БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
2012 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат  

 

2012 жылдың 6 айында спортпен шұғылданатын адамдар саны  39598  халық санына шаққанда 23,3% ды құрайды. 2012 жылға аудандағы дене тәрбиесімен шұғылданатын спорттық құрылымдар саны 282 олар:  1 стадион, 42 спорт залы, оның 37 мектептерде, 1 атыс орны, 4 жүзу бассейні (3 ашық), 220 спорттық  құрылымдар, оның 146 әртүрлі спорт алаңдары, 3 синтетикалық қапталған, 1 спорттық ядро. Аудан бойынша 2009-2010 жылдар аралығында «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 36 спорт алаңы салынды.

Жыл сайын өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық шаралардың саны өсуде, 2012 жылдың 6  айында  дене шынықтыру және спорт бөлімі аудан бойынша бекітілген жоспарға сәйкес өткізілген іс-шаралардың саны 17 ден асты.

Аудан көлемінде бұқаралық спорт түрлерінен аудан тұрғындары арасында жарыстар, жүгірістер ұйымдастырылып өткізіледі, атап айтсақ Спорт күні, Денсаулық фестивалі атты достық жүгірісі, Президенттік сынақ тапсыру және 22 Наурыз, 1 мамыр, 6 шілде Астана күнінің мерекелеріне орай ауылдық кенттік округтарда балалар және жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді, олар жаяу көкпар, асық ойыны, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, т.б.

Ауданда «Болашақ» тәуелсіз қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді, 11 ауылдық, кенттік округтарында жасөспірімдер клубы бар, онда ауданның балалары мен жасөспірімдері шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы үйірмелеріне 4200 адам қатысады.

Аудан спортшыларының облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысқан жетістіктеріне келетін болсақ, 2011 жылы Іле ауданы Мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасына қатысып, шағын футбол жарысынан команда құрамы жүлделі екінші орынға ие болды. Алматы облыстық шаңғы жарысынан команда құрамы ІІІ орынды иеленіп, 3 спортшы шаңғы спортынан спорт шеберіне үміткер дәрежесін орындады. Қазіргі уақытта жағажай волейболына адамдар тартылып, даму үстінде. Осы спорттың 6 спортшысы Қазақстан Республикасының жағажай волейболының құрама командасына кіреді.

       «Іле ауданы Футбол  Федерациясы» үкіметтік емес қоғамдық  бірлестігі 2000 жылы құрылған. Бірлестік жұмысының негізгі мақсаты ауылды жерді мекендерде жастар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасау, салауатты өмірді насихаттап аудан тұрғындары арасында футболды дамыту.

      2007 жылы аудандағы ауылды мекендердің 9 футбол алаңдарының жер телімдері «Іле ауданы Футбол  Федерациясы» қоғамдық  бірлестігі меншігіне  заңдастырылды, 34 футбол алаңдарында аудандық футбол біріншілігі ойындары өткізілуде.  

     Ауданда футболды дамытып, оны насихаттап елге таныту ісінің нәтижесінде «Іле ауданының Футбол Федерациясы» қоғамдық бірлестігі ауылдық, кенттік әкімдермен облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебімен бірлесе отырып, өткен жылы аудан Чемпионатына 42 ересек команда және «Coca Cola - Былғары доп» республикалық турнирінің шеңберінде үш жас аралық топта білім беру мекемелерінің 80 командасының арасынан аудандық жарыс өткізілді. Аталған ойынның жеңімпаздары облыстық ойындарға қатысып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.  «Іле ауданы Футбол  Федерациясы» қоғамдық  бірлестігі құрылғаннан бері аудан жасөспірімдер командалары  Алматы облысы Чемпионатында қатысып

2005-2010 жылдар аралығында аудан командалары 1-ші орынды  -18 рет; 2-ші орынды  -24 рет; 3-ші орынды  -11 рет иеленді.

  2012 жылдың  1-9 мамыр күндері аралығында Тараз қаласында жасөспірімдер арасында өткен Республикалық «Кока Колла былғары доп-2012» футбол жарысында  1997-98 жылғы №13 ОМ оқушыларынан құралған  «Отан» командасы  Қазақстан бойынша 16 команданың ішінде 1 орынды жеңіп алып, аудан командасы Испания мемлекетіне жолдама алды.  2012 жылы футболмен шұғылданатын адамдар саны 6000 жуық.

      «Іле-Сәулет» футбол командасы Қазақстан Республикасы Чемпионатының жоғарғы лигасында төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізді:

- 2008 жылы 4 орын;

- 2009 жылы 5 орын,

- 2010 жылы 5 орын;

         - 2011 жылы 3 орын;

2012 жылы аудан командасы Қазақстан Республикасы Чемпионатының жоғарғы лигасының 1 айналымында 12 ойын өткізіп  24 ұпаймен 1 орында келеді.

         Бүгінгі таңда гандболмен «Іле» клубында 60-тан астам спортшы шұғылдануда.

       - клубтың 16 спортшысы ҚР Супер лигасында,

       - 16 адам ҚР Жоғарғы Лигасының құрамыда,

       - 6 спортшы ҚР Ұлттық құрамасында,

       - 9 адам ҚР Жастар құрама командасының құрамына,

       - 9 адам ҚР Жасөспірімдер құрама комадасының қатарына кіреді.

Клуб жаттықтырушы М.Юсупов ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы атағына ие болды.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде оқушылар саны – 846, 63 оқу тобы бар. Мектепте 29 жаттықтырушы, оның ішінде: жоғарғы категориялы – 3 жаттықтырушы, 1-ші категориялы - 9 жаттықтырушы, 2 категориялы – 6 жаттықтырушы, категориясыз -11 жаттықтырушы жұмыс істейді. Олардың 16 штаттық, 13 қосымша, 25 жаттықтырушы жоғарғы білімді.

ОБЖСМ-де спорттың 11 түрі қамтылған: қазақ күрес, самбо, дзюдо, бокс, футбол, гандбол, грек-рим күресі, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, таеквондо.

Төменде көрсетілгендей спорттық топтар жұмыс істейді:

Спорттық-сауықтыру тобы - 1 жылдық - 14 топ-252 адам,

Арнайы дайындық тобы-1 – 1 жылдық -6 топ – 108 адам,

Арнайы дайындық тобы-2 – 2 жылдық  -11 топ -144 адам,

Оқу-жаттығу тобы-1 – 1 жылдық  -22 топ -236 адам,

Оқу-жаттығу тобы-2 – 2 жылдық  -10 топ -106 адам.

Оқу жаттығу сабақтары келесі орындарда өтеді:

Қазақ күрес, самбо, дзюдо– Өтеген батыр кентіндегі №13 М.Мақатаев атындағы орта мектебінің спорт залында, гандбол - Өтеген батыр кентіндегі №7 орта мектебінде, №19 орта мектебінің спорт залында, футбол – жазғы уақытта орталық стадионда, орта мектептердің футбол алаңдарында: №7, №13, №38, №10, №41, №31, №9. Ал қысқы уақытта Энергетикалық аймақтың, Комсомол, Чапаев, Ақши, Байсерке ауылдарының жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарында,  таэквондо Өтеген батыр кентіндегі № 7 орта мектебінде, грек-рим күресі – Ащыбұлақ ауылындағы «Батыр»  спорт клубында, ОБЖСМ-де, тоғызқұмалақ- №30 орта мектебінде, бокс № 26 орта мектебінде.

2010-2011 оқу жылында 19 (спорт шеберіне үміткер), 4 бірінші дәрежелі, 2-3 және жасөспірімдер дәрежедегі – 615 оқушы дайындалады. Алматы қаласындағы  К. Ахметов атындағы  Республикалық мектеп интернатына  (Республикалық мектеп интернатта) -   5 адам волейболдан, 4 адам дзюдодан, Алматы қаласындағы Шаңырақ мкр. Республикалық мектеп интернатына  (Республикалық мектеп интернатта) -4 бокстан, Талдықорған қаласындағы облыстық мектеп – интернатына 4 адам греко-рим күресінен, 2 адам футболдан ары қарай оқуларын жалғастыру үшін жіберілді. Барлығы 19 адам.

 Мектеп оқушылары аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға белсене қатысады:

-2011-2012 оқу жылында 16 Облыстық және Республикалық жарыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсетті:

1. Талдықорған қаласында өткен қазақ күресінен: Жумақанов Д.– 1 орын,   Қилаш Қ. - 3 орын, Қожан Е. - 3 орын алды.

2. Алматы қаласында өткен гандболдан ҚР чемпионаты 1999-2000 ж.т. қыздар арасында  – 3 орын.

3. Талдықорған қаласында өткен футболдан Алматы облысының чемпионатында:

         1999ж.т. жасөспірімер арасында  – 2 орын;

         1998ж.т. жасөспірімер арасында  – 2 орын;

         1997ж.т. жасөспірімер арасында  – 3 орын;

         1996ж.т. жасөспірімер арасында  – 3 орын;

         1995ж.т. жасөспірімер арасында  – 1 орын;

         Шымкент қаласында өткен ҚР чемпионатында 5 орын алды.

4. Тоғызқұмалақтан: Облыстық Чемпионатта 1 орын, Шонжы ауылы, ҚР чемпионаты 4 орын, Қостанай қаласы.

5. Бокстан ҚР чемпионаты Қызайбай Ж 1 орын иеленді.

6. Греко-рим күресінен облыстық чемпионат -  2 орын Раджанов Р., 3 орын Сабыржанов А., Рустемов Н, Асқаров С., Үкібаев А. Көктал ауылы Алматы облысы.

7. Самбодан ҚР чемпионаты 23 жасқа дейін – 3 орын Талдықорған қаласы.

8. Дзюдодан ҚР оқушылар спартакиадасында – 1 орын Түсіпбеков Е., 3 орын Касимов К. Тараз қаласы.,  ҚР чемпионаты 1997-1998ж.т арасында - 3 орын Шеримова А., Баймахан Н.

       2012 жылдың 28 маусым күні  «Жастар» спорт сарайында қазақша күрестен Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін «Жетісу бөрісі» атты облыстық ақтық турниріне облысымыздың  38 палуан қатысып, күш сынасып Іле ауданының палуаны ІІІ- орынды Калеков Ермек иеленді.

Ауданда «Альпийская роза» туристік клубы 1980 жылдан бастап жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта клуб 40-тан аса адаммен қамтылған. Клубтың базасы Чапай ауылының №10 орта мектебінде орналасқан, мектеп спортзалы тау туризміне арнайы жабдықталған.

2012 жылдың қаңтар айының 4-8 күндері аралығында  Чапай ауылында  В.Чепельді еске алу кешіне орай тау техникасы бойынша аймақтық жарыс өткізілді, бұл жарысқа 17   команда қатысты, атап айтсақ Ақтобе, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Текелі және ауданның 3 командасы қатысты.

Бұл жарыс турисстік көпсайыстан Қазақстан Республикасының кубогының кезеңіне жолдамасы болып есептеледі. Жарыстың қорытындысы бойынша екі жас дәрежесінде (жастар және жасөспірімдер) абсалюттық чемпион атанған Текелі қаласы, 16 жасқа дейінгі жас аралығында  Талдықорған қаласының «Жоңғария» командасы, ал үшінші орынды Шымкент қаласының «Молния» командасы жеңіп алды. Жастар арасында екінші орынды алаң иелері «Альпийская роза» командасы, ал қола жүлдені Актөбе қаласының командасы жеңіп алды.

Ауданда өткізіліп жатқан спорттық шаралар апта сайын «Іле таңы» газетіне жарияланды, жыл басынан 15 мақала жарық көрді.