Н.Дурос, Ұйғыр этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі М.Бакиева, Өтеген батыр кентінің «Спорт» пәтер иелері кооперативінің төрайымы З.Абибова, республикалық байқаулардың жүлдегері, оқу озаты №38 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Екатерина Глысинаға беріліп жиналғандарды мейраммен құттықтады.   

Аудан тұрғындары мен қонақтары салтанатты жиыннан соң, алаңда шырайын келтірген «Береке басы бірлік» атты әдеби музыкалы композициялы мерекелік концертті тамашалады.

 

9 мамыр Жеңіс күнін өткізу туралы мәлімет

Мамыр айының 4 күні жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша аудан әкімі Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай «Ерлігі елге  ұран, ұрпаққа өнеге» атты әсем Алматы шаһарындағы 28 панфиловшылар саябағына гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

 28 панфиловшылар саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойған 100 соғыс, еңбек ардегрлері, кент округ пен ауыл әкімдік өкілдері Алаты қалсының қақ төрінде орналасқан бірінші Президент саябағына барып естелік суретке түсті. Артынша ауданымыздағы «Родник» мейрамханасында концерт ұйымдастырылып,  ас  берілді, сыйлықтар таратылды.

Ал, 5 мамыр күні Чапай ауылындағы Мәдениет үйінде аудан әкімдігінің «Ерлігі елге - ұран, ұрпаққа өнеге» атты 9 мамыр мерекесіне арналған салтанатты жиыны өтті.

Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерекесіне арналған алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Абдулдаев Бердәулет Ешенұлына берілді. Аудан әкімі өз сөзінде барша ардагерлерді ақ жаулықты аналар мен ақсақалдарымызды мейрамдарымен құттықтады. Соғыс жылдарындағы аудан тарихынан деректер оқыды. Аудан көлемінде еңбек пен соғыс ардагерлеріне үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектің әлі жалғасын табатынын жеткізді. Бұдан соң Боралдай кенті ақсақалдар алқасының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Қантбек Аяшев ақсақал, аудандық маслихаттың депутаты, «Болашақ» Үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Абилова Роза Михайлқызы, аудандық жастар ұйымының атынан №7 орта мектептің 11 сынып оқушысы Константин Строев құттықтау сөздерін сөйлеп, мейрам күнімен жиналғандарды құттықтады.

 Биыл Ұлы Отан соғысының тарихи Жеңісіне 67 жыл толып отыр. Алайда, ширек ғасырдан астам уақыт өткенімен, сонау сұрапыл жылдар оқиғалары, әкелеріміз бен аталарымыздың ел басына қатер төнген шақта сүйікті Отанымызды басқыншылардан қорғауда көрсеткен ерен ерліктері сол сияқты, тылдағы еңбектеген бала мен еңкейген қарттарымыздың Ұлы Жеңіске қосқан табанды еңбектері, қайсарлықтары халқымыздың жүрегінде сақталады. Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін бар әлемге паш еткені, тарихта мәңгілікке жазылған. Соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлерді ерекше құрметтейтін күн.

Ұлы Жеңіс күні мейрамында өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, сол кезде аянбай соғыс үшін еңбек еткен ауыл адамдарын ардақ тұту біз үшін міндет. 9 мамыр мерекесі, біздің аяулы аналарымыз - өздерінің  ерлерін, әкелерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен сорғалаған жасымен еске алды.

             Отан үшін, ел үшін жанын қиып, жер бетін жаулап алған фашизмге бір жола тоқтау салған жау жүрек батырларымыз мәңгі ел жадында қалады.

 

Іле ауданы бойынша 31 мамыр – саяси  қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күнін өткізу туралы мәлімет

                 1997 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 3443 Жарлығына сәйкес Іле ауданы 31 мамыр – саяси репрессия құрбандарын еске алу күнін ұйымшылдықпен өткізді.

            Өтетін шаралардың идеялық – саяси маңыздылығын арттыру   өткізу мақсатында аудан мектептерінде 10 - 31 мамыр аралығында   іс-шаралар жоспары бекітілді.

             31 мамыр күні Қандысай жазығында аудан тұрғындары, Іле аудандық әкімшілігі, аудан көлеміндегі округ тұрғындары, аудандық мекемелер және саяси құғын – сүргін құрбандарының туысқандарының қатысуымен қаралы жиын өткізілді.

      Жиынға барлығы – 500-ге жуық адам қатысты. Жиын барысында аудан әкімі  Абдулдаев Бердәулет Ешенұлы сол жылдардағы тарихи оқиғаларға байланысты мәліметтер берді. Жиын барысында   Ащыбұлақ ақсақалдар кеңесінің мүшесі  Чатуев Нажмедин,  №24 орта мектебінің оқушысы  Диляра Ахметова сөз сөйлеп, саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алып, келешек ұрпақ мәңгілікке ұмытпауымыз керек екенініне тоқталды.

      Саяси партиялардан аудандық  «Нұр Отан» ХДП қатысты. Оппозициялық бағыттағы өкілдерден  қатысқан жоқ.  Қаралы жиынның соңы шейіт болғандарға арналып құран бағышталды.

     Сонымен  қатар Талғар ауданы, Жаңалық елді-мекеніндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіште өткен еске алуға Іле ауданынан 40 адам қатысып, ескерткішке гүл қойылды.

           

1 маусым – Балаларды қорғау күні

Іле ауданы бойынша 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық іс- шара өткізілді.

Іс- шара барысында балалар «Кел, балалар ойнайық!» тақырыбында самокат тебуден, арқан тартудан, эстафеталық ойындардан спорттық жарыстарға қатысты.  Спорттық жарыстарға қатысқан жалпы бала саны- 105.

Сонымен қатар 10 сынып оқушылары арасында өткізілген әскери- патриоттық жарысқа 6 оқушы қатысты.

«Менің қалам- бейбітшілік пен достық бесігі» атты асфальтқа сурет салудан өткізілген байқауға 2-3 сынып оқушыларынан 12 бала,  «Табиғат әлемінде» плакаттар байқауына 5-7 сыныптардан 12 оқушы қатыстырылды.

Сонымен қатар алаңға жиналған барлық оқушылар «Туған жерді жырлаймын» тақырыбында балалардың қатысуымен өткізілген концерттік бағдарламаны тамашалады.

Іс- шара соңында алаңға жиналған барлық балалар «Бір аспан- бір әлем» тақырыбында арман тілектері жазылған шарлар ұшырып мәз болысты.

Кәсіпкер   көмегімен   іс-шараға белсене қатысқан 40 балаға түрлі сыйлықтар және 300 балаға балмұздақ үлестіріліп, берілді.

 

4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығынабайланысты атқарылатын  шаралар   туралы мәлімет

4 маусым күні сағат: 10 00-де Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерінің 20 жылдық мерейтойына орай  Өтеген  батыр  кентіндегі   орталық  алаңда жастар шеруімен мерекелік  концерт  ұйымдастырылды. Мереке барысында аудан әкімі Абдулдаев Бердәулет Ешенұлы құттықтау сөз сөйледі. Сонымен бірге Ауған соғысы ардагері Иманқұлов Мұхамедәлі Орманқұлұлы, Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген жас ұстаз аудандық, облыстық байқаулардың жүлдегері Бердібекова Самал Бекболатқызы, №10 орта мектептің  9 сынып оқушысы Солдаткина Анжелика аудан тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, еліміздің мемлекеттік рәміздері тәуелсіздігіміздің айқын айшығы екеніне тоқталды. Мереке соңы аудан өнерпаздарының қойған мерекелік концертіне ұласты.

Атаулы мерекеде аудан тұрғындары арасында мемлекеттік рәміздерді насихаттауда белсенділік танытқан аудан жастары аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ  аудан көлеміндегі барлық елді-мекендерде 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздері мерекесі өз деңгейінде аталып өтіп, соңы мерекелік концертке ұласты.

Аудан бойынша барлығы 2000 адам қатысты.          

 

Медицина қызметкерлер күні

14 маусым күні Чапаев аудандық мәдениет үйінде меицина қызметкерлер күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынады аудан әкімі Абдулдаев Бердаулет Ешенұлы құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар, аудан әкімі денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі және өзіне тапсырылған міндетін абыроймен атқарып, халықтың беделіне ие болғаны үшін бірнеше қызметкерлер мен ауылдық, кенттік аурухана ұжымдарын құрмет мадақтамасымен марапаттады. Соңында кеш мәдениет қызметкерлерімен арнайы ұйымдарстырылған концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Астана күні – мемлекеттік мереке

Астана еліміздің бас қаласына айналғанына биыл 14 жыл толып отыр. Осындай қысқа мерзімде құла даладан құбылаға бет түзеген, сәні мен салтанаты жарасқан, сәулеті талайларды тамсандыратын елордамызды тұрғыздық. Елорда Тәуелсіздігіміздің тірегіне, экономикамыздың жүрегіне айналды. Астана біздің еліміздің күш-қуатын әлемге танытқан қасиетті ордаға айналды.

 Өткен жылдардың ішінде Астанада көп дүние өзгерді. Қарапайым тілмен айтқанда, былтырғы Астананы биылғы Астанамен әсте салыстыра алмайсыз. Осы бір жылдың ішінде елордада бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі әкімшілік ғимараттар, тұрғын үй кешендері, өзге де инфрақұрылымдық нысандар бой көтерді. Мұнда бірталай нысандар іске қосылып, пайдалануға берілді. Олардың ішінде Локомотив құрастыратын жаңа зауыт, 30 мың адамға арналған төбесі жабық стадион, жетім балалар білім алатын мамандандырылған кәсіби- төхникалық лицей, Республикалық жедел медициналық көмек керсететін ғылыми-зерттеу орталығы, бірнеше ірі кеңселер, сауда орталықтары, қызмет көрсету және көліктік инфрақұрылым нысандары да бар.

 Бұлардың басым көпшілігінің ашылу  салтанаты Елбасының қатысуымен өтті. Қарап отырсақ, бұл нысандардың әрқайсысының ел экономикасын өрге сүйреуде, оның ішінде Астананы дамытуда өзіндік рөлі бар. Мәселен, Локомотив құрастыратын зауытты алайық. Бұл нысанның индустриялық-инновациялық дамуға ден қойған еліміз үшін маңызы зор десе болады. Бұл - Қазақстандағы тепловоз шығаратын тұңғыш зауыт. Тепловоздарды осы салада әлемдегі жетекші компания - «Genaral Electric» компаниясымен бірге шығаратын боламыз. Жалпы Қазақстан. экономикасын өрге сүйреуде теміржол саласының алатын орны айрықша. Еліміздегі жүктердің 70 пайызы теміржол арқылы, тасымалданатынын ескерсек, бұл зауыттың экономика үшін қаншалықты қажет екенін аңғарамыз. Зауыттың ашылу рәсімінде Президент: «Зауыт, жылына 150 тепловоз шығаратын болады. Сөйтіп, біз Қазақстанның бүкіл теміржол жүйесін жаңартамыз. Бұл зауыт Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасының алғашқы қарлығаштарының бірі», - деді. Атап өтерлігі, зауыттың өнімі Қазақстанның тепловозға деген, сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, болашақта таяу және алыс шетелдерге шығарылатын болады Ал технологияның соңғы жетістіктеріне сай салынған төбесі жабық стадион елордалықтарға, жалпы қазақстандықтарға тартылған тамаша тарту болды. ТМД елдерінде, тендесі жоқ, әлемде баламасы некен-саяқ бұл стадион қазіргі заманның талаптарына сай салынған. Төбесі небәрі 20 минуттің ішінде ашылып-жабылатын осы спорттық нысан маусымның төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істей береді. Оның ішінде футбол ойынынан бөлек, спорттың күрес, бокс, спорттық гимнастика, дзюдо, каратэ сынды түрлерінен жарыстар өткізетін арнайы ғимараттар бар.

 Мемлекет басшысының алдыға қойып отырған міндеттерінің бірі - таяу уақытта Астананы медициналық орталыққа айналдыру. Астанада инфрақұрылымы дамыған медициналық кызмет көрсетудің толыққанды кластерін құру жұмысы табысты іске асырылуда. Мәселен, қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жадықталған Ана мен бала ғылыми-зерттеу орталығы және Республикалық балаларды сауықтыратын, орталық іске қосылған болатын. Жедел медициналық көмек көрсететін ғылыми-зерттеу орталығы пайдалануға берілді. Келешекте, республикалық деңгейдегі кардиологиялық, нейрохирургиялық сондай-ақ диагностикалық орталықтарды іске қосу көзделіп отыр. Бұлардың барлығы мемлекеттің, ұлттың келешегі, ұрпақтың бақыты үшін, салауатты өмір салтын қалыптастырып, жанына дауа, дертіне шипа іздеген жандарға көмектесу үшін жасалып жатқан игі шаруалар. Астананың күні халықтың есінде сақталатындай, ұлттық рухты дәріптейтін, ұлағатты өнегесі мол іс-шараларға толы болады. Қаланың маңызды орындарында мерекеге арналған шаралар ұйымдастырылып, халықтың шат-шадыман көңілмен қыдыруларына, көңіл көтерулеріне жағдай жасалады.

 Астана бұл күнде тек елордалықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мақтанышына, сүйікті қаласына айналды. Сәулеті мен сәнін естіген адам бір көруге ынтық болып жүрген дүниежүзілік шаһарлардың деңгейіне жетті.