Боралдай кентінде 2016 жылдың 17-24 ақпан аралығында келесі іс-шаралар атқарылды:
17 ақпанда – Боралдай кенті №39 мектеп-гимназияның акт залында халықаралық музыка күні аясында өткізілетін «Жетісу жұлдыздары-2016» балалар шығармашылығы байқауына қатысатын үміткерлер арасында аудандық іріктеу өтті. Іріктеуді аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері өткізді. Үміткерлер вокал, хореография, аспапта ойнау жанрлары бойынша өнер көрсетеді. Боралдай кентінен «Әдемі», «Юнона» балабақшаларының бүлдіршіндері, №39 мектеп-гимназияның оқушылары, «Іле сазы» балалар мен жасөспірімдер ансамблі өнер көрсететін болды.
18 ақпанда – №17 орта-мектептің мәжіліс залында Іле ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әлеуметтік автопоездың Боралдай кенті тұрғындарымен кездесуі өтті. Автопоездға – Боралдай кентінің әкімі М.Салимбаев, Ішкі саясат бөлімінің басшысы, С.Жаркынбеков, білім бөлімінің басшысы Л.Каткеева т.б аудандық ММ басшылары, Боралдай кенті әкімі аппаратының мамандары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, оқушылар, жастар қатысты.
Сонымен қатар, осы аптада:
Боралдай кентіндегі М.Әуезов, Комонавтов көшелеріне қиыршық тас араласқан құм себілді.
Боралдай кентінде үш жұмыс тобынан тұратын «Нұр Отан»-ның сайлауалды штабы құрылды. Штаб төрайымы Жумабаева Күлбану Мұратқызы.
№17 мектепте оқушылар мен ата-аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұзындығы – 12 м, биіктігі – 7 метрлік кірпіш дуалға қайта жөндеу жұмыстары жасалынды.
Кент көшелерінде, саябақтарда санитарлық-тазалау жұмыстары жүргізілді.
Боралдай кентінің әкімі М.Салимбаев кенттегі өндірістік объекте кәсіпорындардың бірінші басшыларымен атқарылып жатқан жұмыстар мен 2016 жылға жоспарлар туралы кездесу өткізді.
Облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер толық тіркелді.
«Нұр Отан»-нан – Б.Артемов, В.Батыр, И.Шамиев, М.Егембердиева
Өз-өзін ұсынған кандидаттар – М.Абдуллаева, М.Мамедов, А.Данабек, Д.Орманов, С.Ефремова, Э.Сабанчиева, Е.Потапова, Ж.Турсынбакиева.
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстар тобы құрылды. Сайлау участкелеріне маңдайша жазулары орнатылды, күнтізбелік жоспарлар жасалды. Еріктілер сайлаушылар санын анықтау бойынша жұмыстар жасауда.
18 ақпанда – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы облысы, Райымбек ауданы, Саржаз ауылында шаңғы жарысы өтті. Боралдай кентінен №39 мектеп-гимназия мұғалімдері Ж.Азбаев, Ж.Нұрсұлтанова және №17 орта-мектеп мұғалімдері В.Прицкау, Л.Логиновалар қатысты. Боралдай кентінің намысын қорғаған үміткерлдердің бірі Жазира Нұрсұлтанова «арнайы грамотамен» марапатталды.
19 ақпанда – Чапай ауылындағы аудандық мәдениет үйінде ақын, жырау Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай аудандық жыр-термешілер байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – ұлттық өнерімізді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында жырлаудан жалықпаған жыр алыбы Жамбыл есімін кеңінен насихаттау. Елін сүйген ақынның отты жылдарда жауынгерлерді рухтандырған қасиеттерін өскелең ұрпаққа үлгі ету. Еліміздегі жыршылық, термешілік дәстүрді жалғастыру. Жастарымызды ұлттық өнеріміздің қыр-сырына баулып, үлкен сахнада өнер көрсетуге үйрету.Жаңа өнер иелерін тауып, халыққа насихаттау.
Осы мақсатта Боралдай кентінен үш жыршы-термеші – Аман Ержанат, Елікбаев Қуат, Ашимов Даулеттер қатысып, өнер көрсетті. А.Ержанат пен Д.Ашимов арнайы грамотамен марапатталды. Ал Қ.Елікбаев арнайы номинациямен марапатталды.
20 ақпанда – Чапай ауылдық округінің мәдениет үйінде «Жас Отан» жастар қанатының жастары «Біз Қазақстанға дауыс береміз» атты флешмоб ұйымдастырды. Аталмыш шараның басты мақсаты алдағы келе жатқан сайлаудың ел үшін, жастар үшін маңызының зор екенін жеткізу. Флешмобқа Боралдай кентінен Боралдайкенті әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскері А.Жеңсікбаева бастаған бір топ жасотандықтар мен жастар қатысты.
Боралдай кентінде қоғамдық-саяси ахуал бір қалыпты.
       
|