Қазақстан Республикасы дамуының Стратегиялық жоспарында Президент 2020 жылға дейін республикамызда дене шынықтырумен шұғылданатын халықтың пайыздық көрсеткіш деңгейі 30%-ға жету туралы нақты тапсырды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Халқына арналған Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, халықтың спортқа қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Іле ауданы көлемінде спорттық іс-шаралар өткізілуде. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу бұқаралық сипатқа ие болып келе жатыр. Қазіргі кезеңде спорт саласында 275 дене шынықтыру кадрлары жұмыс жасайды, олардың ішінде 229-і жалпы білім беру мекемелерінде. 275 маманның 247-і жоғары білімді, 28-сі арнаулы-орта білімді. Қайта даярлау курстарынан 123 маман өтті. 2014 жылдан бастап ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында 10 елді мекенде 10 спорт нұсқаушы жұмыс жасайды. 10 ауылдық округтерде спорттық іс-шаралар ауылдық округ әкімдері, спорт нұсқаушылары және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері ұйымдастырып өткізеді. Әр ауылдық округтердің спорттық «волейбол», «футбол», «баскетбол», «тоғызқұмалақ», «шахмат», «дойбы», «Қазақша күрес» командалары жолдастық, округаралық жарыстар мен кездесулер жоспарлы түрде өткізуде. Ауданда 10 аулалық клубтар бар. Олар: «Дидар», «Әсем-ай», «Болашақ», «Еламан», «Жастолқын», «Үміт», «Юность», «Арман», «Балауса», «Жұлдыз». Жаз айларында аулалық клубтар арасында спорттык жарыстар өткізу дәстүрге айналған. Аудан мектептерінде волейбол, баскетбол, футбол, бокс, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, шаңғы спортынан (Жаңаталап ауылы, №25 орта мектеп базасында) және жағажай волейболы спорт түрлерінен үйірмелер ұйымдастырылған. Аудан тұрғындары мен жастары кешкі бос уақыттарында ауданның орта мектептеріндегі спорттық үйірмелерге қатысып, спортпен айналысады. Ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту және дене тәрбиесімен шұғылданатын тұрғындар санын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2016 жылдың 6 айында жалпы 54 іс-шара өткізіліп, қазіргі таңда Аудан бойынша жүйелі түрде спортпен айналысушылар саны 48412 адамды құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 12 адамға артып, Іле ауданының жалпы халық санының 25,3% құрап отыр. 2016 жылы – 11,409 млн. теңге қаржы бөлініп, оның ішінде аудандық жарыстарды өткізуге 602 мың теңге, облыстық жарыстарға қатысу үшін 3,703 мың теңге бөлінді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1,3 млн. мың теңгеге қысқарды. 2016 жылыдың 6 айында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің есебінен аудан спортшылары 14 облыстық жарысқа қатысып, оның 7-де жүлделі орынға ие болды. Ауданымызда 290 спорттық нысан халыққа қызмет етеді. Олар: 1 стадион, 47 спорт зал, оның 42-і мектептерде, 14 атыс орны, 1 спорттық ядро, 4 жүзу бассейні (3 ашық), 223 әр түрлі спорттық құрылымдар. Сондай-ақ, «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 36 спорт алаңы салынып, жұмыс істейді. Аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде жалпы саны 1481 оқушы, 100 оқу тобы бар. Спорт мектебінде 50 жаттықтырушы мұғалім жұмыс жасайды: оның 18 штаттық, 32 қосымша жұмыс жасайды. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 14 түрі қамтылған. Олар: қазақ күресі, самбо, дзюдо, бокс, футбол, гандбол, грек-рим күресі, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, таэквондо, каноэ және байдаркада есу. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде 19 спортшыға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде «Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен» 2 жаттықтырушыға «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы» разряды, «Іле» қәсіпқой гандбол қыздар клубының 17 спортшысына «Екінші жасөспірімдік-разрядты спортшы» разряды берілді. 2016 жылдың 6 айында «Іле» қәсіпқой гандбол қыздар клубының 6 спортшысына «Екінші жасөспірімдік-разрядты спортшы» спорттық разряд берілді. 2016 жылдың 6 айында аудан аумағында 54 жарыс өткізілді. Мереке күндеріне футбол, баскетбол, волейбол, шахмат, дойбы, гір көтеру, арқан тарту, қазақ күресі, еркін және грек-рим күресінен, басқада спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. 10 ауылдық округтерде спорттық іс-шаралар ауылдық округ әкімдерімен, спорт нұсқаушылары және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерімен ұйымдастырылып келеді. Әр ауылдық округтердің волейбол, футбол, баскетбол және т.б. командалары бір-бірімен жарыстар мен кездесулерді жиі өткізіп отырады. Ауданның құрама командалары облыстық деңгейде волейболдан, футболдан, баскетболдан, стритбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, грек-рим және еркін күрестен, шаңғыдан өткізілген жарыстарға үнемі қатысуда. Атап айтқанда 2016 жылдың 24-27 қаңтар күдері аралығында Талдықорған қаласында өткізілген ересектер арасындағы қазақша күресте Іле ауданы командасы командалық есеп бойынша ІІ орын, 2016 жылдың 10-14 ақпан күндері аралығында Қаскелең қаласында волейболдан 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер қыздар арасында өткен Алматы облысының Чемпионатында Іле ауданы командасы ІІІ орын, 2016 жылдың 15-19 сәуір күндері аралығында стритболдан Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында өткен Алматы облысы чемпионатында аудан командасы ІІІ орын, 2016 жылдың 08-12 маусым күндері аралығында Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында волейболдан 1999-2000, 2001-2002, 2003-2004 ж.ж. туылған қыздар арасында Алматы облысының жазғы Чемпионатында ауданымыздың қыздар командасы ІІІ орынға ие болды. Ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту және дене тәрбиесімен шұғылданатын тұрғындар санын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2016 жылдың 6 айында төмендегідей іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, волейболдан 1999-2000, 2001-2002, 2003-2004 ж.ж. туылған ұлдар, қыздар арасында Іле ауданының қысқы Чемпионаты, аудан тұрғындары арасында шаңғымен жүгіруден аудан біріншілігі, 50 жастан асқан ардагерлер арасында аудан аралық волейболдан жарысы, аудан тұрғындары арасында баскетболдан аудандық жарысы, аудан мекемелері арасында шағын футбол жарысы, волейболдан ерлер арасында Іле ауданының көктемгі Чемпионаты, 22 наурыз Ұлыстың Ұлы Күні» мерекесіне орай, аудан тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерінен аудандық жарысы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып Іле ауданы әкімінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Іле бөрісі» аудандық іріктеу турнирі, 1 Мамыр –Бірлік күні мерекесіне орай, Іле ауданыынң 50 жастан асқан ардагерлер арасында волейболдан Іле ауданының ашық біріншілігі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футбол жарысы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, мемлекеттік қызметкерлер арасында үстел теннисі, Іле ауданының мемлекеттік қызметкерлері арасындағы ІХ жазғы спартакиадасы өткізілді. Дене шынықтыру мен спортты насихаттауда әдіскер-нұсқаушылармен семинар-кеңестер өткізіліп тұрады. Осы іс-шара барысында алдағы уақытта әдіскер-нұсқаушылардың атқаратын жұмыстарына бағыт-бағдар беріліп, оның ішінде ауылдық округ бойынша спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың санын арттыру жайлы нақты тапсырма беріліп, спорттың бұқаралығын арттыру, ұлттық спорт түрлері бойынша мәселелер қаралып, өткізілетін жарыстардың ережелері таратылды. Сонымен қатар, Президенттік тестілдеуін қабылдау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2016 жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қысқы Президенттік тест тапсыру айлығына ауылдық округтер бойынша кестелер дайындалып, аудан ұжымдары мен аудан мектептерде кесте бойынша өткізу жоспары таратылып, тест қабылданды. 2016 жылы Қысқы Президенттік тесті тапсыруға ауданның 7,1 % тұрғындары қатысты, ол сандық көрсеткіш бойынша 13227 адам құрайды, 2015 (11868 адам) жылмен салыстырғанда (1359) адамға артып отыр. 2016 жылдың сәуір-мамыр аралығында Жазғы президенттік тест тапсыру айлығына ауылдық округтер бойынша кестелер дайындалып, аудан ұжымдары мен аудан мектептерде кесте бойынша өткізу жоспары таратылып, тест қабылданды. 2016 жылы Жазғы Президенттік тесті тапсыруға ауданның 7,6 % тұрғындары қатысты, ол сандық көрсеткіш бойынша 14468 адам құрады. Биылғы жылы облыстық бекітілген рейтингтік жарысының тізбесіне қарай аудандық рейтингік жарыстар тізбесі бекітіліп ауылдық округтерге таратылды. Жыл соңында осы жарыстар тізбесіне қарай рейтинг шығарылады. Бұқаралық спортты дамыту, халықтың спортқа қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2016 жылдың алдағы 6 айында 25 іс - шара жоспарға сәйкес өткізіледі. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Волейбодан ерлер мен әйелдер арасында аудан чемпионаты, Тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында аудан чемпионаты, Аудан тұрғындары арасында «Спорт күні» мерекесіне арналған жеңіл атлетикадан аудандық жарысы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, аудан әкімдіктері қызметкерлерінің арасында шағын футболдан аудан әкімінің кубогі, Аудан тұрғындар арасында «ҚР Конституция күні» мерекесіне арналған шағын футбол жарысы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 50 жастан асқан аудан тұрғындары арасында «Еңбек күні» мерекесіне арналған волейбол жарысы, «Қарттар күні мерекесіне» арналған ардагерлер арасында шахматтан аудандық жарысы, Қазақ күресінен 1998-1999 ж.т. жасөспірімдер арасында «Райымбек батыр Хангелді ұлын» еске алуға арналған Републикалық турнирі, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Мүмкіндегі шектеулі жандар күні» мерекесіне арналған аудандық шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы жарысы, Аудан мекемелері арасында аудандық шағын футбол жарысы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, аудан тұрғындары арасында бильярд жарысы т.б. жарыстар. Алдағы міндеттер 1. Спорт инфрақұрылымның қолжетімділігінің дамыту және «Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің» санын ұлғайту 2. Материалдық-техникалық базаны нығайту - инвентарьмен қамтамасыз ету және спорттық жабдықтармен жарақтандыру 3. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту 4. Дене шынықтырумен және спортпен белсенді шұғылданатын тұрғындардың санын арттыру 5.Жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі даярлығы клубтарын құру және спортпен шұғылдану бойынша сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру. Туризм: Іле ауданында туризм индустриясын дамытуда инфраструктуралық нысандар саны – 7 Оның ішінде: Сумен емдеу орталығы -1 «Пишон» сумен емдеу орталығы (жетекшісі Ким Елена) Өтеген батыр кентінде 2007 жылдан бастап жұмыс жүргізеді. Жыл бойы қызмет көрсетіп, айына 50 адам қабылдайды. Негізгі қызмет көрсету бағыты – денсаулықты нығайту, тері, буын, гинекологиялық ауруларды емдеу, алдын алу. Мекемеде 9 адам жұмыс істейді. Аквапарктер саны - 3 Байсерке ауылдық округінде орналасқан, олар «Дос» (жетекшісі Тагиев Гейдар), «Мереке» (жетекшісі Болысбаев Бақыт) және «Аль Каср» демалу-сауықтыру орталықтары. 3 аквапарк жылдың жаз мезгілдерінде күніне орта есеппен 100-200 адамға қызмет көрсетеді. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны – 36. Атаулы аквапарктер Аудан халқының денсаулығын нығайтуда және жазғы демалысын ұйымдастыруда сапалы қызмет көрсетеді. - «Хикмет Тревел» туристік фирмасы - 1. «Хикмет Тревел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылы құрылған. Туристік фирмада 11 адам қызмет атқарады. Атаулы фирма мақсаты: Қажылыққа апару туристік маршрутымен қызмет жүргізеді. Қонақ үй нысандары - 3 «Бархан» (110адам), «Жетісу» (40адам), «Ұлар» (10)қонақ үйлер кешені Қоянқұс ауылы, Боралдай кенті мен Өтеген батыр кентінде қызмет көрсетеді. Атаулы қонақ үйлер күніне 150 адам қабылдап, 40 адам жұмыспен қамтылған. Ауданда жастар арасында спорттық шеберлікті дамыту мен туризмді насихаттау мақсатында «Альпийская роза» жасөспірім-туристік. спорттық клубы жұмыс істейді. (Жетекшісі Сапронов Константин) Аталған клубтың жастар мен жасөспірімдерді тау туризміне баулу, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеудегі, дені сау қоғам қалыптастырудағы жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылған.Туристік клубындағы жасөспірімдер жүйелі түрде облыстық және республикалық жарыстарға қатысып. жүлделі орындарға ие. Алматы облысының аумағында «Ұлы Дала Елі» («Моя Родина- Казахстан») 2016 жылдың 01 маусымынан шілде айының аяғына дейін өтетін, экспедициясының облыстық кезеңіне «Альпийская роза» командасының 20 мүшесі қатысуда. Жоспарға сәйкес этно-ауылдарды дамыту мақсатымен Қарой ауылында «НеоНомад» этнографиялық, экологиялық және мәдени орталығы жұмыс жасайды. (Жетекшісі Артықбаев Асылхан) «НеоНомад» орталығы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ата-бабамыздан қалған ұлттық саятшылықты, аңшылықты, атқа отыруды үйрету, туризмнің демалу түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізуді мақсат етіп қойған. Туризм мен демалу индустриясының жаңа технологиялық сервистік қызмет көрсету нысаналарын, этно-ауылдар жасауды іске қосуда «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту жұмыстары ұйымдастырылуда. Болашақта Іле ауданында қазақ даласын мекендейтін әр ұлттың тыныс-тіршілігі мен болмыс-бітімін бейнелейтін этноауыл жобасы іске асады. Осы мақсатта Байсерке ауылдық округінен 12.000 - га жер бөлініп, этноауыл нысандары салу жоспарланып, инвесторлар тартылуда. Бұл жоба аясында салауатты өмір салтын жақсартып, халықтың серуендеп, қыдыратын бірден-бір демалыс орнына айналады. Туризм саласындағы негізгі көрсеткіштерінің бірі, ол ақылы туристік қызмет көрсету, бұл бойынша ауданда мониторинг жүргізіліп отырады. Туризм саласы бойынша ақылы туристік қызмет көрсету мониторингісіне тоқталсам, ақылы туристік қызмет көрсету 2013 жылы 28,5 млн.теңге, 2014 жылы 33,0 млн.теңге болса, 2015 жылы 39 млн.теңгені құрады. Ішкі туризм бойынша келушілер саны 2011 жылдан 2014 жылға дейін 5 мыңнан – 8 мыңға дейін болса үстіміздегі жылы 10000-ға жетсе, сырттан келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша 18 пайызға артты. Алматы облысының әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Алматы облысында туризмді дамыту мастер жоспарының және оны іске асыру жөніндегі 2014-2018 жылдарға іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы» №557 қаулысы белгіленген іс-шараларға байланысты Алматы облысында туризмді дамытудың Мастер- жоспарының 2016 жылы Іле ауданында орындалуы бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, тиісті жұмыс ұйымдастырылуда. 15.04.2015 жылы «Қ Р жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару» Заңына сәйкес, аудан бойынша туризмді дамытудың Мастер-жоспарының орындалуын қамтамассыз ету үшін құрылған жұмыс тобының отырысы өткізілді. Алматы облысының әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Алматы облысында туризмді дамыту мастер жоспарының және оны іске асыру жөніндегі 2014-2018 жылдарға іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы» №557 қаулысында белгіленген іс-шаралар таныстырылды және оны орындау мақсатында туризмді дамытуда Іле ауданының Мастер-жоспарының іс шарасы жасалып алдағы уақытта халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге, іс-шараларға қатысу жоспарланды. Аудандағы туристік нысандарды статистикалық есепке алу жұмыстарында кеткен кемшілікті жою мақсатында жергілікті статистикалық және кірістер бөлімдерімен бірлесіп жұмыс жүргізілуде Алдағы міндеттер 1. Спорт инфрақұрылымның қолжетімділігінің дамыту және «Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің» санын ұлғайту 2. Материалдық-техникалық базаны нығайту - инвентарьмен қамтамасыз ету және спорттық жабдықтармен жарақтандыру 3.Мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту 4.Дене шынықтырумен және спортпен белсенді шұғылданатын тұрғындардың үлесін арттыру 5.Жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі даярлығы клубтарын құру және спортпен шұғылдану бойынша сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру. 6. Ауданда « Балалар туризмі және экскурсия орталығын» ашуға және «НеоНомад» этнографиялық, экологиялық, мәдени орталығының жұмысын дамытуға байланысты қаржы мәселесін қарастыру. 7. Жергілікті тұрғындардың туризмді дамытуға қызығушылықтарын арттыру
|