БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
«Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
2015 жылдың 12 айында атқарған жұмысы туралы
АНЫҚТАМА
 


     2015 жылы аудандағы халық саны 189925 адам болса, оның ішінде спортпен шұғылданушылардаң саны 48400 жетті, яғни аудандағы жалпы халық санының 24,5% (облыстағы көрсеткіш - 24,5%) құрады.
Қазіргі кезеңде спорт саласында 275 дене шынықтыру кадрлары жұмыс жасайды, олардың ішінде 229-і жалпы білім беру мекемелерінде. 275 маманның 247-і жоғары білімді, 28-сі арнаулы-орта білімді. Қайта даярлау курстарынан 123 маман өтті.
Ауданда барлығы 39 мектеп оқу тәрбие жұмысы жүргізуде.
Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне 2015 жылы – 11,914 млн. теңге қаржы бөлініп, оның ішінде аудандық жарыстар өткізуге 703 мың теңге, облыстық жарыстарға қатысу үшін 4,944 мың теңге бөлінді.
Қазіргі таңда 55 аудандық жарыс өткізіліп 703 мың тенге және 28 облыстық жарысқа аудан командалары қатысып 4,944 мың тенге игерілді.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2015 жылдың 12 айында 8 азаматтан өтініш келіп түсті, оның ішінде 6 өтініш қанағаттандырылып, 2 өтініш толық болмағандықтан кері қайтарылды.
Ауданымызда 290 спорттық нысан халыққа қызмет етеді, олар:
1 стадион, 47 спорт зал, оның 42-і мектептерде, 14 атыс орны, 1 спорттық ядро, 4 жүзу бассейні (3 ашық), 223 спорттық құрылымдар. Сондай-ақ, «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 36 спорт алаңы салынып, жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бері жергілікті балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі аудандық әкімдіктің теңгерімімен беріліп қызмет етуде.
Аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде жалпы саны 1481 оқушы, 100 оқу тобы бар. Спорт мектебінде 50 жаттықтырушы мұғалім жұмыс жасайды: оның 18 штаттық, 32 қосымша жұмыс жасайды.
Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 14 түрі қамтылған, олар: қазақ күресі, самбо, дзюдо, бокс, футбол, гандбол, грек-рим күресі, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, таэквондо, каноэ және байдаркада есу.
Сонымен қатар, қызығушылықтары бойынша шаңғы спортынан (Жаңаталап ауылы, №25 орта мектептің базасында) және жағажай волейболынан (Қараой ауылы, №18 орта мектеп базасында) секциялар жұмыс істейді.
2015 оқу жылында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде: МС-2, КМС-27, спорт шеберіне үміткер - 15, 1-ші спорттық разряд - 10 оқушы, 2-3 жасөспірімдер разряды – 819 оқушы дайындалып шықты.
Аудан тұрғындары футболмен шұғылдануға ерекше көзқараспен қарайды. Футболмен қамтылғандардың саны он мыңнан астам адам. 2000 жылдан бастап ауданда «Футбол федереациясы» өз жұмыс істеп келеді. Жыл сайын футболдан аудан Чемпионаты 30 ересектер командалары және 80 балалармен жасөспірімдер командаларының қатысуымен өткізіліп тұрады. Биылғы жылы аудандық футбол чемпионатының 15-і туры өткізілді.
1-4 маусым күндері өткен Облыстық «Кока - Колла» былғары доп турнирінде Жәпек батыр ауылынның 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер командасы І-ші орынды иеленіп Республикалық жарысқа қатыстырылды.
Елбасының Жолдауындағы тапсырмаларды орындау және салауатты өмір салтын насихаттау мен енгізу мақсатында Іле ауданы бойынша 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына 2014 жылдың қаңтар айынан бастап 10 спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар штаты берілді, бүгінгі күні Междуреченск, ауылдық округтерінде әдіскер - нұсқаушы орны бос тұр.
2015 жылы аудан спортшылары аудандық, республикалық, халықаралық жарыстарда әртүрлі дәрежедегі 32 медаль жеңіп алды. Мысалы, 2015 жылы пауэрлифтингтен Әлем Чемпионатында Кадиров Еркебұлан ІІ орын (Дубай), бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында өткен Әлем Чемпионатында Балауса Мұздиман І орын (Тайпэй), ҚР Чемпионатында Қызайбай Айдана ІІ орын, таэквандодан ҚР Чемпионатында Жұмабек Димаш, Алимова Жалел І орын, қазақ күресінен ҚР Чемпионатында Балтабай Айдана І орын, самбодан ҚР Чемпионатында Нарынова Мөлдір ІІ орын, тоғызқұмалақтан ҚР Чемпионатында Фазылова Аружан І орын алды.
Ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту және дене тәрбиесімен шұғылданатын тұрғындар санын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2015 жылдың 12 айында жалпы 55 іс-шара өткізілді.
2015 жылдың 16-18 шілде күндері аралығында Алматы қаласында жағажай волейболынан жасөспірімдер қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткізілген болатын. Осы Чемпионатқа ауданымыздың қыздар командасы қатысып, жүлделі І орынға ие болып, Қазақстан Республикасының 2 дүркін Чемпион атағына қол жеткізді.
2015 жылдың 3-6 қыркүйек күндері аралығында Талдықорған қаласында Футболдан ересектер арасындағы Алматы Облысы Чемпионатының финалдық ойындары өткізілген болатын. Осы финалдық ойында ауданымыздың Іле құрама командасы алаң иелері Талдықорған командасына қарсы ойнап 2:0 есебімен жеңіске жетіп, Алматы облысы чемпионатының чемпионы атағына қол жеткізді. Бұл чемпионатта Али Сауранбаев «үздік ойыншы» атанса, Ақан Инкарбеков «үздік қақпашы» атағына ие болды.
Сонымен Іле құрама командасы 2001 жылдан бастап Алматы облысы чемпионатының 5 дүркін Чемпионы атанды.
2015 жылдың 01-03 қазан күдері аралығында Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған Райымбек батыр жүлдесі үшін қазақ күресінен 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнирі өткізілді.
Турнирге Қазақстанның 12 облысынан командалар қатысты. Жарыстың командалық есеп қорытындысы бойынша І орынға Алматы облысы командасы, ІІ орынға Қызылорда облысы командасы, ІІІ орынға Шымкент командасы қол жеткізді.
2015 жылдың 27-29 қазан күндері аралығында Панфилов ауданы, Алтыүй ауылының БЖСМ спорт залында қазақ күресінен ересектер арасында Алматы облысы Кубогы өткізілген болатын. Осы Алматы облысы кубогіне ауданымыздың Іле құрама командасы қатысып, командалық есеп қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды.
2015 жылдың 19-22 қараша күндері аралығында Беларусь мемлекетінің астанасы Минск қаласында орналасқан «Минск-Арена» спорт кешенінде Таэквон-до ИТФ-тан өтетін Әлем Кубогіне Қазақстан құрама командасының мүшесі, ауданымыздың КазЦИК ауылдық округінің тұрғыны Құдайберген Қуаныш пен Боралдай ауылдық округінен шыққан Базарбай Бекжан қатысып келді.
2015 жылдың 22-25 қараша күндері аралығында Текелі қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, тоғызқұмалақтан Алматы облысының Чемпионаты өтті. Жарысқа ауданымыздың тоғызқұмалақ құрама командасы қатысып, командалық есеп қорытындысы бойынша І орынға ие болды. Ал, жекелей есеп қорытындысы бойынша атап айтсақ, 12 жас қыздар арасында Мәнжу Айжан І орын, 14 жас қыздар арасында Фазылова Аружан І орын, ардагерлер арасында Қылышбаев Ерболат І орынға ие болды.
2015 жылдың 24-29 желтоқсан күндері аралығында Қызылорда қаласында гандболдан қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Чемпионатқа ауданымыздың «Іле» гандбол қыздар командасы Алматы облысының атынан қатысқан болатын. Чемпионат қорытындысы бойынша «Іле» командасы ақтық ойында Қызыордалық «Сейхун» командасынан 32:30 есебімен басым түсіп Республика Чемпионы атағына қол жеткізді.
2015 жылдың 15 сәуір-22 мамыр аралығында Президенттік тест өткізіліп, аудан тұрғындарының 6 % қатысты. Ол сандық көрсеткіш бойынша 11868 адамды құрайды.
Мүгедектер арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту бағытында «Жігер» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе жұмыстар жүргізілуде.
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пауэрлифтингтан Кадиров Еркебуланның, үстел теннисінен Дарвина Маринаның, жеңіл атлетикадан Тайжанова Айнұр мен Байдулдаева Айнұрдың жетістіктерін және спортқа деген құлшыныстарын ерекше атап өтуге болады. Алайда бұл спортшылар Іле ауданының намысын қорғағанымен жаттығуларын Алматы қаласында жүргізеді.
Ағымдағы уақытқа дейін ауданда өткізілген барлық жарыстар туралы аудандық «Іле таңы» газетінде 35 мақалалар жарық көрді.

Туризм:

Алматы облысының әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірде өткен кеңейтілген селекторлық отырыстың №2 хаттамасында белгіленген міндеттер жайлы Алматы облысында туризмді дамытудың Мастер- жоспарының 2015 жылы Іле ауданында орындалуы бойынша іс-шаралар жоспары жасалды.
Ауданның туристік имиджін қалыптастыру мақсатында халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге, іс-шараларға қатысу және халыққа жаңа бағытта демалысын өткізуге байланысты атқарылатын жұмыстар жоспарланды.
Жоспарға сәйкес үстіміздегі жылдың 15 сәуірі күні аудан бойынша туризмді дамытудың Мастер-жоспарының орындалуын қамтамасыз ету«ҚР-сы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару» Заңына сәйкес құрылған жұмыс тобының отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде Алматы облысының әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірде өткен кеңейтілген селекторлық отырыстың №2 хаттамасында белгіленген міндеттер мен аудандық жоспарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда:
1. Ауданда туризм инфраструктурасын дамытып кеңейтуде инвестиция тартуды жоспарлы жургізу.
2. Ауданда кәсіптік, ауылшаруашылық, экологиялық, қоғамдық-танымдық туристік маршруттарды іске қосу.
3.Туризм мен демалу индустриясының жаңа технологиялық сервистік қызмет көрсету нысаналарын, этно-ауылдар жасауды іске қосуда «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту.
4. Чапай ауылында балалар туристік орталығын ұйымдастыру және «НеоНомад» этнографиялық, экологиялық және мәдени орталығының жобасын жүзеге асыруда каржыландыру мәселесін шешу.
5. Ауданның туристік нысандарын статистикалық есепке алынуын жузеге асыру.
Бүгінгі таңда осы бағыта төмендегі жұмыстар атқарылды. Іле ауданында туризм индустриясын дамытуда инфраструктуралық нысандар саны – 7
Оның ішінде:
Сумен емдеу орталығы -1
«Пишон» сумен емдеу орталығы (жетекшісі Ким Елена) Өтеген батыр кентінде 2007 жылдан бастап жұмыс жүргізеді. Жыл бойы қызмет көрсетіп, айына 50 адам қабылдайды. Негізгі қызмет көрсету бағыты – денсаулықты нығайту, тері, буын, гинекологиялық ауруларды емдеу, алдын алу. Мекемеде 9 адам жұмыс істейді.
Аквапарктер саны - 3
Байсерке ауылдық округінде орналасқан, олар «Дос» (жетекшісі Тагиев Гейдар), «Мереке» (жетекшісі Болысбаев Бақыт) және «Аль Каср» демалу-сауықтыру орталықтары. 3 аквапарк жылдың жаз мезгілдерінде күніне орта есеппен 100-200 адамға қызмет көрсетеді. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны – 36.
Атаулы аквапарктер Аудан халқының денсаулығын нығайтуда және жазғы демалысын ұйымдастыруда сапалы қызмет көрсетеді.

- «Хикмет Тревел» туристік фирмасы - 1.
«Хикмет Тревел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылы құрылған. Туристік фирмада 11 адам қызмет атқарады. Атаулы фирма мақсаты: Қажылыққа апару туристік маршрутымен қызмет жүргізеді.

Қонақ үй нысандары - 3

«Бархан» (110адам), «Жетісу» (40адам), «Ұлар» (10)қонақ үйлер кешені Қоянқұс ауылы, Боралдай кенті мен Өтеген батыр кентінде қызмет көрсетеді.
Атаулы қонақ үйлер күніне 150 адам қабылдап, 40 адам жұмыспен қамтылған.
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 05-23\9023 хатына сәйкес үстіміздегі жылдың 20 қарашасында өткен облыстық «WORKSHOP-ZHETYSU-2015» («ворк-шоп-Жетісу-2015») іс-шарасына Боролдай кентінде орналасқан «Жетісу» қонақ үйі мен «Хикмет-тревел» туристік компаниясының әкімшілігінен қатысты.
Іс-шара барысында демалушылар мен туристерді қабылдау объектілері және туристік фирмалар арасында іскерлік байланысты орнату және олардың жұмыстарын оңтайландыруда жаңа технологиялар бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Сол сияқты 2015 жылдың 23 қазан күні аудан орталығында туризм саласы бойынша «Экспо-2017 турөнімдерінің портфолиосы» тақырыбында АҚ(акционерлік қоғамы) «Астана Экспо ұлттық компаниясының» ұйымдастырумен семинар өткізілді. Семинарға АҚ(акционерлік қоғамы) «Астана Экспо ұлттық компания» басқарма басшысының кеңесшісі Р.Асанбаева, Алматы облысы туризм басқармасынының басшысы Ж.Алшымбаева және облыстың, ауданның туризм саласының қызметкерлері қатысып, «Экспо-2017 турөнімдерінің портфолиосы» тақырыбында ғылыми негізде маңызды ақпарат алды.
Сол сияқты жастарға арналған туристік орталығын ашу мәселесі бойынша ауданда жастар арасында спорттық шеберлікті дамыту мен туризмді насихаттау мақсатында «Альпийская роза» жасөспірім-туристік. спорттық клубы жұмыс істейді. (Жетекшісі Сапронов Константин)
Аталған клубтың жастар мен жасөспірімдерді тау туризміне баулу, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеудегі, дені сау қоғам қалыптастырудағы жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Туристік клубындағы жасөспірімдер жүйелі түрде облыстық және республикалық жарыстарға қатысып. жүлделі орындарға ие.
Атап айтсам, 2015 жылғы Текелі қаласында өткен Бүкіләлемдік Туризм күніне сәйкес өткізілген байқауда «Альпийская роза» клубының мүшелері «Туризм теориясы» сайысында Хомченко Роман І орын, «Скальная» дистанциясы, «Қорғау жұмыстарынан» – ІІІ орындарға ие болды.
Сочи қаласында өткен халықаралық спорттық туризм бойынша жарыста «Альпийская роза» клубының мүшелері Алматы облысының атынан қатысып І орынға ие болып, Халықаралық спорт туризм Федерациясының мақтау қағазымен марапатталды.
Жалпы спорттық сынақта Алматы облысы бойынша ІІІ орын алып, дипломмен марапатталды.
Осы клубты дамытуда Чапай ауылында балалар туристік орталығын ұйымдастыру мақсатында каржыландыру мәселесін шешу.
Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеумен ұштастырылған «Жетісу - туризм өлкесі» атты туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарының облыстық фотоконкурсына Іле ауданы, Н.Тілендиев ауылы, №26 орта мектебінің оқушысы С.Мухаметғалым қатысып «Үздік қатысушы» номинациясы бойынша марапатталды.
Алматы қаласындағы «Атакент» кешенінде «Туризм және Саяхат 2015 KITF» атты қазақстандық халықаралық туристік көрмеге Ащыбулақ ауылдық округінен қол өнер шебері Ж.Даулетованың «Ел іші - өнер кеніші» такырыбында экспонаттары қойылып ұлттық қолөнер дәстүрі насихатталды.
Жоспарға сайкес этно-ауылдарды дамыту мақсатымен Қарой ауылында «НеоНомад» этнографиялық, экологиялық және мәдени орталығы жұмыс жасайды. (Жетекшісі Артықбаев Асылхан) «НеоНомад» орталығы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ата-бабамыздан қалған ұлттық саятшылықты, аңшылықты, атқа отыруды үйрету, туризмнің демалу түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізуді мақсат етіп қойған.
Туризм мен демалу индустриясының жаңа технологиялық сервистік қызмет көрсету нысаналарын, этно-ауылдар жасауды іске қосуда «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту жұмыстары ұйымдастырылуда.
Болашақта Іле ауданында қазақ даласын мекендейтін әр ұлттың тыныс-тіршілігі мен болмыс-бітімін бейнелейтін этноауыл жобасы іске асады.
Осы мақсатта Байсерке ауылдық округінен 12.000 - га жер бөлініп, этноауыл нысандары салу жоспарланып, инвесторлар тартылуда.
Бұл жоба аясында салауатты өмір салтын жақсартып, халықтың серуендеп, қыдыратын бірден-бір демалыс орнына айналады.
Туризм саласындағы негізгі көрсеткіштерінің бірі, ол ақылы туристік қызмет көрсету, бұл бойынша ауданда мониторинг жүргізіліп отырады.
Туризм саласы бойынша ақылы туристік қызмет көрсету мониторингісіне тоқталсам, ақылы туристік қызмет көрсету 2013 жылы 28,5 млн.теңге, 2014 жылы 33,0 млн.теңге болса, 2015 жылы 39 млн.теңгені құрады. Ішкі туризм бойынша келушілер саны 2011жылдан 2014 жылға дейін 5 мыңнан – 8 мыңға дейін болса үстіміздегі жылы 10000-ға жетсе, сырттан келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша 18 пайызға артты.
Аудандағы туристік нысандарды статистикалық есепке алу жұмыстарында кеткен кемшілікті жою мақсатында жергілікті статистикалық және кірістер бөлімдерімен бірлесіп жұмыс жүргізілуде.