БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Іле ауданының ішкі саясат бөлімі > ҚҰЖАТ

 
4 - маусым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күні
 
05.06.2017

 

4 - маусым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған     25 мамыр мен 4 маусым  аралығында «Мемлекеттік Рәміздер – Тәуелсіздік нышаны» тақырыбымен он күндік іс-шаралар аудан бойынша  өтті.

Атаулы тақырыпқа байланысты барлық білім мекемелерінде кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Атаулы он күндік барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 25 жыл толуына орай халыққа Мемлекеттік Рәміздердің мемлекет үшін маңыздылығын түсіндіру мақсатында аудандағы барлық мекеме орындары мен кәсіпорындарда, ауылдық округттерде ақпарат топтары  35 кездесу, 12 дөңгелек үстел    өткізілді. 

 Атаулы шараға мекеме басшылары,  мектеп ұстаздары, мектеп оқушылары,   этно-мәдени  бірлестіктер ,  қоғамдық кеңес мүшелермен  2500 адам қамтылды.

Сонымен қатар Чапаев ауылындағы  аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздеріне 25 жыл толуына орай «Мемлекеттік Рәміздер – Тәуелсіздік нышаны» атты салтанатты жиын өтті.

Жиын барысында   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдық мерекесіне орай 25 үздік деп танылған әр саладағы аудан азаматтары аудан әкімінің «Мадақтама грамотасымен» марапатталды.

2017 жылдың 04 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздеріне 25 жыл толуына орай аудандағы барлық мекемелерде  сағат 10.00 де бір уақытта Мемлекеттік Гимн орындалды.

Аудандағы қоғамдық - саяси ахуал бір қалыпты.