БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасы шеңберінде үстел теннисінен аудандық іріктеу турнирінің
Анықтамасы
 

 
         2016 жылдың 28 мамыр күні сағат 10.00-де Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасы шеңберінде үстел теннисінен» аудандық іріктеу турнирі өтті.

Үстел теннисінен өткізілген аудандық іріктеу турниріне
1. Аудан әкімі аппараты
2. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі
3. Аудандық жұмыспен қамту бөлімі
4. Аудандық мәдениет бөлімі
5. Аудандық ЖҚХ бөлімі
6. Аудандық заң және мемлекеттік құқық бөлімі
7. Ащыбұлақ ауылдық округі
8. Байсерке ауылдық округі
9. Жетіген ауылдық округі
10. Чапай ауылдық округі
11. КазЦИК ауылдық округі
12. Қараой ауылдық округі
13. Күрті ауылдық округ
14. Энергетический ауылдық округі
15. Боралдай ауылдық округі
16. Междуреченск ауылдық округі қатысты
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай,Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасы шеңберінде үстел теннисінен» өткізілген аудандық іріктеу турнирінің қорытындысында жүлделі орынға қол жеткізген спортшылар аудан әкімінің мақтау қағаздары, медальдармен марапатталды.
Мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасы шеңберінде ерлер арасында:
І орын - Күрті ауылдық округінің әкімі Өгізбаев Даниял
ІІ орын- Энергетический ауылдық округі аппаратының бас маманы Капаров Алмас
ІІІ орын- Байсерке ауылдық округі әкімінің орынбасары Қажиев Асхат
Қыздар арасында:
І орын - Энергетический ауылдық округі аппаратының бас маманы Оспанова Самал.
ІІ орын- Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Жүнісова Гулнир
ІІІ орын- Аудан әкімі аппаратының маманы Ерсариева Ұлпан ие болды.
Номинация бойынша: Аудан әкімі аппараты командасының ойыншысы, аппарат басшысы Кәрібаев Мұхит Бақытұлы «үздік ойыншы» номинациясымен, Междуреченск ауылдық округ командасының ойыншысы Бекмырза Иманбеков «үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды.
Ал, аталған жарысқа белсене қатысқан ойыншыларды атап айтсақ: «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің бас маманы Советхан Айжан, Қараой ауылдық округінің бас мамандары Таженов Айдос, Есильбаева Мадина, Байсерке ауылдық округінің бас маманы Даирбекова Ләйла, Күрті ауылдық округінің маманы Келісов Дидар, «Іле ауданының ТҮКШ және ТҮИ» (ЖКХ) бас маманы Жанайдаров Мақсат марапатталды.