БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Іле ауданының ішкі саясат бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Аудандағы діни ахуал  

 Іле ауданында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркелген 48 жергілікті діни бірлестік және 1 діни бірлестік филиалы жұмыс атқаруда, оның ішінде: 24 ислам бағытында (мешіттер), 9 православиелік (шіркеулер) және 15 протестанттық, 1 Рим-католиктік шіркеу.
Әр түрлі конфессия өкілдері болып табылатын бұл діни бірлестіктер өзара тату-тәтті өмір кешуде. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мелекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Іле аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, бекітілген жоспары бойынша қызмет атқаруда. Аталған жоспар негізінде жыл басынан бері 450 адамды қамтыған 3 іс-шара өткізілді.
Атап кететін маңызды іс-шаралардың бірі – 11 ақпан 2016 жылы Боралдай кенті, №15 орта мектептің мәжіліс залында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының 2016 жылға арналған іс - шаралар жоспарына сәйкес «Діни экстремизм мен терроризм – дәстүрлі діннің жауы» тақырыбында «Іле ауданы Ішкі саясат бөлімі» ММ және Боралдай кенті әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты:
1. Діни экстремизмнің адам және қоғам, мемлекеттің болашағы үшін қатерлі екенін жеткізу.
2. Пікір алмасу арқылы проблемалық мәселелерді анықтау.
Аталған мәселе бойынша мәселе бойынша кездесуге арнайы шақырылған «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-ның бөлім басшысы Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы баяндама оқыды. Кездесуге Алматы облысы Ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция полковнигі Т.Жүндібаев қатысты.
Бұл маңызды кездесуге Боралдай кентінің тұрғындары, жастар мен колледж студенттері және медресе, мектеп оқушылар қатысты.