БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ветеринария бөлімі > ҚҰЖАТ
![]() |
![]() |
БӨЛІМНІҢ ЕРЕЖЕСІ | ![]() |
|
Іле аудан әкімдігінің «_____» _________ 2011жылғы №______ қаулысымен бекітілген № 1 қосымша Алматы облысының « Іле ауданының ветеринария бөлімі» Мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е
1. Жалпы ережелер
1.1 Осы «Іле ауданының ветеринария бөлімі» - Мемлекеттік мекемесі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның ветеринариялық бөлімі туралы үлгі ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына, 2009 жылғы 20 шілдедегі енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес әзірленген және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық бөлімдерінің міндеттерін, функциясын, өкілеттігін және өзара іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды. 1.2. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның Мемлекеттік мекемесі «Ветеринария бөлімі (бұдан әрі –ветеринариялық бөлімі) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 1.3.Бөлім құрылтайшысы болып аудан әкімінің аппараты табылады. 1.4.Мемлекеттік басқару органы болып ауданның әкімдігі табылады. 1.5. Ветеринария бөлімі, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасына және диагностикасына, жануарларды бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы атрибуттар мен бұйымдарды, ветеринариялық паспортты алуға, жануарлар мен адамның денсаулығы үшін ерекше қауіп төндіретін алынып тасталған жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жоюға, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады. 1.6. Штаттық саны мен құрылымы кемінде 3 бірліктен. Құрылымды ұйымдастырудағы қаржылық шығынды анықтау мен бекіту облыс әкімінің шешімімен жүзеге асырылады. 1.7. Ветеринария бөлімінің жетекшісі, ауданның Бас ветеринариялық дәрігері қызметін атқарады. 1.8.Ауданның Бас ветеринариялық дәрігерін қызметтік лауазымға тағайындауды және босатуды, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының (ветеринария бөлімінің) келісімімен, аудан әкімі жүзеге асырады. 1.9.Ветеринария бөлімі Заңды тұлға болып есептелініп, Қазақстан Республикасы банкісі бойынша заңнамаға сәйкес бюджеттік және дербес есептік шоты болады. Қазақ тілінде өрнектелген Қазақстан Республикасының ел таңбасы мен өзінің атауы жазылған дөңгелек мөрі, мөртабаны болады. 1.10.Ветеринария бөлімі Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепті алуды және есептілікті жүргізеді және оларды ұсынады.
2. Негізгі міндеттері
Ветеринария бөлімінің негізгі міндеттері: 2.1 халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау; 2.2 жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу; ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 2.3 тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден (аумақтардан) жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау; 2.4 жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
3. Негізгі қызметтері
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін ветеринария бөлімі мынадай функцияларды жүзеге асырады: 3.1. уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарларын бекітеді; 3.2. ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды қолдануды, сақтауды ауданның (жергілікті атқару органы-әрі қарай ЖАО) ЖАО ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі ұйымдастырады; 3.3. профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді және уәкілетті органға береді; 3.4. жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, оларды қолдануды, сақтауды ауданның ЖАО ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі ұйымдастыруды жүзеге асырады; 3.5. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға табыс етеді; 3.6. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады; 3.7. халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді; 3.8. жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады; 3.9. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейді; 3.10. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді; 3.11. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарларға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады; 3.12. елді мекен жерлерінде жануарларды жаюға арналған орындарды анықтайды; 3.13. қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады; 3.14. мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді; 3.15. жануарға ветеринариялық паспорт береді; 3.16. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы береді; 3.17. өкілді органдардан, жергілікті елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі енгізілген ұсыныстарды бекітеді; 3.18. алып қойылатын және жойылатын ауру жанурлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді.
4. Негізгі құқықтары
Ветеринария бөлімі: 4.1.өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға; 4.2.ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда, олардың лицензияларын заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтату туралы шешімдер шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға; 4.3.белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсынысты шығаруға; 4.4.тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныс шығаруға; 4.5.тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсынысын шығаруға; 4.6.жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға; 4.7.уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға құқылы.
5. Ветеринария бөлімінің басшылығы
Ветеринария бөлімінің басшылығы өз құзыреті шегінде: 5.1.Ветеринария бөлімінің жұмысын басқарады және ветеринария бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді; 5.2.жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
6. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
6.1 Бөлімді бастық басқарады. Оны аудан әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымдық қызметінен босатады. 6.2.Бөлім жұмысын ұйымдастырады, басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап береді, өз қызметін жүзеге асырады. 6.3.Бөлім бастығы осы мақсатта: 6.3.1 Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттігін анықтайды; 6.3.2.Заңдарға сәйкес Бөлім қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдық қызметтен босатады; 6.3.3.Белгіленген заңнамалық ереже бойынша Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады; 6.3.4.Бөлім бастығының бұйрығына қол қояды; 6.3.5.Барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарды Бөлімнің өкілі ретінде өзін көрсете алады ; 6.3.6.Бөлімнің жұмыс тәртібін бекітеді; 6.3.7.Заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады; 6.3.8.Бөлім қабылдайтын шешімдер Бөлім бастығының бұйрығымен рәсімделеді. 6.3.9.Жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
7. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
7.1.Бөлімді қайта құру және тарату белгіленген заңнамаларға сәйкес Құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады. 7.2.Тарату жағдайында Бөлім мүлкі Құрылтайшыға өтеді. |
||||