БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат  
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын республика көлемінде 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізу туралы міндеттерін орындау және салауатты өмір салтын насихаттау, аудан тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ауданымызда халық саны 189525 адам болса, оның ішінде спортпен шұғылданушылардаң саны 48400 жетті, яғни аудандағы жалпы халық санының 24,5% (облыстағы көрсеткіш - 24,5%) құрады.
Ауданымызда 290 спорттық нысан халыққа қызмет етеді, олар:
1 стадион, 47 спорт зал, оның 42-і мектептерде, 14 атыс орны, 1 спорттық ядро, 4 жүзу бассейні (3 ашық), 223 әр түрлі спорттық құрылымдар. Сондай-ақ, «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 36 спорт алаңы салынып, жұмыс істейді.
Аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде жалпы саны 1481 оқушы, 100 оқу тобы бар. Спорт мектебінде 50 жаттықтырушы мұғалім жұмыс жасайды: оның 18 штаттық, 32 қосымша жұмыс жасайды.
Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 14 түрі қамтылған.
Облыстық, республикалық жетістіктерді атап айтсақ;
2015 жылдың 19-22 қараша күндері аралығында Беларусь мемлекетінің астанасы Минск қаласында орналасқан «Минск-Арена» спорт кешенінде Таэквон-до ИТФ-тан өтетін Әлем Кубогіне Қазақстан құрама командасының мүшесі, ауданымыздың КазЦИК ауылдық округінің тұрғыны Құдайберген Қуаныш пен Боралдай ауылдық округінен шыққан Базарбай Бекжан қатысып келді.
2015 жылдың 22-25 қараша күндері аралығында Текелі қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, тоғызқұмалақтан Алматы облысының Чемпионаты өтті. Жарысқа ауданымыздың тоғызқұмалақ құрама командасы қатысып, командалық есеп қорытындысы бойынша І орынға ие болды. Ал, жекелей есеп қорытындысы бойынша атап айтсақ, 12 жас қыздар арасында Мәнжу Айжан І орын, 14 жас қыздар арасында Фазылова Аружан І орын, ардагерлер арасында Қылышбаев Ерболат І орынға ие болды.
2015 жылдың 24-29 желтоқсан күндері аралығында Қызылорда қаласында гандболдан қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Чемпионатқа ауданымыздың «Іле» гандбол қыздар командасы Алматы облысының атынан қатысқан болатын. Чемпионат қорытындысы бойынша «Іле» командасы ақтық ойында Қызыордалық «Сейхун» командасынан 32:30 есебімен басым түсіп Республика Чемпионы атағына қол жеткізді.
2016 жылдың 24-27 қаңтар күдері аралығында Талдықорған қаласында өткізілген Ересектер арасындағы қазақша күресте командалық есеп бойынша ІІ орынға ие болды Іле ауданы.
2016 жылдың 03-07 ақпан күндері аралығында Қаскелең қаласында волейболдан 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер қыздар арасында өткен Алматы облысының Чемпионатында Іле ауданы ІІІ орынға ие болды.
2016 жылдың 17-20 ақпан күндері аралығында Райымбек ауданының Сарыжаз ауылында шаңғымен жүгіруден Алматы облысының Чемпионаты өткізілді. Жарысқа ауданымыздың командасы қатысып, командалық есеп бойынша 10 орынға ие болды.