БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Конституция күні мерекесіне орай, баскетболдан аудан тұрғындары арасында өткізілген аудандық жарысының
Анықтамасы
29.08.2016

    
2016 жылдың 27 тамыз күні Ащыбұлақ ауылдық округінің №20 орта мектеп спорт злында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Конституция күні мерекесіне орай, баскетболдан аудан тұрғындары арасында аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа 7 команда қатысты.
Жарыс олимпиадалық ойын тәртібі бойынша өткізіп, жарысымыздың қорытындысы бойынша І орын Өтеген батыр командасы, ІІ орын Боралдай командасы, ІІІ орын КазЦИК командасы ие болды.
Бұл жарыста Өтеген батыр командасының ойыншысы Сұлтан Мирас «үздік ойыншы» номинациясымен марапатталса, Боралдай командасының ойыншысы Мукаев Данияр «үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды. Жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздары, кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.