2016 жылдың
26 наурыз күні Өтеген батыр кентінде орналасқан №13 орта
мектеп спорт залында Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, волейболдан әйелдер
арасында Іле ауданының көктемгі Чемпионаты өткізілді.
Жарысқа 7 команда қатысты. Олар: Байсерке, Өтеген батыр,
Жетіген, Боралдай, КазЦИК, Междуреченск, Іле командалары.
Жарыс олимпиадалық ойын тәртібі бойынша өткізіп,
жарысымыздың қорытындысы бойынша І орын Байсерке, ІІ
орын Өтеген батыр, ІІІ орын Жетіген командасы ие болды.
Жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздары,
кубоктар және медальдармен марапатталды.
|