БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Іле ауданының ішкі саясат бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
2014 жылдың қараша айына аудандағы
саяси ахуал туралы мәлімет.
27.11.2014

 

  Аудан бойынша діни бірлестіктер саны -45, оның ішінде; мұсылмандық діни бірлестік – 23 , проваславты діни бірлестік -8, протестантық діни бірлестік -14. Мектептер саны - 38. Жалпы оқушы саны 35000. Қазақ тілінде оқитын оқушы саны - 23410. Іле ауданы бойынша 34 ұлт өкілдері тұрады. 4 этно-мәдени орталықтар, 13 үкіметтік емес ұйымдар, 3 бұқаралық ақпарат құралдары мен 2 саяси партиялардың филиалдары қызмет атқаруда.
Қараша айында Іле ауданы бойынша ақпараттық және құқықтық түсіндіру шеңберінде конфессияаралық келісімді насихаттау және діни экстремизмнің алдын алу аясында 1 іс-шара өткізілді.Іс-шараларды өткізудегі мақсат - діни экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан аумағындағы секталар туралы мәлімет беру, жастардың қоғамдағы діни сауаттылығын арттыру, дәстүрден тыс діни ағымдарға жол бермеу, діни ағымдағы теріс іс-әрекеттерге қарсы насихат жұмыстарын жүргізу, қоғамдағы теріс ағымдардан өздерін аулақ ұстау туралы түсіндіру, аудан аумағында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қалыптастыруға ықпал жасау, жоғарғы сынып оқушыларымен және сарбаздар мен келісім шарт әскери қызметшілерімен дәстүрлі діндерді тану, имандылық тұрғысында және экстремизм, терроризмді болдырмау, алдын-алу, саяси тұрақтылықты қалыптастыру, дәстүрлі емес діндердің қоғамға қарсы әсерін түсіндіру, сонымен қатар, діни төзімділікке тәрбиелеу.Атап айтқанда:
1. 3.11.2014ж Боралдай кентінің «Жедел»ЖШС қызметкерлерімен ҚР-ның діни бірлестіктер туралы Заңын насихаттау және діни экстремизм және терроризмнің алдын алу іс-қимыл жөніндегі 2014 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іле аудандық ақпарат насихат тобының «Конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделі » атты аудандық дөңгелек үстел ұйымдастырылып 2 мақала жарық көрді.

Олар:

1 Дін мен дәстүрдің сабақтастығы 7.11.2014ж Іле таңы
2 Экстремизм –ел үшін бүлдіруші ағым 21.11.2014ж Іле таңы
 


Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің жолдауын насихаттау мақсатында аудандық және облыстық ақпараттық топтардың Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары бойынша бірқатар саяси-ұйымдастырушылық жұмыстар атқарылды.
24.11.2014ж Облыстық АТМ Сүлейменова Ж.М. Байсерке ауылының тұрғындарымен Президентінің жолдауы «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Іле ауданы барлық округтерінде жергілікті топтармен бірлесіп жиналыстар өткізілді.
25.11.2014ж Облыстық АТМ Тұрдалиев С.М.,Базарбаев Ж.М.,Едігенов М.Ж., Байсерке ауылдық округі және Қараой және Чапаев ауылының тұрғындарымен Президентінің жолдауы «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Іле ауданы барлық округтерінде жергілікті топтармен бірлесіп жиналыстар өткізілді.
25.11. 2014ж«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында Байсерке ауылдық округінің № 28 гимназиясында Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі –Дербисалова А.Ө., дәрігер эпидемиологтар Алғазиева Ж.Б.,Ибраймова А.А., Нұғман Азат, дәрігер эпидемиологтың көмекшісі-Потуданская О.В қатысуымен және жергілікті әкімшіліктің мамандары, аудандық «жастар орталдығының» мамандарының қатысуымен акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты « жаңадан АИТВ жұқтырғандарды болдырмау, Кемсітушілікті болдырмау, ЖИТС-тен өлуді болдырмау»
28.11.2014ж. сағат 10.30-14.30 аралығында Энергетик ауылдық округі Покровка ауылы, Байсерке ауылдық округі Әли ауылы және Қараой ауылдық округінің жаңадан соғылған ауылдық дәрігерлік амбулаторияларының ашылу рәсімдері ұйымдастырылды.
Чапаев ауылының мәдениет үйінде сағат 15.00 де «ҚР Тұңғыш Президент» күніне арналған салтанатты жиналыс ұйымдастырылуда.
Аудан тұрғындары даталы мерекелер, мәдени шараларға белсене қатысады.
Жергілікті атқару органдары әлеуметтік шиеліністерді болдырмау мақсатында тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік жағынан қамтамасыздандыру шараларын ерекше назарда ұстау, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторингті жалғастыру және тұрғындардың мемлекеттік басқару органдарына сенімін арттыру шараларын жүргізу жөнінде округтерге ұсыныстар берілді.
Азаматтық-қоғамдық институттарда ахуалдық келіспеушілік болған жоқ.
Аудан бойынша наразылық көніл күй бұзатын тұлғалар жоқ.
Ауданда қоғамдық-саяси ахуал қалыпты жағдайда.