БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ветеринария бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
2012 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат  

 

Аудан әкімінің №11-2274 2011 жылдың 23 желтоқсанында шығарылған қаулысының ережеге сәйкес 2012 жылы Іле ауданының ветеринария бөлімі құрылды.  2012 жылға ауыл шаруашылық малдарын дауалаудан және тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық бюджеттен 45823000 теңге және жергілікті бюджеттен  энзоотикалық ауруларға қарсы 1712000 теңге  қаржы бөлінді. Осы қаржыны игеру мақсатында ауыл шаруашылық малдарын дауалаудан және тексеруден өткізу үшін 2012 жылға жоспар жасалынды. Осы жоспарды орындау үшін аудан көлемінде «Іле ауданының әкімінің аппараты ММ шаруашылық жүргізу құқығындағы ветеринариялық пункттері бар Ветеринариялық станциясы» МКК-ны ашылды. Ветеринария саласында жыл басынан 82 жаңа жұмыс орындары ашылып, қазіргі уақытта 43 адам жұмысқа алынды. І жарты жылдыққа жоспарланған (23116000 тенге) қаржы толығымен игерілді.

Ағымдағы жылдың І жарты жылдығында аса қауіпті ауруларға қарсы 37000 бас ірі қара мал және 28000 бас ұсақ мұйізді мал аусыл ауруына қарсы, 25000 бас ІҚМ, 80000 бас ҰММ,4000 бас жылқы, 23000 бас шошқа және 2376 бас түйе сібір жарасына қарсы, 3900 бас түйе обасына қарсы  егілді. Аллергиялық тәсілмен 30500 бас ІҚМ туберкулезге тексеріліп оң нәтиже берген малдар анықталмады. Сонымен қатар 31005 бас ірі қара малдан қан алынып  оның сары суы облыстық ветеринариялық зертханасында бруцеллез ауруына тексерілді. Тексеру нәтижесінде 116 бас ІҚМ оң нәтиже беріп, 100 бас  анықталған малдар қайта өңдеу цехтарына өткізілді, қалған 16 бас жойылды.  Сондай-ақ 102000 бас ұсақ мұйізді малдардан қан алынып қан сары суы ветеринариялық зертханаға жіберіліп 226 бас ҰММ оң нәтиже бергені анықталып,196 бас мал қорымында өртеліп, қалған 30 бас бөлек оқшалауланып тұр. Бұл малдар  өлтіріліп жағып жіберу тәсілімен жойылады. 6-айлық жоспар бойынша аса қауіпті ауруларға егу және тексеру жұмыстары толығымен қамтылды. Аудан бойынша ауыл шаруашылық малдарын соятын 13 мал сою алаңы және 5 мал сою пункті жұмыс істейді. Осы мал сою алаңдарында жыл басынан 656 ірі қара мал, 659 шошқа, 101 қой, 11 бас жылқы сойылды. Ауданда қазіргі таңда 11 мал қорымы бар оның 6-типтік және 5-қарапайым үлгіде салынған. Сонымен қатар Байсерке, Ащыбұлақ және Междуреченск ауылдық округінде жергілікті қаражаттан типтік үлгіде мал қорымы салынуы жоспарлануда. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау үшін облыстық бюджеттен 660 000 теңге бөлінді, осы бөлінген қаржыдан 155 иессіз иттер ұсталды. Сонымен қатар жергілікті әкімшілік күштерімен 499 иессіз иттер мен мысықтар ауланды. Адамдардың арасында иттермен зақым алу жиіліп кеткен себептен бюджеттен тағы қосымша 5 млн теңге қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға қаржы бөлінді. 2011 жылы Республикалық қаражаттан 41700 сырға және жергілікті қаражаттан 19184 сырға бөлініп, 41762 бас ІҚМ сырғаланып компьютерлік қорға енгізілді. 2012 жылдың басынан 2015 бас ІҚМ сырғаланып 592 бас қорға кіргізілді. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру үшін жоспар бекітілген.