БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Алматы облысының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Алматы облысында туризмді дамытудың Мастер-жоспарының және оны жүзеге асыру бойынша 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы» №557 қаулысының орындалуы 25.11.2016

    

     Алматы облысының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Алматы облысында туризмді дамытудың Мастер-жоспарының және оны жүзеге асыру бойынша 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы» №557 қаулысында белгіленген  іс-шараларға  байланысты Алматы облысында туризмды дамытудың Мастер жоспарының 2016 жылы Іле ауданында орындалуы бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, белгіленген міндеттер таныстырылды.

      «Алматы облысында туризмді дамытудың Мастер-жоспарын және оны жүзеге асыру бойынша 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында 2014 жылдың 19 қыркүйегінде «Іле ауданында туризм индустриясының  даму болашағы» интегралды-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

       Конференцияға ауылдық, кенттік округ әкімдері мен осы салаға жауапты мамандар, ауданның мекеме, бөлім басшылары, қоғамдық ұйым төрағалары, этно -мәдени ұйым жетекшілері туризм нысандарының өкілдері қатысып, тәжірибе алмасты.

       Конференция жұмысы туралы мақала аудандық « Іле таңы» газетінде жарық көрді.

 Аудандағы туристік нысандарды статистикалық есепке алу жұмыстарын ұйымдастыруда жергілікті статистикалық бөлімімен, кенттік\ауылдық әкімдермен және туристік нысан жетекшілерімен бірлесе жұмыс жүргізілуде.   Ауданымызда туризм саласының сервистік қызмет көрсету бағыты бойынша 7 инфрақұрылымдық нысан жұмыс істейді: 

Сумен емдеу орталығы      -1  

«Пишон» сумен емдеу орталығы (жетекшісі Ким Елена) Өтеген батыр кентінде 2007 жылдан бастап жұмыс жүргізеді. Жыл бойы қызмет көрсетіп, айына 100 адам қабылдайды. Негізгі қызмет көрсету бағыты – денсаулықты нығайту, тері, буын, гинекологиялық ауруларды емдеу, алдын алу. Мекемеде 5 адам жұмыс істейді. Аталған нысан тұрақты жұмыс жасауына және аудан аумағында орналасқанына байланысты, іс құжаттарын заңдастырып, Іле аудандық статистика бөліміне туристік нысан ретінде қайта тіркелуге келісім бермей отыр.

Аквапарктер саны     - 3. 

 Атаулы аквапарктер жылдың жаз мезгілдерінде маусымдық қызмет көрсетеді және аудан халқының денсаулығын нығайтып, жазғы демалысын ұйымдастыруда сапалы қызмет ұйымдастырады.

      Байсерке ауылдық округінің, Алматы-Қапшағай трассасында       орналасқан,олар:

1. Аквапарк «Мереке» (жетекшісі Тагиев Гейдар) 2006 жылдан бастап жұмыс жүргізеді, жаз мезгілдерінде күніне орта есеппен 100-200 адамға қызмет көрсетеді. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны- 12.

2. Аквапарк «Дос» (жетекшісі Болысбаев Бақыт), 2008 жылдан бастап жұмыс жүргізеді  жаз мезгілдерінде күніне орта есеппен 200-300 адамға қызмет көрсетеді. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны – 16

3. Аквапарк «Аль Каср»  2013 жылдан бастап жұмыс жүргізеді, жаз мезгілдерінде күніне орта есеппен 100-150 адамға қызмет көрсетеді. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны- 10.

 «Хикмет Тревел» туристік фирмасы - 1.

  «Хикмет Тревел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  2008 жылы құрылған. Туристік фирмада 11 адам қызмет атқарады. Атаулы фирма мақсаты: Қажылыққа апару туристік маршрутымен қызмет жүргізеді.

 2008 ж 2 сәуірден бастап қызмет көрсету саласында қажылық сапарын ұйымдастыруда сапалы еңбек атқарып келеді. Бүгінгі таңда 10 500- ға жуық адамның қажылық сапарының орындауына үлес қосты.

 Алматы «KITF 2014, KITF 2015, KITF 2016» көрмесінің белсенді мүшесі, «Етихад Эйрвейс», «Air Arabia» әуекомпаниялрының 2015, 2016 жылғы Қазақстандағы ең үздік сатылым агенттігі.

   Қонақ үй нысандары   -  3

1.«Жетісу» Боралдай кентінде орналасқан, (жетекшісі Кенжин Евгений Курмангалиевич) 2006 жылдан бастап жұмыс жүргізеді. Қонақ үйде  12 стандартты номер жабдықталған. Жылына 65 адамға қызмет көрсетіледі. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны-3.

2.«Бархан» Ащыбулақ округінде орналасқан, (жетекшісі Шадрин Константин) 2009 жылдан бастап жұмыс жүргізеді. Қонақ үйде 4 стандартты номер жабдықталған. Жылына 70 адамға қызмет қөрсетіледі. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны-3.

3.«Алатау» Өтеген батыр кентінде орналасқан,(жетекшісі Қынырбеков Жаңабек Иманбекович ) 2016 жылдан бастап жұмыс жүргізеді. Қонақ үйде 5 стандартты номер жабдықталған. Жылына 50 адамға қызмет көрсетіледі. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны -3. 

  «Алматы облысында туризмді дамытудың Мастер-жоспарының және оны жүзеге асыру бойынша 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы» №557 қаулысында белгіленген  іс-шараларға байланысты, 2015 жылы 22-24 сәуір аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» кешенінде «Туризм және Саяхат 2015 KITF» атты қазақстандық халықаралық туристік көрмеге Ащыбулақ ауылдық округінен қол өнер шебері Ж.Даулетова қатысып марапатталды.

     Спорттық шеберлікті дамыту мен туризмді насихаттау мақсатында 2015 жылғы 23-27 қыркүйек аралығында Текелі қаласында Бүкіләлемдік Туризм күніне сәйкес өткізілген байқауда «Альпийская роза» клубының мүшелері «Туризм теориясы» сайысында Хомченко Роман І орын, «Скальная» дистанциясы, «Қорғау жұмыстарынан» – ІІІ орындарға ие болды. Жалпы спорттық сынақта Алматы облысы бойынша ІІІ орын алып, дипломмен марапатталды.

 2015 жылғы 04-11 қазан аралығында спорттық туризм бойынша, Сочи қаласында өткен халықаралық жарыста «Альпийская роза» клубының мүшелері Алматы облысының атынан қатысып І орынға ие болып, Халықаралық спорт туризм Федерациясының мақтау қағазымен марапатталды. Аталған клуб жастар мен жасөспірімдерді тау туризміне баулу, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, дені сау қоғам қалыптастырудағы жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Бөлімде туризм саласын дамытуға каржы бөлінбеген, сол себепті  аталған клуб мүшелерінің жарыстарға баруына ықпал етіп, қолдау жасап отырған Чапай ауылдық округінің әкім аппаратының жұмысын атап өтуге тұрады.

  Ауданның мектеп оқушылары «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициясына жыл сайын қатысып отырады. экспедицияға қатысатын оқушы саны 21 766.

Экспедицияның негізгі мақсаты – аудандағы тарихи-мәдени орындармен танысу, туған өлке тарихы мен табиғатына деген қызығушылықты ояту, жастардың ішкі туризм бағыты бойынша білімін арттыру. Экспедиция мүшелері аудандағы Өтеген батыр кентіндегі «Әлмерек абыз» кесенесіне, «Үш ұрпақ», «Ауған соғысында шейіт болған жауынгерлерге», Байсерке ауылындағы «Ұлы Отан соғысында қаза болған отандастар рухына», Қараой ауылындағы «Алғашқы тың игерушілеріне», Ақши ауылындағы «Тоқаш Бокинге» арналған ескерткіштерге саяхат жасалды.

2015 жылдың 23 қазан күні Іле ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында туризм саласы бойынша «Экспо-2017 турөнімдерінің портфолиосы» тақырыбында АҚ (Акционерлік қоғам) «Астана Экспо ұлттық компаниясының» ұйымдастырумен облыстық семинар өткізілді.

Семинарға АҚ «Астана Экспо ұлттық компания» басқарма басшысының кеңесшісі Р.Асанбаева, Алматы облысы туризм басқармасынының басшысы Ж.Алшымбаева және ауданның туризм саласының қызметкерлері катысып, «Экспо-2017 турөнімдерінің портфолиосы» тақырыбында ғылыми негізде маңызды ақпарат алды.    

2016 жылдың шілде айында Қапшағай қаласында «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық шеңберінде Әлеуметтік туризмды дамыту» тақырыбында семинар өтті. Семинарда 2016 жылы қазақстандық және шетелдік халықаралық көрмелерде облыстың туристік әлеуеті таныстырылып, елімізге визасыз кіруге рұқсат берілген  26 мемлекеттің туроператорлары мен журналистері үшін ақпарааттық турлар ұйымдастыру жайлы  айтылды.

         Семинарға Іле ауданы әкімінің орынбасары Д.Қ.Жүнісов, Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудан аумағындағы орналасқан туристік нысандар «Жетісу» қонақ үйі,   «Бархан» қонақ үйі, Байсерке ауылдық округіндегі «Дос», «Мереке» демалу-сауықтыру орталықтарының туристік бизнес өкілдері қатысты.

 2016 жылы Іле ауданының Өтеген батыр кенті аумағында Жансүгіров көшесінде №7 щитте туристік нысандарды жарнамалау мақсатында «Жетісу» Қайынды көл. EXCPO 2017» үгіт-насихат билборды орналастырылды.

   Туризмді дамыту мақсатында 2015 жылғы 26 тамыздағы Алматы облысының әкімі А.Баталовтың №393 қаулысын орындау мақсатында Облыстық туризм басқармасынан 600 дана фотоиллюстрациялық кітап алынып, бөлімде комиссия құрылып «Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен әкімшілік бөлім басшыларына, аудандық кітапханаға, 10 ауылдық\ кенттік округ әкімі аппаратының теңгеріміне ақысыз түрде 12 данадан фотоиллюстрациялық кітаптар таратылып берілді.

     Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 05-23\9023 хатына сәйкес өткен «WORKSHOP-ZHETYSU-2015» іс-шарасына Боролдай кентінде орналасқан «Жетісу» қонақ үйінің директоры Е.Кенжин, «Хикмет-тревел» туристік компаниясынан А.Дуйсенов қатысты.

2015 жылдың 06 қарашасында Алматы облыстық туризм басқармасы тарапынан ұйымдастырылған «Алматы облысында ішкі туризмді дамыту туралы» облыстық туристік форумның шенберінде өткен окыту семинар-практикумына бөлімнің бас маманы У.Жарқынбек қатысып сертификат алды.

     Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамының 57 қадамы бойынша «ТУРИСТІК КЛАСТЕРЛЕР ҚҰРУДА ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕСІ БАР» стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тартуда бөлімнің жоспары жасалып бекітілді. Онда «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту және кеңейтуде «НеоНомад» этнографиялық, экологиялық және мәдени орталығының  және «Ұлы Жібек жолы» маршруты бойынша экскурсиялық жобасын жүзеге асыруда  «ALMALY-TRAVEL» компаниясының өкілдеріне «Жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу ұсынылды. .

Бөлімнің туризм саласын дамытудағы басты мақсаты қазіргі заманға сай және бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құру.

Туризм саласындағы негізгі көрсеткіштерінің бірі, ол ақылы туристік қызмет көрсету, бұл бойынша ауданда мониторинг жүргізіліп отырады. Туризм саласы бойынша кәсіпкеркерлер ақпараты негізінде ақылы туристік қызмет көрсету, 2016 жылы 39 млн.теңгені құрап сырттан келушілер саны ішкі туризм бойынша 100 % құрды.