БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Іле ауданының ішкі саясат бөлімі > ҚҰЖАТ

 
31 мамыр – саяси репрессия құрбандарын еске алу күні
 
05.06.2017

 

1997 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 3443 Жарлығына сәйкес Іле ауданы 31 мамыр – саяси репрессия құрбандарын еске алу күнін ұйымшылдықпен өткізді.

         31 мамыр күні Қандысай жазығында аудан тұрғындары, Іле аудандық әкімшілігі, аудан көлеміндегі округ тұрғындары, аудандық мекемелер және саяси құғын – сүргін құрбандарының туысқандарының қатысуымен қаралы жиын өткізілді. Жиынға барлығы – 190 адам қатысты. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Н.Құматаев жиынды ашып сол жылдардағы тарихи оқиғаларға байланысты мәліметтер берді. Жиын барысында Іле ауданының Құрметті азаматы, Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исаев Әмзе Әлдибекұлы, Қоянқұс орта мектебінің оқушысы Сәмет Әсем сөз сөйлеп, саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алып, келешек ұрпақ мәңгілікке ұмытпауымыз керек екенініне тоқталды. Қаралы жиынның соңы шейіт болғандарға арналып құран бағышталды.

Ауданда қоғамдық саяси ахуал қалыпты жағдайда.