БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, волейболдан ерлер арасында
өткізілген Іле ауданының жазғы Чемпионатының Анықтамасы
 

 

2016 жылдың 22 шілде күні Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, волейболдан ерлер арасында Іле ауданының жазғы Чемпионаты өткізілді.  Жарысқа ауылдық, кенттік округтерінің құрама командаларынан 9 команда қатысты. Олар: Ащыбұлақ, Байсерке, Жетіген, Междуреченск, Өтеген батыр, КазЦИК, Күрті, Сәулет құрылыс, Аудан әкімдіггінің командалары.

Жарыс олимпиадалық ойын тәртібі бойынша өткізіліп, жарыс қорытындысы бойынша І орын Ащыбұлақ командасы, ІІ орын Аудан әкімдігі командасы, ІІІ орын Байсерке командасы ие болды. Бұл жарыста Ащыбұлақ командасының ойыншысы, команда капитаны Жамалбеков Даулетбай жарысқа белсене қатысып, «үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздары, медалдар және кубокпен марапатталды.