«КЕЛІСІЛДІ»
Іле ауданы әкімінің орынбасары
____________ Д. Жүнісов
|
«БЕКІТЕМІН»
Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
______________ Қ. Ортыбаев
«___» ______________ 2016 ж
|
І. Жарыстың мақсаты
- Футбол спорт ойынын мемлекеттік қызметкерлер арасында дамытып жетілдіру;
- Жалпы халықты спортқа тарту;
- Спортшылардың спорттық шеберліктерін және жан-жақты дайындықтарын арттыру;
- Салауатты өмір салтын насихаттау;
ІІ. Өткізілетін орны мен мерзімі
Шағын футбол жарысы 2016 жылдың 30 сәуір күні Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық БЖСМ спорт залында өткізіледі. Басталуы сағат 11:00 - де.
ІІІ. Жарысқа басшылық жасау
Жарысқа аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшылық жасайды.
Жарысты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бекіткен төрешілер алқасы жүргізеді.
ІV. Жарысқа қатысушылар мен жарысты өткізу тәртібі
Шағын футбол жарысына әр ауылдық округтердің мемлекеттік қызметкерлері арасынан құралған командалары қатысады. Әр команда спортшыларының дәрігерден өткен тапсырыс құжаттары, жеке куәлігі және командалардың біріңғай спорттық формалары болулары тиіс.
V. Тапсырыс беру тәртібі:
Тапсырыс 29 сәуірге дейін аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне тапсырылуы тиіс. (байланыс тел 2-30-53 аудандық спорт бөлімі).
VІ. Марапаттау:
Жеңіске жеткен командалар мақтау кағаздары, кубоктар және сыйлықтармен марапатталады.
|