БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ветеринария бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданы ветеринария бөлімінің 2018 жылдың 10-айында
атқарылған ветеринариялық іс шаралардың есебі
02.11.2018

 

011 бағдарлама- эпизоотиялық  ауруларға  қарсы іс-шаралар жүргізуге  105 млн. 141 мың теңге бөлінген.10 -айдың қорытындысы бойынша 95 млн 332 мың теңге игеріліп төмендегідей жұмыстар атқарылды:

Алдын ала егу жұмыстары:  Құтыруға қарсы: ІҚМ жоспар 2100 бас, егілгені 2100 бас, ҰММ жоспар 11000 бас, егілгені 17350 бас, ит жоспар 5000 бас, егілгені 6250 бас, мысық жоспар 600 бас, егілгені 690 бас, түйе жоспар 710, егілгені 710 бас.

         Аусыл  ауруына қарсы (жылына 2 рет егу): ІҚМ жоспар 76 000 бас, егілгені 78240 бас, ҰММ жоспар 230 000 бас, егілгені 248635, шошқа жоспар 4000 бас, егілгені 4000 бас.

          Сібір жарасына  қарсы: ІҚМ жоспар 45000 бас, егілгені 45000 бас, ҰММ жоспар 145000 бас, егілгені 148990 бас, жылқы жоспары 4000, егілгені 4000 бас, шошқа жоспар 20000 бас, егілгені 20000 бас,  түйе жоспар 3500 бас, егілгені 3500 бас.

Листериоз ауруына қарсы: шошқа жоспар 600 бас, егілгені 600 бас.

Пастереллез ауруына қарсы: ІҚМ жоспар 45000 бас, егілгені 45000 бас, ҰММ жоспар 150000 бас, егілгені 150000 бас, жылқы жоспар 4000 бас, егілгені 4000 бас, шошқа жоспар 20000 бас, егілгені 20000 бас.

Эхинококкоз (иттерді дегельминтизациялау) жоспар 21000 бас, дәрілгені 21000 бас.

Шешек немесе күл ауруына қарсы жоспар ҰММ 150 000 бас, егілгені 150 000 бас. 

Қарасан  ауруына қарсы (жылына 2 рет)  ІҚМ жоспар 39200 бас, егілгені 39200 бас.

Құс тұмауына қарсы жоспары  140 000 бас, егілгені 140000 бас.

Анаэробты энтеротоксемияға қарсы ҰММ жоспар 54800 бас, егілгені 54800 бас.

Обаға қарсы ҰММ жоспар 150000 бас, егілгені 150000 бас (игерілмеген себебі вакцина кеш келуіне байланысты ), түйе жоспар 1600 бас, егілгені 1600 бас.

Ауыз жарасына қарсы жоспар ҰММ 35700 бас, егілгені 35700 бас.

 Сонымен қатар аллергиялық тәсілмен туберкулезге тексерілгені жоспар бойынша 75000 бас ІҚМ, тексерілгені 75000 бас, жоспар 7000 бас түйе, тексерілгені 7000 бас және жоспар 20000 бас шошқа, тексерілгені 20000 бас. Маңқаға қарсы жоспар 1180 бас жылқы, тексерілгені 1180 бас. Тексеру нәтижесінде оң реакция берген малдар анықталған жоқ.

    Аудан аумағы ауылшаруашылығы жануарлар арасында аса қауіпті жұқпалы індетті аурулардан таза. 10-айлық  алдын алу егу іс-шаралары толығымен орындалып, эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Ағымдағы  жылдың 10 айдың серологиялық тексеру қортындысы бойынша аудан көлемінде 36901  бас МІҚ, 126935 бас қой- ешкі, 21262 бас шошқа, 117 бас жылқы, 2889 бас түйе, сондай-ақ 370 бас ет қоректілер тексеріліп, 252 бас МІҚ, 427- бас ҰММ және 4-бас түйе бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Анықталған МІҚ малдарын 203 басы шұжық цехына өткізілді, қалған 40 бас шығын болды. Ал 427 бас  оң нәтиже көрсеткен ұсақ мүйізді малдардың 337 бас ӨК«Майтөбе-Ет» АӨК жеке кәсіпкердің жасалған меморандум бойынша қайта өңдеу кәсіпорнына өткізілсе, қалған 88 бас әртүрлі себептермен шығын болды. 4- бас түйе аудандағы мал сою алаңында сойылып, өңдеуден өткізілді. Қалған жануарлардың ішінен бруцеллез ауруына сезімтал малдар анықталған жоқ.

Ауырған малдардың тұрған орнын, аулаларын, бруцеллез ауруына қарсы күресу ережелеріне сәйкес механикалық тазартудан өткізіліп,  9855 м²   залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Бруцеллезге  оң нәтиже көрсеткен, титрі жоғары  ауру малдардан патологиялық материалдары алынып, Алматы өңірлік филиалы Республикалық  ветеринариялық зертханасының бактериологиялық бөліміне ПТР реакциясына  тапсырылды. Зерттеу  нәтижесінде КазЦИК, Қараой және Байсерке ауылдық округінде мал иелерінің  аулалары мен шаруа қожалықтарына шектеу қойылған.  Шектеу қойылған аулаларда, малдардан 15-20 күн өткен сайын 2 рет теріс нәтиже көрсеткенше серологиялық тексеруден өткізіліп, округ әкімдерінің өкімдерімен шектеу алынып, қорытынды дезинфекция жасалынды. Қазіргі уақытта.

Қазақстан Республикасының  күйдіргі бойынша санитарлық-қолайсыз елді-мекендердің 1948-2002 жылдарға  арналған Кадастрында аудан аумағында сібір жарасының қолайсыз стационарлық пунктерінің 6 ошағы тіркелген. Сонымен қатар Талғар ауданындағы ауыл шаруашылық техникумының оқу-тәжірбие шаруашылығы  болған жер учаскесінде көмілген 2 ошақтың координаттары осы кезде  аудан аумағының шекараларының өзгеруіне байланысты, кейіннен Іле ауданының Жетіген ауылдық округіне қарасты аумаққа кіріп отыр.

Аудан аумағының қазіргі уақытта сібір жарасының қолайсыз стационарлық пунктері  8 ошақты құрап,  координаттары «Казгеодезия» «Казгеокарт» филиалының спутнигі арқылы сібір жарасының көмінділерінің шекараларының қиылыс нүктелер координаттары анықталып топографиялық картасы әзірленіп, бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізілген.   ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 25 ақпандағы  №136 бұйрығымен бекітілген «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағида талаптарына сәйкес 8- ошақтың  Междуреченск ауылдық округінде біреуі және Қараой мен Жетіген ауылдық округінде екі-екіден барлығы бес ошақ қоршалды.  Қалған Байсерке, Қараой және Междуреченск ауылдық округінде  3 ошақтың орналасқан орындары жеке меншік құрылымдарына қарасты тұрғын үй-жайлардың аумағында орналасқаны анықталған.

010 бағдарламасы: Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы 3 млн 478 мың теңге, иерілгені 2 млн 522 мың теңге. Соның ішінде «КазАгроМаркетинг» АҚ келісім шарттың 540000,  АҚ «Қазақтелекоммен» жасалған келісім шарттың 1982000 егірілді.

009 бағдарламасы энзоотиялық ауруларға қарсы іс- шаралар жүргізуге 241 мың теңге  бөлініп, 241 мың  жылқы сақауына қарсы 1500 бас егіліп, қаржы толық игерілді.

008 бағдарламасы бойынша бруцеллез  ауруына шалдыққан малдардың иелеріне    өтем ақысын төлеуге Республикалық бюджеттен 10 млн 151 мың  теңге бөлінді  Серологиялық зерттеу нәтижесінде 2018 жылдың 10-айында бруцеллез ауруына шалдыққан  252 бас мүйізді ірі қара мен 427 бас ұсақ мүйізді малдардың, 90 бас ІҚМ  және 137 бас ҰМ малдардың  иелеріне 8 млн теңге көлемінде өтем ақы төленді. Қалған малдарға өтем ақы жылдың аяғына дейін төленеді.

007 бағдарламасы бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бағдарламасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 5 млн 300 мың теңге бөлінген. 1-бас итті аулап және жою үшін 2500 теңге жұмсалады. Аулау және жою жұмыстары «Ветеринариялық станция» МКК-да құрылған 1-бригада  іске асырады.  10-айда 5 млн 300 мың теңге  игеріліп 2120 бас иттер ауланып жойылды. Атап айтқанда:

1.     Ащыбұлақ округі бойынша- 287 бас ит

2.     Байсерке округі бойынша- 248 бас ит

3.     Боралдай кенті бойынша- 195 бас ит

4.     Жетіген округі бойынша- 193 бас ит

5.     Қараой округі бойынша- 311 бас ит

6.     КазЦИК округі бойынша- 254 бас ит

7.     Күрті округі бойынша- 102 бас ит

8.     Междуреченск округі бойынша- 224 бас ит

9.     Чапаев округі бойынша- 139 бас ит

10.                        Энергетик округі бойынша- 167 бас ит

006 бағдарламасы: Ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру бойынша  малдарды тасымалдау үшін 1 млн 523 мың теңге бөлініп, 1 млн 433 мың теңге игерілді. Осы уақытқа дейін 164 бас ІҚМ мен 260 бас ҰММ-дар Алматы облысының Кербұлақ ауданы ӨК «Майтөбе-Ет» АӨК өңдеу кәсіпорнына тасымалданып, санитариялық союдан өткізілді. 

2018 жылдың 10 айда «Іле ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің мамандары  ауыл тұрғындарына төмендегідей  Мемлекеттік қызмет көрсетті:

 - Жем және жемшөп сақтау және дайындау нысандарына 1 вет-сан қорытынды берілді.

 - Сақтау және өткізу нысандарына 14 вет-сан қорытынды беріліп,

- Мал сою нысандарына 11 вет-сан қорытынды берілді;

- Ауыл шаруашылық жануарларын өсіру өткізу нысандарына 5 вет-сан қорытынды берілді;

Мал өнімдерін қайта өңдеу нысандарына – 7 вет-сан қорытынды берілді.

Барлығы 38 вет-сан қорытынды.

Аудан бойынша 24 мал сою нысандары бар, оның 19 мал сою алаңдары, 4-і мал сою пунктері және 1-уі өңдеу цехы. Мал сою алаңдарының 7-уі алаң иесінің өтініші негізінде уақытша жұмысын тоқтатты. Жыл басынан 407 бас ірі қара малы, 5 бас ұсақ мал, 4 жылқы және 20327 шошқа сойылды.

Ауданда қазіргі таңда 4-типтік үлгіде салынған мал қорымы бар. Типтік мал қорымдары  Ащыбұлақ,  Жетіген, Қараой және Күрті ауылдық округінде  жергілікті қаражаттан салынып іске қосылған. Жетіген а/о орналасқан мал қорымы қайта жөндеу жұмыстарына жабылған.

         2018 жылдың 10-айында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының іс-шарасы бекітіліп, 9358 МІҚ, 48225ҰММ, 843 түйе, 18914  шошқа сырғаланды және 1852 бас жылқы таңбаланды немесе чиптелді. Қазіргі таңда аудан бойынша 2011 жылдан бері өсу ретімен ірі қара малдарын бірдейлендіріп, компютерлік қорда бүгінгі таңда  ІҚМ-49645 бас, ҰММ-163671 бас, жылқы6986 бас, шошқа-26157 бас және түйе 4557 баc тұр.

          

 

 

         Іле ауданының

          ветеринария бөлімінің басшысы                                       М.Манкеев