БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ  

 

Ауданда білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі 2011 жылы ауданда бірқатар жұмыстар атқарылып, жүргізілу үстінде. 2011 жылы аудан әкімінің аппарат жиналысында 4 мәселе: «Орта мектептер жанындағы спорттық алаңдар жағдайы туралы», «Ауылдық, кенттік округтерде өткізіліп жатқан спорттық шаралар туралы», «Аудан әкімдігінің 28.06.2010 жылғы «2007-2011 жылдарға арналған дене тәрбиесі және спорттың даму бағдарламасы туралы» №6-985 қаулысының орындалу барысы туралы», «Ауданның орта мектептерін спорт инвентарымен қаматасыз ету туралы» көтеріліп, қарастырылып өтті.

2011 жылы спортпен шұғылданатын адамдар саны 2007 жылмен салыстырғанда 23 783 адамға өсті, жалпы дене шынықтырумен шұғылданатын 39598 адамды құрайды. Ауданнң орта меткптерінде дене шынықтыру сабағын 147 дене шынықтыру кызметкерлері ұйымдастырып жүргізеді. Ауданның орта мектеп оқушыларының саны 2011 жылы 30425 оқушыны құрайды.

 Ағымдағы жылы ауданның 37 орта мектептері дене шынықтыру бағдарламасы бойынша нормативтерді тапсыруға қажетті негізгі спорттық жабдықтармен 14 млн. 64 мың теңгеге жабдықталды. Ауданның №14 және №25 орта мектебі шаңғы тебу спортын дамыту үшін 60 пар шаңғымен қамтамасыз етілді, аталған мектептерде шаңғы спортынан спорт шебері мамандары Жжаттығу жүргізеді.

2011 жылға аудандағы дене тәрбиесімен шұғылданатын спорттық құрылымдар саны 282 спорттық құрылымын құрайды, олар:  1 стадион, 42 спорт залы, оның 37 мектептерде, 1 атыс орны, 4 жүзу бассейні (3 ашық), 220 спорттық  құрылымдар, оның 146 әртүрлі спорт алаңдары, 3 синтетикалық қапталған, 1 спорттық ядро. Аудан бойынша 2009-2010 жылдар аралығында «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 36 спорт алаң салынды.

Ауданның Өтеген батыр кентінде орналасқан стадионды реконструкциялау жұмысына және  облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттығу ғимаратының құрылыс жұмыстарына облыс бюджетінен 2008-2011 жылдар аралығында 418 млн. тенге бөлінген, аталған стадион ағымдағы жылдың қазан айында іске қосылады.

Жыл сайын өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық шаралардың саны өсуде, 2011 жылы спорт секторымен аудан бойынша бекітілген жоспарға сәйкес өткізілген іс-шаралардың саны 35 асады, Осындай аудандық жарыстарды өткізуге ағымдағы жылы аудан бюджетінен 536 мың теңге бөлінді. 

Аудан көлемінде бұқаралық спорт түрлерінен аудан тұрғындары арасында жарыстар, жүгірістер ұйымдастырылып өткізіледі, атап айтсақ Спорт күні, Денсаулық фестивалі атты достық жүгірісі, Президенттік сынақ тапсыру және 22 Наурыз, 1 мамыр, 6 шілде Астана күнінің мерекелеріне орайы ауылдық кенттік округтарда балалар және жасөспірімдері арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі олар жаяу көкпар, асық ойыны, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, т.б.

Ауданда «Болашақ» тәуелсіз қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді, 11 ауылдық, кенттік округтарында жасөспірімдер клубы бар, онда ауданның балалары мен жасөспірімдері шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы үйірмелеріне 4200 адам қатысады.

Аудан спортшыларының облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысқан жетістіктеріне келетін болсақ, 2011 жылы Іле ауданы Мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасына қатысып, шағын футбол жарысынан команда құрамы жүлделі екінші орынға ие болды. Алматы облыстық шаңғы жарысынан команда құрамы ІІІ орынды иеленіп, 3 спортшы шаңғы спортынан спорт шеберіне үміткер дәрежесін орындады. Қазіргі уақытта жағажай волейболына адамдар тартылып, даму үстінде. Осы спорттың 6 спортшысы Қазақстан Республикасының жағажай волейболының құрама командасына кіреді.

       «Іле ауданы Футбол  Федерациясы» үкіметтік емес қоғамдық  бірлестігі 2000 жылы құрылған. Бірлестік жұмысының негізгі мақсаты ауылды жерді мекендерде жастар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасау, салауатты өмірді насихаттап аудан тұрғындары арасында футболды дамыту.

      2007 жылы аудандағы ауылды мекендердің 9 футбол алаңдарының жер телімдері «Іле ауданы Футбол  Федерациясы» қоғамдық  бірлестігі меншігіне  заңдастырылды, 34 футбол алаңдарында аудандық футбол біріншілігі ойындары өткізілуде. 2011 жылы футболмен шұғылданатын адамдар саны 6000 жуық.

        Ауданда футболды дамытып, оны насихаттап елге таныту ісінің нәтижесінде «Іле ауданының Футбол Федерациясы» қоғамдық бірлестігі ауылдық, кенттік әкімдермен облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебімен бірлесе отырып, өткен жылы аудан Чемпионатына 42 ересек команда және «Coca Cola - Былғары доп» республикалық турнирінің шеңберінде үш жас аралық топта білім беру мекемелерінің 80 командасының арасынан аудандық жарыс өткізілді. Аталған ойынның жеңімпаздары облыстық ойындарға қатысып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.  «Іле ауданы Футбол  Федерациясы» қоғамдық  бірлестігі құрылғаннан бері аудан жасөспірімдер командалары  Алматы облысы Чемпионатында қатысып

2005-2010 жылдар аралығында аудан командалары 1-ші орынды  -18 рет; 2-ші орынды  -24 рет; 3-ші орынды  -11 рет иеленді.

Қазақстан Республикасы Чемпионатында: 

   1-орын – «Аяужан»  №31 ОМ Комсомол ауылы (Алматы қ, 2008жыл)

   2-орын – құрама команда « Іле-92» ( Астана қ, 2008жыл)

               - «Байсерке» № 9 ОМ Байсерке ауылы (Семей қ, 2008жыл)

   3-орын – «Жапек» № 4 ОМ Жапек батыр ауылы (Семей қ, 2011жыл)

      «Іле-Сәулет» командасы өз ойындарын 2003 жылы аудандық футбол біріншілігінде бастады, ҚР чемпионатында 2008 жылы ойнау құқығына ие болды.

«Іле-Сәулет» футбол командасы Қазақстан Республикасы Чемпионатының жоғарғы лигасында төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізді:

- 2008 жылы 4 орын;

- 2009 жылы 5 орын,

- 2010 жылы 5 орын;

         - 2011 жылы аудан командасы жоғарғы лигадағы 32 ойынның 9 -да жеңіліс тауып 3 орынды иеленді. Команда ойыншылары алаңда жоғары деңгейлі кәсіби дайындықтары мен шеберліктерін көрсетті.

Атап өтсек, Ерлен Бекмухаев команда капитаны, ең үздік шабуылшы Жандос Оразалиев және тәжірибелі қорғаушы Сергей Кировтың үштігі мықты ойын үлгісін көрсетті.

«Іле» қыздар кәсіпқой гандбол клубы» мемлекеттік қазыналық-коммуналдық кәсіпорны 2008 жылы Алматы облысы әкімінің шешімі негізінде құрылды.

         Бүгінгі таңда гандболмен «Іле» клубында 60-тан астам спортшы шұғылдануда.

       - клубтың 16 спортшысы ҚР Супер лигасында,

       - 16 адам ҚР Жоғарғы Лигасының құрамыда,

       - 6 спортшы ҚР Ұлттық құрамасында,

       - 9 адам ҚР Жастар құрама командасының құрамына,

       - 9 адам ҚР Жасөспірімдер құрама комадасының қатарына кіреді.

Білікті мамандардың тәлімгерлері «Іле» гандбол қыздар кәсіпқой клубының Қазақстан Республикасы Чемпионаттарында және халықаралық жарыстардағы жеткен жетістіктері:

2008-2009 жж

ҚР Чемпионаты «Іле» V орын (Супер лига)

«Іле-II» ІІ орын (Жоғарғы лига)

2009 ж

ҚР Жасөспірімдер ойындарында  ІІІ орын

2009 ж

Азия Чемпионаты, ІІІ орын

2009 ж

ҚР Чемпионаты 1994 ж.т. арасында, ІІ орын

2009-2010 жж

ҚР Чемпионаты «Іле» ІІІ орын (Супер лига)

«Іле-II» ІІ орын (Жоғарғы лига)

2010-2011 жж

ҚР Чемпионаты «Іле» ІІ орын (Супер лига)

«Іле-II» ІІ орын (Жоғарғы лига)

2010 ж

Олимпиадалық ойындар, Сингапур қаласы IV орын

2010 ж

Әлем Чемпионаты, Санто-Доминго қаласы, 16 орын

2010 ж

ҚР Оқушылар спартакиадасы, ІІ орын

2011 ж

«Challenge trophy» Континенттік Азия кубогі» І орын

2011 ж

ҚР Спартакиадасы IV орын

2011 ж

Азия Чемпионаты жастар құрамасының қатарында 1992 ж.т. арасында ІІІ орын

2011 ж

Азия Чемпионаты жасөспірімдер құрамасының қатарында 1994 ж.т. арасында, ІІІ орын /Жапония/

2011 ж

«Challenge trophy world phase» кубогі, II орын

Клуб жаттықтырушы М.Юсупов ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы атағына ие болды.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде оқушылар саны – 846, 63 оқу тобы бар. Мектепте 29 жаттықтырушы, оның ішінде: жоғарғы категориялы – 3 жаттықтырушы, 1-ші категориялы - 9 жаттықтырушы, 2 категориялы – 6 жаттықтырушы, категориясыз -11 жаттықтырушы жұмыс істейді. Олардың 16 штаттық, 13 қосымша, 25 жаттықтырушы жоғарғы білімді.

ОБЖСМ-де спорттың 11 түрі қамтылған: қазақ күрес, самбо, дзюдо, бокс, футбол, гандбол, грек-рим күресі, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, таеквондо.

Төменде көрсетілгендей спорттық топтар жұмыс істейді:

Спорттық-сауықтыру тобы - 1 жылдық - 14 топ-252 адам,

Арнайы дайындық тобы-1 – 1 жылдық -6топ – 108 адам,

Арнайы дайындық тобы-2 – 2 жылдық  -11 топ -144 адам,

Оқу-жаттығу тобы-1 – 1 жылдық  -22 топ -236 адам,

Оқу-жаттығу тобы-2 – 2 жылдық  -10 топ -106 адам.

Оқу жаттығу сабақтары келесі орындарда өтеді:

Қазақ күрес, самбо, дзюдо– Өтеген батыр кентіндегі №13 М.Мақатаев атындағы орта мектебінің спорт залында, гандбол - Өтеген батыр кентіндегі №7 орта мектебінде, №19 орта мектебінің спорт залында, футбол – жазғы уақытта орталық стадионда, орта мектептердің футбол алаңдарында: №7, №13, №38, №10, №41, №31, №9. Ал қысқы уақытта Энергетикалық аймақтың, Комсомол, Чапаев, Ақши, Байсерке ауылдарының жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарында,  таэквондо Өтеген батыр кентіндегі № 7 орта мектебінде, грек-рим күресі – Ащыбұлақ ауылындағы «Батыр»  спорт клубында, ОБЖСМ-де, тоғызқұмалақ- №30 орта мектебінде, бокс № 26 орта мектебінде.

2010-2011 оқу жылында 19 (спорт шеберіне үміткер), 4 бірінші дәрежелі, 2-3 және жасөспірімдер дәрежедегі – 615 оқушы дайындалады. Алматы қаласындағы  К. Ахметов атындағы  Республикалық мектеп интернатына  (Республикалық мектеп интернатта) -   5 адам волейболдан, 4 адам дзюдодан, Алматы қаласындағы Шаңырақ мкр. Республикалық мектеп интернатына  (Республикалық мектеп интернатта) -4 бокстан, Талдықорған қаласындағы облыстық мектеп – интернатына 4 адам греко-рим күресінен, 2 адам футболдан ары қарай оқуларын жалғастыру үшін жіберілді. Барлығы 19 адам.

 Мектеп оқушылары аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға белсене қатысады:

-2011-2012 оқу жылында 16 Облыстық және Республикалық жарыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсетті:

1. Талдықорған қаласында өткен қазақ күресінен: Жумақанов Д.– 1 орын,   Қилаш Қ. - 3 орын, Қожан Е. - 3 орын алды.

2. Алматы қаласында өткен гандболдан ҚР чемпионаты 1999-2000 ж.т. қыздар арасында  – 3 орын.

3. Талдықорған қаласында өткен футболдан Алматы облысының чемпионатында:

         1999ж.т. жасөспірімер арасында  – 2 орын;

         1998ж.т. жасөспірімер арасында  – 2 орын;

         1997ж.т. жасөспірімер арасында  – 3 орын;

         1996ж.т. жасөспірімер арасында  – 3 орын;

         1995ж.т. жасөспірімер арасында  – 1 орын;

         Шымкент қаласында өткен ҚР чемпионатында 5 орын алды.

4. Тоғызқұмалақтан: Облыстық Чемпионатта 1 орын, Шонжы ауылы, ҚР чемпионаты 4 орын, Қостанай қаласы.

5. Бокстан ҚР чемпионаты Қызайбай Ж 1 орын иеленді.

6. Греко-рим күресінен облыстық чемпионат -  2 орын Раджанов Р., 3 орын Сабыржанов А., Рустемов Н, Асқаров С., Үкібаев А. Көктал ауылы Алматы облысы.

7. Самбодан ҚР чемпионаты 23 жасқа дейін – 3 орын Талдықорған қаласы.

8. Дзюдодан ҚР оқушылар спартакиадасында – 1 орын Түсіпбеков Е., 3 орын Касимов К. Тараз қаласы.,  ҚР чемпионаты 1997-1998ж.т арасында - 3 орын Шеримова А., Баймахан Н.

Іле ауданындағы  ОБЖСМ 2011 жыл бойынша - 1 спорт шебері, 15 - спорт шеберіне үміткер, 4 - бірінші спорт дәрежесін дайындалды.

Алматы қаласындағы туризм және спорт академиясына 3 оқушы оқуға түсті.

Қазақ күресінен Индияда өткен Азия чемпионатында Жұмажан Нұржан Азия чемпионы атағына ие болды.

Ауданда «Альпийская роза» туристік клубы 1980 жылдан бастап жұмыс жасайды. 2008 жылдан клуб жетекшісі Сапронов Константин Андреевич спорттық туризмнан спорт шебері.

 Қазіргі уақытта клуб 40-тан аса адаммен қамтылған. Клубтың базасы Чапай ауылының №10 орта мектебінде орналасқан, мектеп спортзалы тау туризміне арнайы жабдықталған.

2007 жылы туристік көпсайыстан жасанды бедерде өткен ҚР Чемпионатында (Астана қ.) – 1 орын (жастар), 3 орын (ересектер)

2007 жылы «Или-2007» туристік көпсайыстан Республикалық жарыста – 3 место (жастар), 3 место (Ересектер)

2007 жылы Алматы қаласының кубогына өткен жарыста – 1 орын (ересектер)

2008 жылы, «Или-2008» Туристік көпсайыстан Республикалық жарыста– 3 орын (жастар), 3 орын (ересектер)

2009 жылы жасанды бедерде өткен туристік көпсайыстан ҚР ашық біріншілігінде  (Чапай а.) – 1 орын (жастар)

2009 жылы КР кубогына жастар арасында өткен жарыста  – 2 орын

2010 жылы (Көкшетау қ) жасанды бедерде өткен ҚР Чемпионатында, балалар– 1 орын, ересектер2 орын.

2010 жылы «Іле-2010» туристік көпсайыстан өткен Республикалық жарыста  – 1 орын (жастар), 3 орын (ересектер)

2010 жылы ҚР кубогына өткен  туристік көпсайыстан – 2 орын (ересектер), 1 орын – (жастар).

 2011 жылы туристік көсайыстан ҚР ашық біріншілігінде (Чапаево а.) – 1 орын (жастар)

2011 жылы (Астана қ.) өткен ҚР Чемпионатында, жастар – 2 орын, ересектер – 1 орын.

2011 жылы (ОҚО, Бала-Бугунь шатқалында) өткен ҚР Чемпионатында– 1 орын (ересектер)

2012 жылдың қаңтар айының 4-8 күндері аралығында  Чапай ауылында  В.Чепельді еске алу кешіне орай тау техникасы бойынша аймақтық жарыс өткізілді, бұл жарысқа 17   команд қатысты атап айтсақ Актобе, Шымкент, Кызылорда, Талдықорған, Текелі және біздің ауданнан 3 команда қатысты.

Бұл жарыс турисстік көпсайыстан Қазақстан Республикасының кубогының кезеңіне жолдама болып есептеледі. Жарыстың қорытындысы бойынша екі жас дәрежесінде (жастар және жасөспірімдер) абсалюттық чемпион атанған Текелі қаласы, 16 жасқа дейінгі жас аралығында  Талдықорған қаласының «Жоңғария» командасы, ал үшінші орынды Шымкент қаласының «Молния» командасы жеңіп алды. Жастар арасында екінші орынды алаң иелері «Альпийская роза» командасы, ал қола жүлдені Актөбе қаласының командасы жеңіп алды.

Ауданда өткізіліп жатқан спорттық шаралар апта сайын «Іле таңы» газетіне жарияланады. Жыл басынан 35 мақала жарық көрді.

 

Дене шынықтыру және спорт

бөлімінің бастығы                                                          Д. Жүнісов