БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Іле ауданының ішкі саясат бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
2015 жылдың I жарты жылдығына өткізілген іс-шаралар
және аудандағы діни ахуал туралы мәлімет
 

Алматы облысы әділет департаментінің эд №822 27.02.2015ж хаты негізінде Іле ауданында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан мұсылмандар діни бірлестігінің 24 филиалы (мешіттер) және 8– православты діни бірлестігі (шіркеулер) және 14 – протестанттық діни бірлестік және 1-филиалы қызмет етеді.
Іле ауданы бойынша ақпараттық және құқықтық түсіндіру шеңберінде конфессияаралық келісімді насихаттау және діни экстремизмнің алдын алу жоспарына сәйкес ІI тоқсанда 14 іс-шара өткізілді:
Олар:
І.7.01.2015ж Өтеген батыр кентінің «Мақсат» кафесінде «Рождество» діни мерекесіне орай Іле ауданың тұрғындарына арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы іс-шараға аудан әкімінің орынбасары В.Файль, Адриано-Натальенский шіркеуінің жетекшісі, протойерей - Сергий Коноплев,бөлім басшылары, округтерден жиналған қауымды «Рождество» мерекесімен құтықтады.
Мерекелеу барысында аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен Өтеген батыр кентінің №7 орта мектеп оқушыларынан құрылған көркем өнерпаз ұжымының концерттік бағдарламасын тамашалады. Іс-шараға 200 адам қамтылды.
Жергілікті жерлерде проваславты шіркеулерде «Рождество» мерекесіне байланысты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
ІІ.Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жыдарға арналған мелекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында аудан тұрғындары арасында ҚР-ның діни бірлестіктер туралы Заңын насихаттау және діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша Іле ауданы Чапай ауылы мәдениет үйінде «Мәуліт» діни мерекесіне байланысты 13.01.2015ж. конференция ұйымдастырылды. Конференция мақсаты:
1. Мәуліт мерекесінің тәрбиелік мәнін түсіндіру;
2. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу;
3. Қазақ ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау;
Атаулы іс-шараға «Нұр - Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің деканы-доктор Рамадан Хайтими, «Нұр - Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, философия магистрі Данияр Абдуссамад, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің докторанты, дінтанушы-Самед Октам, ауданның құқық қорғау органдарының қызметкерлері, облыстық дін істері басқармасынан, ауылдық, кенттік округ әкімдері, ішкі саясат мамандары, бөлім басшылары, мектеп директорлары тәрбие ісінің меңгерушілері, дін тану пәнінің мұғалімдері, мешіт имамдары, қоғамдық ұйым төрағалары, аудан тұрғындары, БАҚ өкілдері «Асыл Арна» және «СТВ» өкілдерінің қатысуымен 210 адамға қамтылып өткізілді.
ІІІ. 16.01.2015ж Ащыбұлақ ауылдық округінің жастарына аудандық АНТ мүшелерімен №20 орта мектеп акт залында «Дін және терроризм: әртүрлі түсініктер» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.Кездесудің мақсаты: Жастармен дәстүрлі діндерді тану, имандылық тұрғысында және басты мақсат-экстремизм, терроризмді болдырмау, алдын-алу, саяси тұрақтылықты қалыптастыру, дәстүрлі емес діндердің қоғамға қарсы әсерін жастар арасында түсіндіру. Іс-шараға 200 жоғарғы сынып оқушылары қамтылды.
IV. 3.02.2015ж Идеалогия жұмыстары бойынша 25750 әскери бөлімнің аға офицері майор Б.Кулпендиев пен Боролдай ауылдық округіндегі жастар нұсқаушысы Қ.Құрманжанованың ұйымдастыруларымен 25750 әскери бөлімінің офицерлер мен келісім шарт арқылы қызмет етіп жүрген әскери қызметілердің арасында, діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу, жастарға патриоттық тәрбие беру, жат ағымның әсерінен қорғау мақсатында жергілікті құқық қорғау органдарының, аудандық ішкі саясат бөлімінің, аудандық жастардың қатысуы мен «Радикализм – біздің жол емес» атты семинар өтті.
V.27.02.2015ж Байсерке ауылдық округі №12 орта мектептің акт залында
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жыдарға арналған мелекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында аудан әкімімен бекітілген Іле аудандық ақпараттық насихаттау тобының «Қазақстандық патриотизм және дін» тақырыбында «Ішкі саясат бөлімі» ММ және Жамбыл ауданы ерікті мүгедек балалар қоғамы ҮЕҰ ұйымдастыруымен семинар өткізілу жоспарланған.
Кездесудің мақсаты: Жастармен дәстүрлі діндерді тану, имандылық тұрғысында және басты мақсат-экстремизм, терроризмді болдырмау, алдын-алу, саяси тұрақтылықты қалыптастыру, дәстүрлі емес діндердің қоғамға қарсы әсерін жастар арасында түсіндіру. Іс-шараға 180 жоғарғы сынып оқушылары қамтылды.
VІ. 10.03.2015ж Өтеген батыр кенті №7 орта мектеп акт залында Іле ауданы «Ішкі саясат бөлімі» ММ ұйымдаструымен «Дәстүрлі емес діни ағым» кездесуі ұйымдасытырылды. Кездесудің мақсаты:
Дәстүрлі емес діни ағымдардың зардабын түсіндіру.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.
Отанға деген патриотизм сезімін арттыру.
Атаулы кездесуде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің дінданушы магистрі, дінтану және мәдениеттанушы кафедрасының докторанты Еркін Танкулов және Алматы епархиясының Адриано Наталинскии приходының - Евгении әкейі.Аудандық АНТ тобы мүшесі дінтанушы, аудан бас имамы –Алдажар Сейітұлы.Ауданымыздың протестантты және проваславты діни бірлестік өкілдері, ауылдық округі әкімдігінің мамандары, ішкі саясат мамандары, Прогресс колледжінің студенттері, №7, №38 және М.Мақатаев ат. №13 орта мектеп жоғарғы сынып оқушылары, ауыл тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.
VІІ. 12.03.2015ж Күрті ауылдық округі Ақши ауылының №41 орта мектеп акт залында Облыстық АНТ мүшелерінің қатысумен «Ұлт болашағы - иманды әйел» атты семинар ұйымдастырылды. Атауылы іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің дінданушы магистрі, дінтану және мәдениеттанушы кафедрасының докторанты, Іле ауданы «Жастар орталығы» қызметкері, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлеуметтанушы магистрі, аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, мекеме басшылары, округ әкімдіктеріндегі ішкі саясат бөлім мамандары, ауылдық округтерінің имамдары, арнаулы орта оқу орындары мен жалпы білім беру мекемелерінің жас мамандары, дінтану пән оқытушысы, ауыл ақсақалдары және қоғамдық кеңес жетекшілері, БАҚ өкілдері шақырылып ҰҚК қызметкерлері, Прокуратура қызметкерлері жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері, округ әкімдерінің орынбасарлары, №8 және №41 орта мектеп директорлары, тәрбие ісінің меңгерушілері, имамдар, қоғамдық ұйым төрағалары , «Жас Отан» жастар қанаты , арнаулы орта оқу орындары мен жалпы білім беру мекемелерінің жас мамандары, дінтану пән оқытушысы, ауыл ақсақалдары және қоғамдық кеңес жетекшілері қатыстырылды.
Семинар барысында жиналған қауымға күндеікті тұрмыстағы ананың балаға деген тәрбиесін бейнелеуге байланысты сал-дәстүрлер , бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүрлер,ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық ,қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері,сөйлеу әдебі мен киім кию тәрбиесі, балаға тәрбие берудегі ананың рөлін
Қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымыз иманды әйелдің алақынына шығатынын атап өтіліп, «Хабар» телеарнасының «ДРЕСС КОД» атты телехабары көрсетілді. Үзіндіні талқылау барысында қазіргі интеграциялық ғаламдану қоғамында ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпау, өзге дінге еліктемеу секілді тақырыптар көтеріліп талқыланды.
VІІІ 7.04.2015 жылы Білім бөлімінің мәжіліс залында аудандық ІІБ ұйымдастырумен «Өзіңді бағала,өмірді сүй» атты суйцидтің алдын алу бойынша Талғар, Есік және Іле ауданы полиция қызметкерлерінің арасында «Әл-Ихсан» мешітінің бас имамы Мухаметуллов Зейнен Қабиденнің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
ІХ 22.04.2015 жылы Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жыдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында аудан әкімімен бекітілген Іле аудандық ақпараттық насихаттау тобының 2015 жылға арналған іс - шаралар жоспарына сәйкесінше 22.04.2015ж сағат «Жастар тәрбиесі және Дін» тақырыбында «Ішкі саясат бөлімі» ММ және Жамбыл ауданы ерікті мүгедек балалар қоғамы ҮЕҰ ұйымдастыруымен семинар ұйымдастырлды.
Х 6.05.2015 жылы Аудандық Прокуратураның тапсырысымен орта мектеп оқушыларына және аудан тұрғындарының назарына «Шырмауық» спектальін көрсету мақсатында ауданы мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына синхронды көрсетілім ұйымдастырылып 3000 жуық жас жеткіншектерге көрсетілді.
Іс шара барысында АНТ мүшелері жас жеткіншектерге спектакльдің бас кейіпкерлердің өзге дінге бет бұрып, туған отбасыларынан бас тартып жапа шеккендер туралы айтты.
ХІ 15.05.2015 жылы Қараой ауылдық округінің №18 орта мектеп оқушыларымен Аудандық АНТ «Ислам дінінің асыл құндылықтары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
ХІІ 22.05.2015 жылы Аудандық АНТ мүшелерінің қатысуымен Боралдай кенті «Өзін өзіне қолжұмсау жағдайларының алдын алу» тақырыбында №55065 әскери бөлімінің жеке құрамымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.
ХІІІ 28.05.2015 жылы Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жыдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында аудан әкімімен бекітілген Іле аудандық ақпараттық насихаттау тобының 2015 жылға арналған іс - шаралар жоспарына сәйкесінше «Ислам дінінің асыл құндылықтары» тақырыбында «Ішкі саясат бөлімі» ММ және Жамбыл ауданы ерікті мүгедек балалар қоғамы ҮЕҰ ұйымдастыруымен семинар өткізілуінің іс-шаралары ұйымдастырды.
ХІV 22.06.2015ж Өтеген батыр кентінің №13 орта мектептің акт залында «Діни экстремизмнің зардаптары және оның алдын алу іс-шаралары туралы» РАНТ мүшесі Абдусамат Әпсаттар мырза және Аудандық АНТ мүшесі Сейітұлы Алдажардың қатысуымен Аудан тұрғындары, мекеме, өндіріс басшылары, әскери бөлімше қызметкерлері және жастардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Тоқсандық және жарты жылдық есептер электронды нұсқада жолданады.
Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.