БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ветеринария бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
«Іле ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
21.09.2015

ЖОБА

«Іле ауданының ветеринария
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ережесін бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Іле ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Іле ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қожахметов Серікбай Бакенұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мендебаев Кеңесбек Нүсіпқұлұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                               Қ.Медеуов