БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ветеринария бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
Аудан тұрғындарының назарына  

 

       Аудан аумағында жыл сайын ит және мысық тістеуінен адамдар арасынан зардап шегушілер саны өсу үстінде. Егер 2011 жылдың 8-айында ит пен мысық тістеуінен зардап шеккендер саны 667 адам болса, 2012 жылдың 8-айында бұл көрсеткіш 793 адамға жетіп отыр. Жалпы зардап шеккендердің 427 немесе 53,8% қаңғыбас иесіз иттердің, 15 немесе 18,9% жабайы мысықтардан болып отыр.Сонымен қатар ауданда эхинококкоз ауруымен эпедемиологиялық жағдай күрделенуде.2012 жылдың 8-айында 6-адам эхинококкозбен ауырғандығы тіркелсе 2011жылы осы уақыт аралығында 2 оқиға тіркелген немесе 3 есеге өсіп отыр. Жалпы ауырғандардың 2еуі 33,3% 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген.

       Адамдар арасында эхинококкоз,құтырық ауруының алдын алу шараларының ең негізгісі қызметтік, үй аулаларындағы,аңшылық питомниктердегі барлық ит пен мысықтарды есепке алып,тіркетіп,паспорт беру жергілікті ауылдық, кенттік, әкімшілігі жүргізеді.Әр тіркелген жануарға бірдейлендіру нөмірі беріліп,ол өмірлік сақталады.Ит пен мысықты тіркеуге алған кезде арнайы үлгідегі  ветеринариялық паспорт беріледі.Паспорт  құнын ит және мысық иелері төлейді.Бірінші рет тіркеумен жыл сайынғы қайта тіркеу иттерге үш айлық мысықтарға екі айлық жасынан бастап жүргізіледі.Сонымен қатар уақтылы егу және дегильминтизация шаралары жүргізілуі тиіс.Тұрғындар арасында эхинококкоз және құтырық ауруларының таралуына жол бермеу мақсатында жергілікті қаржыдан ит пен мысықты аулауға және жоюға қаражат бөлінеді.Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен аудандық Ветеринария бөлімі ауданның барлық тұрғындарына қаңғыбас иттер мен мысықтардың шоғырланған жерлерін байқаған жағдайда ауылдық әкімдікке вет дәрігерлерге иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыру және жүргізу үшін хабарлауларын сұрайды.

        Барлық жануарлар мен ит,мысық иелеріне жергілікті тұрған жеріндегі әкімдікте тіркеуден өткізулері қажет.Тіркеуден өтпеген немесе алдын алу шаралары (егу-дегильминизация) жүргізілмеген ит пен мысықтарды ұстауға болмайтындығын ескертеміз.

 

Т.Молдахметов, Іле ауданы бойынша МСЭҚБ бастығы                

С.Қожахметов, ветеринария бөлімінің бастығы