БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ветеринария бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
Іле ауданы бойынша 2014 жылдың 10 қыркүйек айына
ветеринария саласында атқарылған жұмыстары
 

Ауыл шаруашылық жануарларының аса қауіпті ауруларға қарсы алдын ала егу және диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы 2014 жылы- 79 251,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 009 – Энзоотиялық ауруларға қарсы жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар бойынша - 2 304,0 мың теңге (қаржы) бөлінді. Осы қаржыны игеру мақсатында ауыл шаруашылық малдарын алдын ала егу іс-шараларын және қан сынамаларын тексеруден өткізу үшін ауданның эпизоотиялық және энзоотиялық жағдайына байланысты жоспар жасалынады.
2014 жылдың 8-айында аудан бойынша ауыл шаруашылық жануарларын аса қауіпті ауруларға қарсы алдын ала егу жұмыстары мен қан сынамаларын тексеру жұмыстары туралы мәлімет 1 қосымшада көрсетілген.
Диагностикалық зерттеу жұмыстарының толық орындалмаған себебі: Вакуумтайнердің (пробирка) жоқ болуына байланысты. Жоспарға сәйкес эпизоотияға қарсы бөлінген 51 444,0 мың теңге толық игерілді. Ал энзоотикалық ауруларға қарсы жоспардың орындалмау себебі: вакцинаның келіп түспеуіне байланысты.
Оң нәтиже берген 124 бас ІҚМ ішінде 100 басы қайта өңдеу цехтарына тапсырылды, 15 бас шектеусіз сатылды, 9 бас жоғалды немесе шығын болды. Ал ҰММ оң нәтиже берген 812 бастың 761 басы жойылды, 51 басы шығын болды. 2- қосымшада ауылдық округтер бойынша анықталғаны көрсетілген
Қазақстан Республикасының сібір жарасы бойынша стационарлық қолайсыз елді мекендердің кадастрында бекітілген Іле ауданы бойынша 6 сібір жарасынан қолайсыз стационарлық пункт (ҚСП) көрсетілген. Кестедегі бойынша анықталған 4 елді мекендердің ҚСП сым темір қоршаумен қоршалып, «Сібір жарасы» маңдайшасы орнатылған. 3 –қосымшаға сәйкес ошақтар орналасқан ауылдық округтер тізімі көрсетілген.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2331 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру ережесі» іске асыру мақсатында бүгінгі күнге дейін малдарды сырғалау үшін 80484 дана ІҚМ, 260000 дана ҰММ, 70000 дана шошқалардың сырғалары алынды. 2011 жылдан 10.09.2014 жылға дейін бірдейлендіріліп компьютерлік дерек қорға енгізілгені, соның ішінде есептен (өз қажеттілігіне жаратылған, сойылған, сатылған, өлген т.б. себептермен) шығарылған 4, 5, 6, 7, 8 – қосымшаларда көрсетілген.

2014 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылық малдарын соятын 12 мал сою алаңы және 3 мал сою пункті жұмыс істейді. Осы мал сою алаңдары мен пункттерде сойылған мал басы саны туралы 9-қосымшада көрсетілген.
Ауданда 11 мал қорымы бар оның 6-типтік және 5-қарапайым үлгіде салынған. Сонымен қатар Ащыбұлақ ауылдық округінің Көкқайнар ауылында мал қорымының құрылысы басталған. Мал қорымының іске қосылуы ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Адамдардың арасында иттермен зақым алу жиіліп кеткен себептен қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау үшін 2014 жылдың І-жарты жылдығында жергілікті бюджеттен 2 700 000 теңге бөлініп, осы бөлінген қаржыдан 900 иессіз иттер ұсталынып жойылды. Ал ІІ-жарты жылдыққа облыстық бюджеттен қосымша 3 000,0 мың теңге бөлініп қыркүйек айыннан бастап 116 иттер ауланды. 10- қосымшада ауылдық округтер бойынша ауланғаны көрсетілген