БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ветеринария бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
Іле ауданы ветеринария бөлімінің 2016 жылда
атқарылған ветеринариялық іс шаралардың есебі
10.01.2017
 

«Іле ауданының ветеринария бөлімі» ММ-не 2016 жылға 011 бағдарлама- эпизоотиялық           ауруларға  қарсы іс-шаралар жүргізуге  80 млн. 751 мың теңге бөлініп, соның ішінде алдын ала егу және диагностикалық іс-шараларға 80 млн 587 мың теңге және биопрепараттарды сақтауға 164 мың теңге бөлініп, қаржы толық игерілді. Сонымен қатар осы бағдарламада  сібір жарасының қолайсыз стационарлық пункттерін қоршау жұмыстарына 1 млн 400 мың теңге қарастырылып,  мемлекеттік сатып алу тәртібі бойынша   ошақтарды қоршауға баға ұсынысымен ұтқан сомасы 800 мың теңге және ошақтарды жерге орналастыру жобасына 60 мың 338 теңге игеріліп , үнемделген 500 мың теңге бюджетке қайтарылды.  

2016 жылдың эпизоотиялық           ауруларға  қарсы іс-шаралар қорытындысы бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:

Алдын ала егу жұмыстары:  Құтыруға (бешенство) қарсы: ІҚМ жоспар 10 000 бас, егілгені 10 000 бас, ҰММ жоспар 70 000 бас, егілгені 70 000 бас, жылқы жоспар 3 000 бас, егілгені 3 000 бас,  ит жоспар 7 000  бас, егілгені 7 000 бас, мысық жоспар 700 бас, егілгені 700 бас.

     Аусыл (ящур) ауруына қарсы (жылына 2 рет) ІҚМ жоспар 82 000 бас, егілгені 82 000 бас, ҰММ жоспар 280 000 бас, егілгені 280 000, шошқа жоспар 4 000 бас, егілгені 4 000 бас.

       Сібір жарасына (Сибирская язва) қарсы ІҚМ жоспар 36 800 бас, егілгені 36 800 бас, ҰММ жоспар 148 500 бас, егілгені  148 500 бас, жылқы жоспары 5 000, егілгені 5 000 бас, шошқа жоспар 37 000 бас, егілгені 37 000 бас,  түйе жоспар 5 396 бас, егілгені 5 396 бас.

Листериоз ауруына қарсы  ҰММ жоспар 70 000 бас, егілгені 70 000, шошқа жоспар 25 000 бас, егілгені 25 000 бас.

Пастереллез ауруына қарсы ІҚМ жоспар 30 900 бас, егілгені 30 900 бас, ҰММ жоспар 111 000 бас, егілгені 111 000 бас, жылқы жоспар 4 000 бас, егілгені 4 000 бас, шошқа жоспар 21 500 бас, егілгені 21 500 бас.

Эхинококкоз (дегельминтизация) ит жоспар 28 000 бас, дәрілгені 28 000 бас.

Шешек ауруына қарсы жоспар ҰММ 155 000 бас, егілгені 155 000 бас. 

Қарасан (Эмфизематозный карбункул) ауруына қарсы (жылына 2 рет)  ІҚМ жоспар 44 000 бас, егілгені  44 000 бас.

Құс тұмауына (Птичьй грипп) қарсы (жылына 2 рет)  жоспар  104 000 бас, егілгені 104 000 бас.

Анаэробты энтеротаксимияға қарсы ҰММ жоспар 134 700 бас, егілгені 134 700 бас.

Обаға қарсы ҰММ жоспар 155 000 бас, егілгені 155 000 бас, түйе жоспар 10 000 бас, егілгені 10 000 бас.

Ауыз жарасына қарсы жоспар ҰММ 56000 бас, егілгені 56000 бас.

 Сонымен қатар аллергиялық тәсілмен туберкулезге тексерілгені жоспар бойынша 80 200 бас ІҚМ, тексерілгені 80 200 бас, жоспар 10 000 бас түйе, тексерілгені 10 000 бас және жоспар 7 000 бас шошқа, тексерілгені 7 000 бас. Маңқаға қарсы жоспар 4 800 бас жылқы, тексерілгені 4 800 бас. Тексеру нәтижесінде оң нәтиже берген малдар анықталған жоқ.

         Аудан аумағы ауылшаруашылығы жануарлар арасында аса қауіпті жұқпалы індетті аурулардан таза және алдын алу егу іс-шаралары толығымен орындалып, эпизоотиялық ахуал тұрақтандырылған.

Ағымдағы  жылы серологиялық тексеру қортындысы бойынша аудан көлемінде 41 941  бас МІҚ, 83 115 бас қой- ешкі, 27 185 бас шошқа, 139 бас жылқы, 2762  бас түйе, сондай-ақ  400 бас ет қоректілер (ит) тексеріліп, 141 бас МІҚ, 526- бас ҰММ, 1-бас түйе бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Анықталған МІҚ малдарын 127 бас шұжық цехына өткізілді, 1 бас өлді, 7 бас жоғалды және қалған 6 бас өз мұқтаждығына пайдаланды (сойып жеді). Ал 526 бас  оң нәтиже көрсеткен ұсақ мүйізді малдардың 379 бас «Акбасов» жеке кәсіпкердің кәсіпорнына өткізілсе, 48 бас «Талдықорған ет» СПК-ға тапсырылды. 35 бас өлді, 12 бас жоғалды, 45 бас ұрланды және 7 бас әртүрлі себептермен шығын болды. 1- бас түйе ветеринариялық талаптарға сай сойылып, шектеусіз пайдалануға жіберілді. Қалған малдардың ішінен бруцеллез ауруына сезімтал малдар анықталған жоқ.

Ауырған малдардың тұрған орнын, аулаларын, бруцеллез ауруына қарсы күресу ережелеріне сәйкес 67 қора механикалық тазартудан өткізіліп,  10 227 м²   залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Бруцеллезге  оң нәтиже көрсеткен , титрі жоғары  ауру малдардан патологиялық материалдары алынып, Алматы өңірлік филиалы Республикалық  ветеринариялық зертханасының бактериологиялық бөліміне ПТР реакциясына  тапсырылды. Зерттеу  нәтижесінде оң нәтиже көрсеткен Чапаев, Қараой және Междуреченск ауылдық округінде мал иелерінің  аулалары мен шаруа қожалықтары, барлығы 4 шектеу қойылды.  Шектеу қойылған аулаларында малдардан 15-20 күн өткен сайын 2 рет теріс нәтиже көрсеткенше серологиялық тексеруден өткізіліп, бруцеллез ауруына сезімтал малдар анықталмағандықтан, округ әкімдерінің өкімдерімен шектеу алынып, сауықтыру жұмыстары толық аяқталып, қорытынды дезинфекция жасалынды.

Қазақстан Республикасының  күйдіргі бойынша санитарлық-қолайсыз елді-мекендердің 1948-2002 жылдарға  арналған Кадастрында аудан аумағында сібір жарасының қолайсыз стационарлық пунктерінің 6 ошағы тіркелген. Сонымен қатар Талғар ауданындағы ауыл шаруашылық техникумының оқу-тәжірбие шаруашылығы  болған жер учаскесінде көмілген 2 ошақтың координаттары осы кезде  аудан аумағының шекараларының өзгеруіне байланысты, кейіннен Іле ауданының Жетіген ауылдық округіне қарасты аумаққа кіріп отыр.

Аудан аумағының қазіргі уақытта сібір жарасының қолайсыз стационарлық пунктері  8 ошақты құрап,  координаттары «Казгеодезия» «Казгеокарт» филиалының спутнигі арқылы сібір жарасының көмінділерінің шекараларының қиылыс нүктелер координаттары анықталып топографиялық картасы әзірленіп, бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізілген.   ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 25 ақпандағы  №136 бұйрығымен бекітілген «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағида талаптарына сәйкес 8- ошақтың  Междуреченск ауылдық округінде біреуі және Қараой мен Жетіген ауылдық округінде екі-екіден барлығы бес ошақ қоршалды.  Қалған Байсерке, Қараой және Междуреченск ауылдық округінде  3 ошақтың орналасқан орындары жеке меншік құрылымдарына қарасты тұрғын үй-жайлардың аумағында орналасқаны анықталған. Осы көрсетілген сібір жарасы ошақтарына қоршау, ескерту белгілерін орнату мүмкіндігі болмауына байланысты, ары қарай  қандай шаралар қабылдануы керек екендігі жөнінде ҚР АШМ-не 2016 жылдың 18 шілдесінде хат жолданған болатын, жауабы әлі келген жоқ.

010 бағдарламасы: Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру техникалық сүймелдеуге  бойынша 1 млн 766 мың теңге қарастырылып, толық игерілді. «КазАгроМаркетинг» АҚ келісім шарт жасалынып, әр тоқсан сайын осы мекеменің мамандарымен округтегі ветеринариялық пункттерде орнатылған компьютерлерді тексеріп, бағдарламаны жаңартып берді. Сонымен қатар округтегі әр ветеринариялық пункттерді интернет желісіне қосу және абоненттік төлеу жұмыстарына 1 млн 419 мың теңге бөлінген. Округтегі ветеринариялық пункттер интернет желісіне толықтай қосылды.

009 бағдарламасы энзоотиялық ауруларға қарсы іс- шаралар жүргізуге 160 мың теңге  бөлініп, жылқы сақауына қарсы 1500 бас егіліп, қаржы толық игерілді.

008 мал иелеріне өтем ақысын қайтару бағдарламасы бойынша бруцеллез  ауруына шалдыққан 141 бас мүйізді ірі қара мен 526 бас ұсақ мүйізді малдардың иелеріне шығынын өтеуге   12 млн 729 мың  бөлінді. Ағымдағы  жылы оң нәтиже көрсеткен мүйізді ірі қараның 99 басына және ұсақ мүйізді малдардың 368 басына қарастырылған қаржы  мал  иелеріне  өтем ақы ретінде толықтай төленді.    

007 бағдарламасы бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бағдарламасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 4 млн 600 мың теңге бөлінген. 1-бас итті аулап және жою үшін 2000 теңге жұмсалады. Аулау және жою жұмыстары «Ветеринариялық станция» МКК-да құрылған 1-бригада  іске асырады.  Жыл басынан 4 млн 600 мың теңге  игеріліп 2300 бас иттер ауланып жойылды.

Атап айтқанда:

1)      Ащыбұлақ округі бойынша- 358 бас ит

2)      Байсерке округі бойынша- 319 бас ит

3)      Боралдай кенті бойынша- 319 бас ит

4)      Жетіген округі бойынша- 187 бас ит

5)      Қараой округі бойынша- 165 бас ит

6)      КазЦИК округі бойынша- 229 бас ит

7)      Күрті округі бойынша- 72 бас ит

8)      Междуреченск округі бойынша- 242 бас ит

9)      Чапаев округі бойынша- 197 бас ит

10) Энергетик округі бойынша- 212 бас ит

 

Ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру 006 бағдарламасы бойынша  малдарды тасымалдау үшін 2 млн 246 мың теңге бөлініп, 1 млн 746 мың теңге игерілді. Осы уақытқа дейін 88 бас ІҚМ мен 427 бас ҰММ-дар Алматы облысының Кербұлақ ауданы ЖК «Акбасов» өңдеу кәсіпорнына тасымалданып, санитариялық союдан өткізілді.  Үнемделген 500 мың теңге бюджетке қайтарылды.

Ветеринариялық-бақылау және қадағалау секторының 2016 жылы атқарған жұмысы туралы мәлімет       

1. Мемлекеттік қызмет көрсету - Жем және жемшөп сақтау және дайындау нысандарына 9 вет-сан қорытынды беріліп, оның 6-на есептік нөмірлер тағайындалды. Сақтау және өткізу нысандарына 25 вет-сан қорытынды беріліп, оның 8-не есептік нөмірлер тағайындалды. Сүт өңдей нысанына 2 вет-сан қорытынды берілді;  Мал сою алаңына 14 вет-сан қорытынды беріліп, оның 3-не есептік нөмірлер тағайындалды, 8-і қайта рәсімделді. - Ауыл шаруашылық жануарларын өсіру өткізу нысандарына 11 вет-сан қорытынды беріліп, оның 9-на есептік нөмірлер тағайындалды.  Ветеринариялық препараттарды сақтау және өткізу нысандарына 1 вет-сан қорытынды берілді;  Ет қайта өңдеу нысандарына – 4.  Барлығы 66 ветсан тұжырымдама және 40 есептік нөмір берілді.

. Ішкі сауда орындары бойынша атқарылған жұмыстар: аудан бойынша 5 ішкі сауда орын бар, оның 3- де Алматы өңірлік РВЗ ветсан зертханасы орналастырылған,  2 ветеринариялық мал дәрігері бөлінген. Жыл басынан ішкі сауда орындарында  829 ұша сиыр еті, 161 қой еті, 13 жылқы еті және 187 шошқа ұшасы ветеринариялық санитариялық сараптаудан өтіп шектеусіз сатылымға жіберілді.

Аудан әкімдігінің  2012 жылғы 22 ақпандағы № 1-211 қаулысымен «Іле ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің  шаруашылық жүргізу құқығындағы ветеринариялық пункттері бар « Ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылған. Ауданындағы 1 кент және 9 ауылдық округінде 11 ветеринариялық пункт халыққа қызмет көрсетеді. Осы ветеринариялық пункттерде  11 вет. меңгеруші, 22 вет. дәрігері, 14 вет. фельдшер, 21 вет. санитарлар  қабылданып жұмыс атқарды. Іле аудандық ветеринариялық станциясында 1 директор, 1 директор орынбасары (эпизоотолог), 1 терапевт, 1 паразитолог, 1 вет.аптека меңгерушісі – дәрі – дәрмекті уақытша сақтап таратушы, 1 вет. дәрігер-дезинфектор, 1 бас есепші және 1 кадр маманы қызмет істейді. Аудан аумағында ветеринариялық жұмыстарды жеңілдету мақсатында, мемлекет тарапынан Іле ауданының ветеринариялық станциясына 1 жол талғамайтын (SSANG YONG) санг-йонг автокөлігі, 1 дезинфекциялауға арналған УАЗ (ДУ) автокөлігі және 1 кент және 9 ауылдық округтердегі ветеринариялық пунктерге 11 Нива автокөліктері берілді. Сонымен қатар ауру малдарды тасымалдау үшін үлкен жүк көлігімен қамтамасыз етілді. Ветеринариялық пунктер мемлекет тарапынан ветеринариялық құрал жабдықтармен, малды қолдан ұрықтандыру аппаратарымен, қаңғыбас иттерді аулайтын тұзақтармен, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруге арналған атрибуттармен, биопрепараттарды сақтайтын тоңазатқыштармен және кеңсе жиһаздармен қамтамасыз етілген.

2016 жылы аудан бойынша ШЖҚ «Ветеринариялық станция» ветеринариялық пункттері бар МКК-ны ауыл тұрғындарына 2 237 дана  ветеринариялық анықтама беріп, 107 837 бас ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіріп мемлекеттік қызмет көрсетті.

Аудан бойынша 22 мал сою нысандары бар, оның 18 мал сою алаңдары, 3-і мал сою пунктері және 1-уі өңдеу цехы. Мал сою алаңдарының 3-уі алаң иесінің өтініші негізінде уақытша жұмысын тоқтатты, 4-уі қайта рәсімдеді. Жыл басынан 510 бас ірі қара малы, 112 бас ұсақ мал, 5 бас жылқы, 692 бас түйе және 35243 бас шошқа сойылды.

Ауданда қазіргі таңда 4-типтік үлгіде салынған мал қорымы бар.

Типтік мал қорымдарының  Ащыбұлақ,  Жетіген, Қараой және Күрті ауылдық округінде  жергілікті қаражаттан салынып іске қосылған. Сонымен қатар 1 жылжымалы инсенератор (мал өлексесін өртейтін арнайы қондырғы) бар.

      2016 жылы ауыл шаруашылығы жануарларынан алынған төлдердің бірдейлендіру жұмыстарының іс-шарасы бекітіліп, 24539 МІҚ, 57071 ҰММ, 1221 түйе, 24203  шошқа сырғаланды және 803 бас жылқы таңбаланды немесе чиптелді. Қазіргі таңда аудан бойынша 2011 жылдан бері өсу ретімен ірі қара малдарын бірдейлендіріп, компютерлік қорда бүгінгі таңда  ІҚМ-37 434 бас, ҰММ-111 111 бас, жылқы-4 754 бас, шошқа-33 155 бас және түйе 3 440 баc тұр.