БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ветеринария бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданы ветеринария бөлімінің 2019 жылдың 9-айында
атқарылған ветеринариялық іс шаралардың есебі
21.10.2019

 

011 бағдарлама- эпизоотиялық  ауруларға  қарсы іс-шаралар жүргізуге  139 млн. 750 мың теңге бөлінген. 9-айдың қорытындысы бойынша 112 млн 632 мың теңге игеріліп төмендегідей жұмыстар атқарылды:

Алдын ала егу жұмыстары:  Құтыруға қарсы: ІҚМ жоспар 2500 бас, егілгені 2500 бас, ит жоспар 3000  бас, егілгені 3000 бас, мысық жоспар 300 бас, егілгені 300 бас, түйе жоспар 1500, егілгені 1500 бас.

 Аусыл  ауруына қарсы (жылына 2 рет егу): ІҚМ жоспар 64 000 бас, егілгені 64140 бас, ҰММ жоспар 195 000 бас, егілгені 195000.

 Сібір жарасына  қарсы: ІҚМ жоспар 41500 бас, егілгені 41500 бас, ҰММ жоспар 125000 бас, егілгені 125000 бас, жылқы жоспары 3500, егілгені 3500 бас, шошқа жоспар 15000 бас, егілгені 15000 бас,  түйе жоспар 2500 бас, егілгені 2500 бас.

Пастереллез ауруына қарсы: ІҚМ жоспар 37000 бас, егілгені 37000 бас, ҰММ жоспар 105000 бас, егілгені 105000 бас, шошқа жоспар 14000 бас, егілгені 14000 бас.

Эхинококкоз (иттерді дегельминтизациялау) жоспар 35200 бас, дәрілгені 35200 бас.

Шешек немесе күл ауруына қарсы жоспар ҰММ 130 000 бас, егілгені 138630 бас. 

Қарасан  ауруына қарсы (жылына 2 рет)  ІҚМ жоспар 15000 бас, егілгені 20000 бас.

Құс тұмауына қарсы жоспары  568388 бас, егілгені 568388 бас.

Анаэробты энтеротоксемияға қарсы ҰММ жоспар 50000 бас, егілгені 50000 бас.

Обаға қарсы ҰММ жоспар 130000 бас, егілгені 130000 бас, түйе жоспар 800 бас, егілгені 800 бас.

Ауыз жарасына қарсы жоспар ҰММ 35700 бас, егілгені 35700 бас.

Лептоспирозға  қарсы: ІҚМ жоспар 40000 бас, егілгені 40000 бас, ҰММ жоспар 90000  бас, егілгені 90000 бас, жылқы жоспар 2500 бас, егілгені 2500 бас, шошқа жоспар 15000, егілгені 15000 бас.

         Вирустық диареяға қарсы ІҚМ жоспары 2000, егілгені 2000 бас.

 Сонымен қатар аллергиялық тәсілмен туберкулезге тексерілгені жоспар бойынша 52500 бас ІҚМ, тексерілгені 52600 бас, жоспар 4900 бас түйе, тексерілгені 4900 бас және жоспар 15000 бас шошқа, тексерілгені 15000 бас. Маңқаға қарсы жоспар 550 бас жылқы, тексерілгені 550 бас.  Тексеру нәтижесінде оң реакция берген малдар анықталған жоқ.

    Аудан аумағы ауылшаруашылығы жануарлар арасында аса қауіпті жұқпалы індетті аурулардан таза. 9-айлық  алдын алу егу іс-шаралары толығымен орындалып, эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Ағымдағы  жылдың 9 айдың серологиялық тексеру қортындысы бойынша аудан көлемінде 28109  бас МІҚ, 78426 бас қой- ешкі, 9058 бас шошқа, 176 бас жылқы, 1835 бас түйе, сондай-ақ 425 бас ет қоректілер тексеріліп, 196 бас МІҚ, 316- бас ҰММ бруцеллезге оң нәтиже көрсетті.

-         Анықталған МІҚ малдарын 52 басы шұжық цехына өткізіліп, 128 бас ІҚМ санитарлық союдан өткізіліп, шектеусіз пайдалануға жіберліген, қалған 12 бас шығын болса, 4 бас ІҚМ мал иелері санитарлық союға өткізуден бас тартқандықтан олармен жұмыс жүргізілуде.

-         Ал 316 бас ҰММ  оң нәтиже көрсеткен ұсақ мүйізді малдардың 229 бас қайта өңдеу кәсіпорнына өткізілсе, қалған 83 бас әртүрлі себептермен шығын болса, 4 бас ҰММ мал иелері санитарлық союға өткізуден бас тартқандықтан олармен жұмыс жүргізілуде.

Ауырған малдардың тұрған орнын, аулаларын, бруцеллез ауруына қарсы күресу ережелеріне сәйкес механикалық тазартудан өткізіліп,  10478,1 м²   залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Бруцеллезге  оң нәтиже көрсеткен, титрі жоғары  ауру малдардан патологиялық материалдары алынып, Алматы өңірлік филиалы Республикалық  ветеринариялық зертханасының бактериологиялық бөліміне ПТР реакциясына  тапсырылды. Зерттеу  нәтижесінде Ащыбұлақ, Тлендиев, Жетіген және Байсерке ауылдық округінде мал иелерінің  аулалары мен шаруа қожалықтарына шектеу қойылған.  Шектеу қойылған аулаларда, малдардан 15-20 күн өткен сайын 2 рет теріс нәтиже көрсеткенше серологиялық тексеруден өткізіліп, округ әкімдерінің өкімдерімен Тлендиев жәе Байсерке ауылдық округінде аулалардан шектеу алынып, қорытынды дезинфекция жасалынды. Қазіргі уақытта екі округпен шектеу іс-шаралары өткізілуде.

Қазақстан Республикасының  күйдіргі бойынша санитарлық-қолайсыз елді-мекендердің 1948-2002 жылдарға  арналған Кадастрында аудан аумағында сібір жарасының қолайсыз стационарлық пунктерінің 8 ошағы тіркелген,  координаттары «Казгеодезия» «Казгеокарт» филиалының спутнигі арқылы сібір жарасының көмінділерінің шекараларының қиылыс нүктелер координаттары анықталып топографиялық картасы әзірленіп, бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізілген.   ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 25 ақпандағы  №136 бұйрығымен бекітілген «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағида талаптарына сәйкес 8- ошақтың  Междуреченск ауылдық округінде біреуі және Қараой мен Жетіген ауылдық округінде екі-екіден барлығы бес ошақ қоршалды.  Қалған Байсерке, Қараой және Междуреченск ауылдық округінде  3 ошақтың орналасқан орындары жеке меншік құрылымдарына қарасты тұрғын үй-жайлардың аумағында орналасқаны анықталған.

010 бағдарламасы: Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы 8 млн 100 мың теңге, иерілгені 7 млн 29 мың теңге. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру бойынша шаралар өткізу бойынша қызмет көрсетуге

009 бағдарламасы энзоотиялық ауруларға қарсы іс- шаралар жүргізуге 369 мың теңге  бөлініп, жылқы сақауына қарсы 1260 бас егіліп, 184 мың теңге игерілді.

008 бағдарламасы бойынша бруцеллез  ауруына шалдыққан малдардың иелеріне    өтем ақысын төлеуге Республикалық бюджеттен 10 млн 105 мың  теңге бөлінді.  Серологиялық зерттеу нәтижесінде 2019 жылдың 9-айында бруцеллез ауруына шалдыққан  196 бас мүйізді ірі қара мен 316 бас ұсақ мүйізді малдардың, 39 бас ІҚМ  және 121 бас ҰМ малдардың  иелеріне 4 млн 452 мың теңге көлемінде өтем ақы төленді. 2018 жылдан өтелмей қалған 36 ІҚМ және 20 ҰММ-ға 2 млн 226 мың теңге төленді. Қалған малдарға өтем ақы жылдың аяғына дейін төленеді.

007 бағдарламасы бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бағдарламасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 8 млн 417 мың теңге бөлінген. 1-бас итті аулап және жою үшін 2500 теңге жұмсалады. Аулау және жою жұмыстары «Ветеринариялық станция» МКК-да құрылған 1-бригада  іске асырады.  9-айда 5 млн 880 мың теңге  игеріліп 2352 бас иттер ауланып жойылды. Атап айтқанда:

1.     Ащыбұлақ округі бойынша- 314 бас ит

2.     Байсерке округі бойынша- 297 бас ит

3.     Боралдай кенті бойынша- 193 бас ит

4.     Жетіген округі бойынша- 236 бас ит

5.     Қараой округі бойынша- 286 бас ит

6.     КазЦИК округі бойынша- 296 бас ит

7.     Күрті округі бойынша- 157 бас ит

8.     Междуреченск округі бойынша- 178 бас ит

9.     Чапаев округі бойынша- 195 бас ит

10.                        Энергетик округі бойынша- 200 бас ит

2019 жылдың 9 айда «Іле ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің мамандары  ауыл тұрғындарына төмендегідей  Мемлекеттік қызмет көрсетті:

 - Жем және жемшөп сақтау және дайындау нысандарына 7 вет-сан қорытынды берілді.

 - Сақтау және өткізу нысандарына 14 вет-сан қорытынды беріліп,

- Мал сою нысандарына 6 вет-сан қорытынды берілді;

- Ауыл шаруашылық жануарларын өсіру өткізу нысандарына 13 вет-сан қорытынды берілді;

Мал өнімдерін қайта өңдеу нысандарына – 4 вет-сан қорытынды берілді.

ветеринариялық препараттарды сатуға – 3 вет-сан қорытынды берілді

Барлығы 47 вет-сан қорытынды.

Аудан бойынша 15 мал сою нысандары бар, оның 9 мал сою алаңдары, 5-і мал сою пунктері және 1-уі өңдеу цехы. Жыл басынан 488 бас ірі қара малы, 13 бас ұсақ мал және 8809 шошқа сойылды.

Ауданда қазіргі таңда 4-типтік үлгіде салынған мал қорымы бар. Типтік мал қорымдары  Ащыбұлақ,  Жетіген, Қараой және Күрті ауылдық округінде  жергілікті қаражаттан салынып іске қосылған. Жетіген а/о орналасқан мал қорымы қайта жөндеу жұмыстарына жабылған.

         2019 жылдың 9-айында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының іс-шарасы бекітіліп, 13600 МІҚ, 61328 ҰММ, 765 түйе, 22515  шошқа сырғаланды және 1600 бас жылқы таңбаланды немесе чиптелді. Қазіргі таңда аудан бойынша 2011 жылдан бері өсу ретімен ірі қара малдарын бірдейлендіріп, компютерлік қорда бүгінгі таңда  ІҚМ-47778 бас, ҰММ-179141 бас, жылқы-8342 бас, шошқа-29509 бас және түйе 4371 баc тұр.

          

 

 

         Іле ауданының ветеринария бөлімінің басшысы                                       М.Манкеев